Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет102/179
Дата22.12.2023
өлшемі5,26 Mb.
#142802
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   179
Байланысты:
Каз.Морозова Электротехника и электроника

11.6.
 
ТИРИСТОРЛАР 
 
XX ғасырдың 50-жылдардың соңында тиристорлардың алғашқы 
өнеркəсіптік үлгілері пайда болды. Қазіргі уақытта бұл аспаптар 
кеңінен қолданылады. 


175 
Тиристор 
деп үш не одан да көп 
р
—n-ауысулары бар, ауысу үшін 
пайдаланылатын, вольт-ампер сипаттамасында теріс дифференциалды 
кедергісі аумағы бар электр түрлендіргіш жартылай өткізгіш аспапты 
айтады. 
Тиристорлардың 
артықшылықтары: 
салмағы 
мен 
жалпы 
өлшемдердің аздығы, ұзақ қызмет ету мерзімі, жоғары ПӘК, дірілдеуге 
жəне механикалық жүктемелерге сезімталдығының аздығы, төмен 
(тура) жəне жоғары (кері) кернеулерде, сондай-ақ өте үлкен тоқтарда 
жұмыс істеу қабілеті. 
Автоматикада, электроникада жəне энергетикада əртүрлі 
қолдануды қамтамасыз ететін тиристорлардың негізгі қасиеті - бұл екі 
тұрақты күйде болуы мүмкіндігі: жабық жəне ашық. 
Жабық күйінде тиристордың кедергісі ондаған миллион ом
құрайды жəне ол 1000 В дейінгі кернеуде тоқты өткізбейді дерлік; 
ашық күйінде тиристордың кедергісі біршама ғана. Ондағы кернеудің 
төмендеуі ондаған жəне жүздеген ампер тоғы кезіне шамамен 1 В 
құрайды. Тиристордың бір күйден екіншісіне ауысуы өте қысқа 
мерзімде, тіпті секіріп өтеді. Басқарылатын жəне басқарылмайтын 
тиристорларды (тринисторлар мен динисторлар) деп бөлінеді. 
Ең қарапайым тиристор 
динистор 
болып табылады — 
р

п

р—п 
типті, төрт қабатты құрылым құрайтын, басқарылмайтын ауыстырып 
қосқыш диод (11.10-сурет). Динистордың бір күйден екіншісіне
ауысуы шығыстардағы кернеудің мəнінің немесе полярлығының өзгеру 
жолымен жүзеге асырылады. 
Тиристорлардың басқа түрлерінде сияқты мұнда шеткі 
р
—n- 
ауысулар 
эмиттерлік, 
ал орташа 
р
—n-ауысу — 
коллекторлық 
деп 
аталады. Ауысулар арасында жатқан құрылымның ішкі аймақтары 
базалар 
деп аталады. Сыртқы n-аймақпен электр байланысын 
қамтамасыз ететін электрод 
катод, 
сыртқы р-аймақпен — 
анод 
деп 
аталады. 
Динисторды 11.10-суретте көрсетілген схема бойынша қосқан кезде 
коллекторлық 
р
—n-ауысу жабық, ал эмиттерлік ауысулар ашық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет