Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет54/179
Дата22.12.2023
өлшемі5,26 Mb.
#142802
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   179
Байланысты:
Каз.Морозова Электротехника и электроника

Кернеу 
және 
тоқтың 
өлшеу 
трансформаторлары
.
Ауыспалы тоқ тізбектерінде жиі кернеу жəне тоқтың өлшеу 
трансформаторлары қолданылады, олардың көмегімен үлкен 
кернеулер 
мен 
тоқтар 
өлшенеді. 
Одан 
басқа, 
өлшеу 
трансформаторлары электрлі өлшеу аспаптарын жоғары кернеу 
тізбегінен 
оқшаулауға 
жəне 
солайша 
қызмет 
көрсетуші 
қызметкерлерге қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, 
аспаптардың өлшеу шектерін кеңейту үшін пайдаланылады. Олар 
өлшеу құрылғыларының өлшемі мен салмағын азайтуға мүмкіндік 
береді. 
Кернеу трансформаторлары (5.7 сур.) вольтметрлерді, жиілік 
өлшеуіштерді жəне басқа өлшеу аспаптарының (ваттметрлер, 
есептеуіштер, фазометрлар) кернеу тізбектері мен стандартты 
аспаптармен жұмыс істеуге есептелген релелерді 100 В кернеуге 
қосу үшін қолданылады; оларды ондаған киловольтке жететін 
бастапқы кернеудің əр түрлі мəндеріне шығарады. 


93 
5.7-сурет. 
Кернеудің өлшеуіш 
трансформаторы 
а - қосылу схемасы; б — шартты 
белгіленуі 
5.8-сурет. 
Тоқтың өлшеуіш 
трансформаторы: 
а - қосылу схемасы; б — шартты 
белгіленуі 
Тоқ трансформаторлары (5.8 сур.) амперметрлерді жəне өлшеу 
аспаптарының тоқ тізбектері мен стандартты аспаптармен жұмыс 
істеуге есептелген релелерді 1; 2; 3,5; 5 Атоққа қосу үшін 
қолданылады. 
Кернеу трансформаторы ферромагнитті магнит сымында 
бастапқы жəне қосымша орамдар орналастырылған, қуат аз екі 
орамды төмендетуші күштік трансформаторға ұқсас. 
Оның бастапқы орамы – 
w

айналымдар саны көп жоғары 
кернеу орамы 
U

кернеуін өлшеу қажетті тізбекке қосылады, ал 
W

айналымдар саны айтарлықтай аз қосымша орамға – U

төмен
кернеу орамына – бір біріне параллель вольтметр мен басқа 
аспаптардың кернеу тізбектері қосылады. 
Әдетте 
W1 
жəне 
W2 
орамдары шоғырлас болады: күштік 
трансформаторлардағыдай, жоғары кернеу орамы төмен кернеу 
орамын айналдырады. 
Вольметр мен өлшеу аспаптарының кернеу тізбектерінің 
кедергісі салыстырмалы үлкен (мыңдаған ом шамасында), себебі 
кернеу трансформаторы күштік трансформатордың бос жүріс 
режиміне жақын жағдайларда жұмыс істейді. Сондықтан 
трансформатордың бастапқы жəне қосымша орамдарындағы 
кернеудің түсуі өте аз. Қосымша кернеу U


U
2

бастапқы тұрақты 
қатынасқа байланысты. Демек, U

төмен кернеуді өлшеп, U

бастапқы жоғары кернеуді анықтауға болады. 
Тоқ трансформаторы бастапқы орам жағынан амперметр 
тəрізді қосылады, яғни, бақыланатын объектімен ретті, ал қосымша 


94 
орам тікелей амперметрге жəне басқа өлшеу аспаптарының тоқ 
тізбектеріне тұйықталады. Қауіпсіздік техникасының ережелеріне 
сай, трансформатордың қосымша орамын жерге тұйықтайды. 
Амперметр мен басқа өлшеу аспаптарының тоқ тізбектерінің 
жиынтық кедергісі аз (əдетте 2 Омнан аз), сондықтан тоқ 
трансформаторы 
трансформатордың 
қысқа 
тұйықталуы 
жағдайларына жақын жағдайларда жұмыс істейді. Қосымша орам 
кернеуі өлшеу аспаптары тізбектерінің жəне жалғастырғыш 
сымдардың салыстырмалы шағын кедергісінде кернеудің түсуімен 
анықталады (əдетте 1...12 В). 
Бастапқы тоқ қосымша тоқты тұрақты трансформация 
коэффициентіне көбейту арқылы анықтала алады: 
I

= I
2
к
. Солайша, 
тоқ трансформаторын қосу жоғары кернеу тізбектеріндегі тоқты 
қауіпсіздік шараларын орындаумен, шағын тоқты өлшеу негізінде 
анықтауға мүмкіндік береді. 
Тоқ трансформаторы жиі кернеуі 1000 В төмен 
қондырғыларда үлкен тоқтарды өлшеу үшін қолданылады. 
Дəлділік талаптарынан басқа тоқ трансформаторына жиі қысқа 
тұйықталуларға қатысты тұрақтылық талаптары да қойылады, себебі 
тоқ трансформаторының бастапқы орамы қысқа тұйықталу болуы 
мүмкін тізбекте орналасқан жəне тоқ трансформаторы арқылы қысқа 
тұйықталу жағдайында қондырғыны сөндіретін қорғау аппараттары 
(реле) қосылады. Демек, тоқ трансформаторы (қысқа уақыт) қысқа 
тұйықталу тоғына төзуі жəне апаттық аумақты сөндіретін қорғау 
аппаратына əсер етуі тиіс. 
Тоқ жəне кернеу трансформаторларын өлшеу аспаптарымен 
дұрыс жалғау үшін, трансформаторлардың сыртқа шығаруының 
белгілерін басшылыққа алу қажет. Кернеу трансформаторының 
сыртқа шығару өткізгіштері күштік трансформаторлардың сыртқы 
шығару өткізгіштері тəрізді белгіленеді; тоқ трансформаторларының 
бастапқы орамының басы мен соңы сəйкесінше Л

жəне Л

(желі), ал 
қосымша орам басы мен соңы – И

жəне И

(өлшеу аспабы) ретінде 
белгіленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет