8. Орындаушы Тапсырыс беруші/
б
ілім алушы үшін Ақпараттық қызметтерде қамтылған
ақпараттың практикалық қолданылуы мен құндылығы үшін, ақпаратты практикалық
қолданумен байланысты қандай да бір нəтижелерге қол жеткізгені үшін жауапты болмайды.
Ақпараттық қызметтерде қамтылған кез келген ұсынымдарды Тапсырыс беруші өз тəуекеліне
жүзеге асырады.
9. Тапсырыс беруші/білім алушы грант немесе стипендия алу мүмкін болмаған жағдайда
Орындаушыға, оның қызметкерлеріне немесе өкілдеріне наразылық білдірмеуге келіседі,
өйткені Тапсырыс беруші / білім алушы Орындаушының Қазақстан Республикасы Жоғары оқу
орындарының білім беру бағдарламаларына, стипендияларына немесе қаржылық көмектің басқа
түрлеріне қатысу үшін грант алуға 100% кепілдік бермейтінін мойындайды жəне келіседі.
10. Осы тармақта Тараптар Шарттың толық оқылғанын растайды, жасалған шарттың құқықтары,
міндеттері, мағынасы, мəні мен құқықтық салдары түсінікті жəне Тараптардың нақты
мақсаттары мен ниеттеріне сəйкес.
11. Тараптар өз еркімен əрекет ететіндігін, құқықтық қабілеттілігінен айырылмағандығын, қол
қойылған Шарттың мəнін түсінуге кедергі келтіретін аурулардан зардап шекпейтіндігін,
сондай-ақ осы мəмілені өздері үшін өте қолайсыз жағдайларда жасауға мəжбүр ететін мəн-
жайлар жоқ деп мəлімдейді.
8. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 1. Орындаушы міндетті:
1.1. Осы Шарттың талаптарына сəйкес сапалы, тиісті түрде, толық көлемде қызмет көрсету;
1.2. Қызметтер үшін төлем төлегеннен кейін Тапсырыс берушіге/білім алушыға Орындаушы
платформасында қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
1.3. сыпайы, ұстамды, тəртіпті болуға, Telegram, WhatsApp чатында/ тобында өзара құрмет пен
бағыныстылықты сақтауға міндетті;