Шығармашылық белсенділікке негізделген
проблеманы шешу әдісі, онда пікірталасқа
қатысушыларға мүмкіндігінше көп шешімдерді айтуға ұсынылады. Содан кейін,
идеялардың жалпы санынан практикада қолдануға болатын ең сәтті ұсыныс таңдалады.
7-мысал.
Сабақтың тақырыбы - «Интернетте жұмыс
істегенде қауіпсіздікті
қамтамасыз ету» 1-ші сынып.
«Пікірталас»
әдісі
Интернеттен ақпаратты пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
үшін оқушыларға алдын-ала тақырыптар тізімі ұсынылады. Сабақта талқылау үшін негізгі
мәселе - ақпаратты Интернеттен алудың артықшылығы мен кемшіліктері. Сабақ
оқушылардың дайындаған хабарларды талқылаудан басталады. Сынып үш топқа бөлінеді.
Бірінші топ, интернетте барлық ақпарат сенімді және пайдалы екенін қолдайды, екінші топ
– оларға қарсы ұғымды ұстанады, үшінші топ - тәуелсіз әділ қазылар. Біріншісі Интернет
желісіндегі барлық ақпараттың
сенімді және пайдалы екендігін, екіншісі кемшіліктерді
көрсететін дәлелдер келтіреді. Әділ қазылар міндеті -
соңғы шешімді қабылдау және
талқылау.
Бұл әдіс оқушыларға фактілерді білуге негізделген тәуелсіз, сыни ойлауды үйретуге
мүмкіндік береді. Оқушылар дәлелді қорытынды жасайды, тәуелсіз негізделген шешімдер
қабылдайды, топта жұмыс істеуге үйренеді, түрлі әлеуметтік рөлдерді атқарады.
Сабақта белсенді оқыту әдістерін қолдану нәтижесінде оқушылар зерттелетін
материалдардың мәнін түсінеді,
проблемалық мәселелерді шешеді, сабақтың белсенді
қатысушылары болады.
Достарыңызбен бөлісу: