қалыптастыру - тәжірибе жүзінде құндылықтар жүйесін белгілеу, қалыптастыру және
бекіту; »
ынталандыру — оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді түрде алға ілгерілеуі
үшін қолайлы жағдай жасау;
уәждеу - оқушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны
ояту.
Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері: оқу
мақсаттарын,
бағалау
критерийлерін анықтау, білім алушыларға ұсыну; оқушының қай деңгейге жеткенін
дәлелдеуте көмектесетін бірлескен (коллаборативті) оқытуға арналған орта кұру;
оқушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті) кері байланысты
қамтамасыз ету; оқушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;
оқушыларға өзінің оқуын «құрушы/жасаушы» ретінде жағдай жасау болып табылады.
Тиімді оқыту және оқу мақсатында оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін олардың
оқу мақсаттарына жеткендігінің немесе алға ілгерілеуінің деңгейі қадағалануы тиіс.
Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді
жүзеге асыруды талап етеді: қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
қатыптастырушы бағалау әдістерін таңдау; қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;
кері байланыс беру.
Жиынтық (суммативті), оқуды бағалау әдісі. Оқуды бағалаудың мақсаты , керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін
жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға
бағытталмаған, оның үстіне ұлттық бірыңғай тестілеу сияқты маңызды мәні бар тестілеу
оқу үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының
жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол
жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай
қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке
«
сәйкес/сәйкес емес » деген нысанда жасалады. Олар әдетте критерийлер мен
стандарттардың символдық белгілері түрінде келеді.
Мұндай қысқа, кейде түсініксіз түрде ұсынылатын ұғым ата-аналар, кей жағдайда
мұғалімді ауыстыруға келген жаңа мұғалім, жергілікті және ұлттық деңгейде мектептің
білім беру қызметін бақылайтын уәкілетті органдар сияқты адамдарға есеп беруге қолайлы
болады. Осылайша, бағалау барысында жиналған бұндай ақпарат түрлері негізінен есеп
беру, іріктеу және бақылау үшін қолданылады.
Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын
тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау