қолдану. Сөз сұлулығы оның сонылығында. Бұған жеткізетін жол –
көркем деталь. Сөз өнеріндегі сұлу нәрсе – қайталанбас сұлулық.
Деталь – бөлшек, өнердегі деталь – бүтіннің кішкене бөлшектерінің
бірі, егжей-тегжейі, жеке нәрсесі. Әдебиеттегі деталь – суреткердің
шабытты еңбегінің нәтижесі. Мысалы,
Күпі киген қазақтың қара
өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын. Мұқағали.
Ә.Нүрпейісовтың «Қан мен теріндегі» Еламанның өз үйінің алдында
байлаулы тұрған бәйге күреңнің Ақбаланың ашынасы Тәңірбергендікі
екенін білгендегі күйі: «Сол сәтте әлдеқайдан сары қаншық жүгіріп
келіп, балық иісі шыққан киімін иіскеді. Онан сары қаншық мұп-
мұздай тұмсығымен бұның қолын жалап алды. Еламан бойын
жиып ала қойды!. « Аулына келген кісіге баласынан бұрын итін
мақтайтын Абыралы әулетінің ежелгі бір әдеті еді». Детальдың
тағы бір ерекшелігі – дәлдігінде. «»Талпақ танаудағы» «Сары атан
ойлай алса, әрине, атанша ойлар еді» деп, шошқаны суретеуі де
тұнып тұрған деталь.
Образ кең мағынасында – көркем бейне, қаһарман. Әдебиетте
адам бейнесін жасаудың негізгі амалы – жинақтау. Жинақтау үшін
суреткерге өмірлік материалдарды сұрыптау мен өңдеуі керек. «Абай
жолын» жазу үшін М.Әуезов жиырма жылдан аса уақыт материал
жинақтаған, артылып қалған материалдың өзі тағы екі-үш томдықтай
деген. Типтендіру – ақиқат өмірдегі тірі кісілерден әдеби
шығармадағы жанды бейне туғызудың аса қиын да күрделі процесі.
Жазушыға тип жасау үстінде керегі – прототип. Пушкиннің Онегині
де сол кездегі жастардың жиынтық бейнесі, С.Мұқановтың
Амантайы Амангелді Имановтың сұлбасы болса, «Талпақ
танаудағы» Есен қарт Қызылжардан Омбыға көшіп кетіпті, юморға
шыдамағандықтан. Әрбір әдеби тұлғаның өз ортасынан бөлек,
оқшаулайтын, өзіне ғана тән психологиялық ерекшелігі болуы керек.
Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан адам мінезін
даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жатады.
Мінез – адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай
қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық
ерекшеліктерінің жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: