белгілі бір даму үстінде көрінеді. Сондықтан болса керек, сюжет
дегеніміз, -дейді Горький,
- жалпы алғанда, адамдардың өзара
қарым-қатысы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы
көру, әр характердің,
типтің өсу, жасалу тарихы». Бұл –
классикалық анықтама. Мысалы «Шұғаның белгісі» шығармасының
сюжетін дәл осы анықтама тұрғысынан пайымдап қарасақ,
«Әбдірахман Шұғаға ғашық болады» деген фабулалық мәліметтің
мүлде жеткіліксіз екенін, демек, фабула тіпті де сюжет бола
алмайтынын аңғару қиын емес. Егер фабула «Әбдірахманның
Шұғаға ғашық болғанын «қысқа ғана хабарлап тұрса,
сюжет осы
ғашықтықтың құпия сырына, Әбдірахман мен Шұғаның өзара
қарым-қатысына, олардың жан дүниесіне, түрліше сезім
иірімдеріне, қимыл-әрекеттеріне, олар кездескен кедергілер мен
қайшылықтарға, олар түскен күрес-тартыстарға, осылар арқылы
қалыптасқан олардың адамдық
тағдырлары мен болмыстарына,
ақыр аяғында олардың әдеби қаһарман, типтік тұлға, қоғамдық
характер ретіндегі «өсу, жасалу тарихына» тереңдеп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: