нәрсесі бар екенін – шыбын мен музыка – екенін айтуды
жатқызамыз. Ғ.Мүсіреповтың «Этнографиялық әңгіме» туындысы да
осының тамаша мысалы бола алады.
Тип – күрделі дүние. Әдеби тип әрі әбден жинақталған,
сондықтан өзі сияқтылардың бәріне ұқсайтын жалпы тұлға, әрі
әбден дараланған, өзінен басқа ешкімге ұқсамайтын жалпы тұлға.
Тип мазмұны осы жалпы мен жалқының бірлігінен құралады. Әрбір
кейпкер бірнеше адамның жиынтығы, әрі қайталанбас дара тұлға.
Прототип
- әдеби шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға
негіз болатын, өмірдегі бар, түпкі, негізгі тұлға. Абай, Құнанбай,
Зере, Оразбайлардың бәрінің де прототипі бар. «Менің атым - Қожа»
повесіндегі Қожаның біраз мінез-құлығы автордың өзі қайталайды,
бірақ дәл өзі емес. Көркем шығармадағы жинақтау типке, даралау
мінездеуге әкеледі.
Тип-
реалистік бейне. Тип - әбден жинақталған, өзі
сияқтылардың бәріне ұқсайтын жалпы бейне, әрі әбден дараланған,
өзінен басқа ешкімге ұқсамайтын жалпы бейне.
Достарыңызбен бөлісу: