№1 дәріс: Әдебиет пен эстетика. Сөз өнері жайлы ұғым. Қарастырылатын сұрақтар



Pdf көрінісі
бет20/24
Дата23.12.2023
өлшемі261,19 Kb.
#143066
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
stud.kz-131279

Сұрақтар:
1. Әдебиеттің неше тегі бар?
2. Интертекст табиғатын, ұғымын ашыңыз
3.Б.Гаспаров пен И.Смирнованың интертекстуалдық мәселесіне
көзқарастары
4.«Цитата» термин ретінде қалай түсінідіріледі?
5.Көркем шығармада қандай реминисценциялар қолданылады?
№ 13
дәріс
№13дәріс: Өлең құрылысы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Өлең жүйесі
2. Қазақ өлеңінің құрылысы
3.Ұйқас түрлері
1
ФКазНПУ 0703-03-18(1) Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым


4. Қазіргі қазақ өлеңінің бағдары: ізденістер, жетістіктер
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әлем халықтарының поэзиясында 4 түрлі өлеңдік жүйе бар.
1. Оның он екі түрі –метрикалық өлең жүйесі. Бұл көне грек және
Еуропаның латын тілді әдебиетінде (поэзиясында), сондай-ақ араб,
парсы поэзиясында қолданылатын өлең жүйесі. Бұл өлең жүйесі
аталған халықтар, сондай-ақ араб, парсы тілдеріндегі дауысты
дыбыстардың созылыңқы және шұғыл айтылу ерекшелігіне
негізделеді. Көне Грекияда мәселен, ақындар өлеңдерін белгілі
әуезбен, әнмен айтқан. Бұл синкретизм, яғни музыка менлириканың
әлі ара жігі бөлінбей тұрған кезеңдегі ерекшелік.
2. Силлабо-тоникалық өлең жүйесі. Орыс және басқа да славян
халықтары поэзиясына тән. Мұнда әрі буын, әрі екпін маңызды рөл
атқарады. Былай айтқанда екпінді, екпінсіз буындардың кезектесіп
келуі. Силлабо – буын деген сөз, тоника – екпін. Силлабо-тоникалық
өлең жүйесінде мынадай негізгі 5 өлшем бар: 1) хорей, 2) ямб, 3)
дактиь, 4) амфибрахий, 5) анапест. 
3. Тоникалық өлең жүйесі. Бұнда да екпін бірдейлілігі –негізгі
заңдылық. Орыстың халық поэзиясында, жазбаша поэзиясында да
қолданылатын өлең жүйесі. (Былиналар (ауыз әдебиетіндегі), ХІХ-
ХХ ғ. ақындарында (мәс. Маяковский) да қолданылған).
4. Силлабикалық өлең жүйесі. Негізінен түркі халықтарының
(қырғыз, түркімен, татар, өзбек, т.б.) поэзиясы осы өлең жүйесіне
жатады. Оның ішінде қазақ өлеңі де. Бұлардан басқа француз, поляк,
чех поэзиясы да осы жүйеге кіреді. Бұл тілдердің түркі тілдерімен
белгілі дәрежеде дыбыстық үндестігі яғни, фонетикалық тұрғыда
жақындығы бар. Силлабикалық өлең жүйесіндегі басты компонент –
буын (силлабо жоғарыда айтқанымыздай, буын деген мағынаны
білдіреді). Өлең құрылысындағы негізгі, басты өлшем – буын.
Тармақ та, бунақ та, шумақ та барлығы осы буын санының
бірдейлігіне, мөлшерлестігіне негізделеді.
Қысқаша буын түрлеріне тоқталайық:
Он бір буынды өлең. Бас бунағы үш буыннан да, төрттен де келе 
беретін әйгілі қара өлең өлшемі. 2. Он буынды өлең мақал-мәтел
ақыл-нақылдарда жиі ұшырайды. Қасымның «Дариға, сол қызы» 
он буынды.
Тоғыз буынды өлең. Жолдағы / төбелер/ жоғалды/
Көк орман/ күзетті/ арнаны.
Сарқырап/ өмірге/ жол алды/
Халықтың / қашанғы/ арманы /Х.Ерғалиев/.
Сегіз буынды өлең. Тамаша үлгілер іауыз әдебиетінде бар.
Ақ қоян қашар/ жотадан/
Ақ тайлақ өсер/ ботадан/. Қазірде де жиі қолданылады.
Жеті буынды өлең. Байырғы қазақ жжырының негізгі өлшемі.
Алты буынды өлең. /Жүргенге жол жақсы/
/ Қалғанға/ үй жақсы/.
/Мен сәлем/ жазамын/
/Қарағым/ қалқама/
/Қайғыңнан/ азамын/
ФКазНПУ 0703-03-18(1) Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым


/Барушы/ айта ма/.
Аралас буынды өлең. «Сегіз аяқ», «Қатыны мен Масақбай», «Бұл ән
бұрынғы әннен өзгерек» т.б.
Тест
1. Қазақ өлең құрылысындағы ең басты өлшем не?
А) Екпін
В) Ырғақ
С) Дыбыс үндестігі
D) Буын
Е) Ұйқас
2. :ххх: хххх: хххх:
Бұл ненің таңбалары?
А) Ұйқас түрін таңбалануы
В) Шумақ үлгісін көрсету
С) Ырғақты
D) Дыбыстық қайталауды
Е) Бунақ және буындық өлшемді таңбалау
3. Қазақ өлеңі қандай өлең жүйесіне жатады?
А) Тоникалық
В) Силлабо-тоникалық
С) Силлабикалық
D) Метрикалық
Е) Ақ өлең үлгісі
4. Тоникалық өлең жүйесіндегі ең басты өлеңдік өлшем.
А) Екпін
В) Ұйқас
С) Ырғақ
D) Буын
Е) Дыбыс үндестігі
5. Қазақ өлең құрылысы жайлы арнаулы монографиялық еңбек 
авторы.
А) Р.Бердібаев
В) М.Әуезов
С) З.Қабдолов
D) З.Ахметов
Е) Ә.Марғұлан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет