тиіс дегенде: ол өзінің сөз қорын молайту үшін ылғи ғана тыңнан сөз
жасасын деп ешкімге де айтпайды және әрқашан олай ету мүмкін де
емес. Жазушы өзінің сөз қорын молайту үшін жалпы халықтық
тілдің телегей-теңіз бай қазынасын, мүмкіндігінше молырақ игеруі,
оның қилы-қилы қиын әрі қызық құбылыстарын жете түсінуі, әр
сөздің мәні мен мағынасындағы ұланғайыр өзгерулер мен
өңденулерді,
ауысулар мен алмасуларды, құбылулар мен
құлпыруларды дәл аңғара білуі қажет. Сонда ғана жазушы «өзінің
сөз қорын мейлінше байытып, әркім
бір қолданып әбден ығыр
қылған арзан сөздерге жоламайтын болады»(Беранже). Сонда ғана
жазушы әр сөзді тағдап,
талғап тауып, ойды анық, сезімді нәзік
жеткізер тың және тартымды суреттер жасай алады.
Мұның өзі
жазушы тілінің үш түрлі ұғымдылығына – дәлдікке, ықшамдыққа,
сұдудыққа негізделуі шарт.
Достарыңызбен бөлісу: