Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
істеп, оны жұртқа түгел мәліметтеп шығады, басқалардың
табысын көре алмайды,
ашушаң, ызақор, сыйымсыз болады. Басқа адамға ескерту бергенде басшылардың
кейбіреулері жылатып айтады, ал біреулері кеңес беріп, тез үйренуге жәрдемін тигізеді.
Адамның жеке қасиеттерінің барлығына мінез үлкен
әсерін тигізіп, оның жалпы
адамгершілігін, іскерлігін, қарым-қатынасқа икемділігін,
сыйысымдылығын анықтап
отырады. Мінез адамның барлық психикалық қасиеттерімен тығыз байланысты,
сондықтан оның ерекшеліктерін көптеген жеке қасиеттерінің көрінісі бойынша сипаттауға
болады.
Егер адамды танитын, білетін болсаңыз, ол өмірдің әр түрлі
жағдайында қандай
мінез көрсететінін болжамдап айтуға болады. Мінез-құлықты басқаруға, оны басқаларға
ыңғайлы, сыйысымды етіп, дұрыс жол көрсетіп отыруға болады.
Сондықтан мінез
тәрбиеленетін қасиеттерге жатады. Адамдардың мінез-құлқы тарихи-әлеуметтік жағдайға
байланысты көрініс береді.
Қазіргі кезде өркениеттің дамуымен байланысты ең үлкен құндылық адам өмірі
болып саналады. Сондықтан адам өміріне қауіп туғызу немесе өлтіру ең үлкен қылмыс
болып есептеледі. Сондықтан өрескел мінез көрсеткендерге дәл сондай дөрекілік көрсетіп,
балағаттап немесе басқа түрлі қастандықтар көрсету кеңінен орын алады. Оның барлығы
мінездің теріс көрсеткіштері, сыйысымсыздық, арамзалық деп бағаланады.
Адамның
мінезінің қалыптасуына отбасы, қоршаған ортадағы жетекші салт-дәстүр
мен әдет-ғүрып, өзінің қарым-қатынас жасайтын микро және макро ортасы, сынып
оқушылары, топтағы студенттер, жолдастары мен достары, оқыған кітаптары, көрген кино
кейіпкерлері үлкен әсерін тигізеді. Өйткені адам басқаларға қарап,
олардың тәжірибесін
меңгеріп, тұлғалық құндылықтарға ие болады.
Мінез дегеніміз ұстанымына сай барлық психикалық қасиеттермен тығыз
байланысты. Мінезге темпераменттің тигізетін әсері өте үлкен. Холериктің жеңілтектігі
мен қызбалығы, сангвиниктің сөзшеңдігі,
флегматиктің байсалдылығы, меланхоликтің
тұйықтығы мен ұстамдылығы мінезге әсерін тигізіп отырады. Мінез бен темпераменттің
өте тығыз байланыстылығы психиканың динамикалық ерекшеліктерімен анықталады.
Дегенмен темпераментті өзгертуге болмайды, ал мінез тәрбиеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: