Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
конституциялық құрылымына нұқсан келтіретін ұлттық құлдырау
апатына әкеліп соғуы
мүмкін. Міне, осыған байланысты Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» даму
стратегиясында негізгі 7 басымдықтың бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен кешірімсіз
әрі шешімді күресті атады.
Осы орайда, ұлт көшбасшысы сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоюды құқықтық
мемлекет құру жолындағы жалпымен құпталған шарт екенін ескертті. Сондай-ақ, ол 2015-
2025 жылдарға арналған мемлекеттік сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасында
жемқорлықтың әлеуметтік-экономиканың дамуына, нарықтық экономиканың құрылуына,
инвестицияларды тартуға
кері әсерін тигізетінін, демократиялық мемлекеттің қоғамдық
және саяси институттарына зиян келтіретінін сөз етіп, ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық
тұрақтылыққа қауіп төндіретін келеңсіздіктің алдын
алу мақсатында кешенді
жалпыұлттық сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын жүзеге асырудың
міндеттілігін белгіледі.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттік қызметкерлер арасында белең алуы қоғамның
мемлекеттік басқару нысандары мен билік тарапына күманын тудыруы мүмкін. Сыбайлас
жемқорлыққа тек қана күштік әдіспен тойтару аздық етеді. Нәтижеге мемлекеттік
органдардың, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің бірлескен күресі арқылы
ғана қол жеткізуге болады. 2014 жылы «Нұр Отан» ХДП-ның Павлодардағы филиалымен
келісілген мемарандум шеңберінде өңірдегі түзеу мекемелердің
қызметін қадағалайтын
Қоғамдық Кеңес құрылды. Сондай-ақ, өткен жылы Павлодар облысының ІІД, ҰҚКД және
Қаржы полициясымен ынтымақтастық жөніндегі мемарандумдарға қол қойылды.
Аталмыш шаралар аясында құқықбұзушылықтың алдын алу мақстатында дәрістер,
семинарлар, кездесулер өткізілді. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – қызметкерлердің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы таным-түсініктерін қалыптастырып,
құқықтық мәдениетке
тәрбиелеу және жемқорлықпен күрес мәселесіне әркім жауапкершілікпен қарау керектігін
насихаттау. Жемқорлық вирус тәрізді қоғамның ішіне іріткі салып, адамгершілік
қасиеттердің жойылуына себепші болады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік бағдарламада көзделген мақсат-
міндеттер орындалған сәтте ғана оң нәтиже береді.
«Әлеуметтік жағымсыз құбылысты»
жоюға жоғарғы билік қана емес, қоғам да бел
шеш кірісу керек. Мемлекет тарапынан атқарылатын игі істермен жемқорлықтың
тамырын балталау, әсте, мүмкін емес.
Сондықтан, бұл тұста азаматтық қоғамның
белсенділігі ауадай қажет.
Достарыңызбен бөлісу: