Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай
жасап отыр.
Жоспар:
1.Қазақстан Республикасының Конституциясының мәні,
негізгі белгілері, қағидалары,
заңды құрылымы.
2.Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның
конституциялық мәртебесі, оның
түрлері, қағидалары. Азаматтылықтың жалпы сұрақтары.
3.Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері.
4.Мемлекеттің Басшысы және лауазымды тұлғасы ретіндегі Қазақстан Республикасы
Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі.
Кілтті сөздер: конституция, азамат, азаматтық, парламент, заң, құқықтық мемлекет,
азаматтық қоғам.
1.
Қазақстан Республикасының Конституциясының мәні, негізгі белгілері,
қағидалары, заңды құрылымы.
Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым,
қағидалар
өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр.
Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару
нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының
тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен
жатқызылады.
Конституцияда демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады. “Демократия” деген
грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген мағына шығады.
Осы тұжырым
қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты бейнеленген. “Мемлекеттік биліктің бірден-
бір бастауы – халық” нақты жазылған.
Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп жарияланған. Бұл
билік Конституция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі
болып болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті біржақты иемденіп кетушілікті
болдырмау үшін
олардың аражігі ажыратылып, әрқайсысынан конституциялық
өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің ісіне қол сұқпайды,
әрқайсысы өз
құзырларынша қызмет етеді.
Негізгі Заңда саяси бостандықтарға кең кепілдік берілген. Саяси қозғалыстар
Конституция шеңберінде емін-еркін өмір сүріп, қызмет ете алады. Оған ешқандай қысым
жасалмайды.
Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы – меншіктердің әралуандығын
мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан
республикасында мемлекеттік
меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп, заңмен қорғалады.
Негізі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік атаулы
қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс, ол
адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда ғана меншік иесін қорғауға кепілдік
жасалады.
Демократиялық принциптер Конституцияның арнайы „Адам және азамат” атты екінші
бөлімінде айқын көрініс тапқан.
2. Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның конституциялық мәртебесі, оның
түрлері, қағидалары. Азаматтылықтың жалпы сұрақтары.
Республика азаматының негізгі құқықтарымен қатар міндеттері де 1995 жылдың 30
тамызындағы бүкілхалықтық талқылаудан өтіп қабылданған
Конституцияда анық
тұжырымдалған.