Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет11/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады. 
Мемлекеттiк органдарда партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi.
Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Қоғамдық бiрлестiктер iсiне мемлекеттiң 
және мемлекет iсiне қоғамдық бiрлестiктердiң заңсыз араласуына, қоғамдық 
бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың қызметiн жүктеуге жол берiлмейдi. 
Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы - халық. Халық билiктi тiкелей 
республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз 
билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi. Қазақстан Республикасында 
билiктi ешкiм де иемденiп кете алмайды. Билiктi иемденiп кетушiлiк заң бойынша 
қудаланады.
Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика Президентiнiң, сондай-ақ 
өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығы бар. Республика Үкiметi 
мен өзге де мемлекеттiк органдар мемлекет атынан оларға берiлген өкiлеттiктерi шегiнде 
ғана билiк жүргiзедi.
4. Мемлекеттің Басшысы және лауазымды тұлғасы ретіндегі Қазақстан Республикасы 
Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі. 
Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы 
саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда 
Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
Республика Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның 
мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi 
кепiлi.
Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс 
iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. 
Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi. 
Республика Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне 
болмайды. Республика Президентiнiң абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiру заң 
бойынша қудаланады. 
Республика Президентiн сайлау конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады. Ант 
беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, 
Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ 
Республиканың барлық бұрынғы Президенттерiнiң қатысуымен өткiзiледi. 
Республика Президентi бес жыл мерзiмге сайланады. Бесжылдық өкiлеттiк мерзiмi 
2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Республика Президентiнiң жетi жылдық 
өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуына байланысты өткiзiлетiн президенттiк сайлау 
қорытындысы бойынша Республика Президентi болып сайланған адамға қолданылатын 
болады.
Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi 
қызметiне кiрiскен сәттен бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын 
босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.
Бiр тұлға қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды. 
Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне қолданылмайды.
Республика Президентi:
1) келiссөздер жүргiзедi және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына 
қол қояды;
2) келiссөздер жүргiзуге және Республиканың мемлекетаралық шарттарына қол қоюға 
өкiлеттiк бередi;
3) бекiту грамоталарына қол қояды;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет