Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
пайда болған заттарға психикалық жағдайымен қатынасын көрсетеді. Ол өзінің тәртібі
және осыдан шыққан зардаптардың құқыққа қарсылығын тұлғаның түсінуі немесе
мойындауын білдіреді. Сондықтанда кәмелетке толмаған тұлғалар және тұлғалар әрекетін
сот кінәсіз деп мойындаса да,тіпті егер олар құқыққа қарсы тұрса да, сондай-ақ олар өз
әрекеттерін құқыққа қарсы екенін түсініп, мойындауға қабілеті жоқтай оларды құқық
бұзушылық деп санауға болмайды. Кінә екі форма бойынша бөлінеді:
1) Ниет құқыққа қарсы әрекет жасаған тұлға қоғамдық қауіпті мінезін өз әрекет
немесе әрекетсіздігін біледі деп олар санайды,олардың қоғамдық салдарын болжайды
және олардың басталуын қалайды.
2) Абайсыздық кінә түрлерінің бірі сияқты 2 түрі бар
- өзіне сенімдік,тұлға өзінің қоғамға қауіпті зардап шектіретін әрекетін біледі, одан
жеңіл желпі қашуды санайды деп сендіреді.
- ұқыпсыздық тұлға өзінің қоғамға қауіпті зардапты әрекеттерін көрмейді, бірақ
мүмкін және оларды көру қажет деп сендіреді.Ұқыпсыздық алдын ала тұлғаның оның
міндеттеріне қойылған орындауларға,қоғамға және басқа тұлғаға қызығушылығына
жауапсыз қатынасын көрсетеді.
Құқық бұзушылық дилектіқабілетті құқықбұзушылармен жасалады, яғни өз
еркіндігін және өзінің тәртібін бақылай алатын, өз әрекеттеріне есеп беретін, олардың
құқыққа қарсылығын мойындайтын және олардың зардаптарына жауапкершілік таныту
жағдайында болатын адамдар.
Құқыққа қабілетті құқық бұзушының заңдарға және басқа да нормативті құқықтық
актілерде анықталады. Құқыққа қабілетті қылмыскерлер барлық жауапқа қабілетті
тұлғалар, белгілі бір жасқа жеткендер саналады.
Құқықбұзушылықтың негізгі ерекше белгісін отандық және шетелдік заңгерлер
залалдың болуын көрсетеді, яғни жеке тұлғаларға немесе заңды тұлғаларға келтірілген
құқыққа қарсы әрекетпен келген залалдың арасындағы байланыстың болуын айтады.
Залалдың саладары екі аспектіде қарастырылады яғни заңды және нақты.
Құқықбұзушылық құрамдары – бұл құқықбұзушылықтың обьективтік және
субьективтік жақтарынан құралатын белгілерінің жиынтығы. Ондай белгілер төрт топқа
бөлінеді:
Құқық бұзушылықтың обьектісі
Құқық бұзушылықтың обьективтік жағы
Құқық бұзушылықтың субьектісі
Құқық бұзушылықтың субьективті жағы
Құқық бұзушылықтың обьектісі - құқық бұзушы қиянат жасайтын және де
заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Олар мыналар болуы мүмкін: саяси және
экономикалық құрылымдар, меншік, адам және оның құқықтары мен бостандықтары,
құқытық тәртіп, сот төрелігі, әскери қызмет.
Қылмыстың объективті жағы.
Қылмыстың объективті жағы дегеніміз қорғалатын объектіге қол сұғатын қоғамға
қауіпті әреткеттің сыртқы көрінісін сипаттайтын заңда көрсетілген белгілердің
жиынтығы, сондай – ақ ол сол қол сұғушылыққа қатысты объективтік жағдайлар.
Объективтік жақты сипаттайтын белгілер:
а) қоғамға қауіпті іс - әрекет яки әрекетсіздік;
ә) қоғамға қауіпті салдар;
б)әрекет пен салдардың арасындағы себепті байланыс;
в) қылмыс жасау орны , уақыты, жағдайы, тәсілі, қаруы мен құралы.