Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет12/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
4) Республика жасасқан, бекiтуге жатпайтын халықаралық шарттардың күшiн тоқтата 
тұру туралы шешiм қабылдайды;
5) Республика жасасқан, бекiтуге жатпайтын халықаралық шарттардың күшiн тоқтата 
тұру туралы шешiм қабылдайды;
6) Парламентке Республика жасасқан халықаралық шарттарды денонсациялау туралы 
ұсыныс енгiзедi. 
Республика Президентi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң 
басшыларын тағайындайды және керi шақырып алады. Республика Президентi өзiнiң 
жанында тiркелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық және өзге де өкiлдерiнiң сенiм 
грамоталары мен керi шақырып алу грамоталарын қабылдайды.
Республика Президентiнiң мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн және қауiпсiздiгiн 
қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi:
1) Республика Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, 
Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылық құрамын қызметке тағайындайды және 
қызметтен босатады:
2) Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсiздiгi мен аумақтық 
тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей 
қатер төнген әрi мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi 
бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламентi Палаталарының 
Төрағаларымен ресми консультациялар алысқаннан кейiн, бұл туралы Республика 
Парламентiне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкiл аумағында және оның 
жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгiзудi, Республиканың Қарулы Күштерiн 
қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететiн шараларды қолданады;
3) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей қатер 
төнген ретте Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде әскери 
жағдай енгiзедi, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика 
Парламентiне дереу хабарлайды;
4) Парламент Палаталарының бiрлескен отырысының қарауына Республика Қарулы 
Күштерiн бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi 
орындау үшiн пайдалану туралы ұсыныс енгiзедi;
5) өзiне бағынысты Республика Президентiнiң Күзет қызметiн және Республикалық 
ұланды жасақтайды;
6) Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекiтедi;
7) Республика азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру және мерзiмдi әскери 
қызметтiң қызметшiлерiн запасқа шығару туралы шешiм қабылдайды;
8) Парламент Сенатының келiсiмiмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасын 
қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады.
Республика Президентiнiң Үкiметке қатысты:
1) Парламент Мәжiлiсiнiң келiсiмiмен Республиканың Премьер-Министрiн қызметке 
тағайындайды; оны қызметтен босатады;
2) Премьер-Министрдi тағайындағаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде оның енгiзген 
ұсынысы бойынша Үкiмет құрылымын айқындайды, Республиканың Үкiмет құрамына 
кiрмейтiн орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Үкiмет 
мүшелерiн қызметке тағайындайды; сыртқы iстер, қорғаныс, iшкi iстер, әдiлет 
министрлерiн қызметке тағайындайды; Үкiмет мүшелерiн қызметтен босатады;
3) Үкiмет мүшелерiнiң антын қабылдайды;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет