Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет12/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

тікенекті эпидермоциттер 
қабаты
орналасқан. Клеткааралық ең берік байланысты 
десмосомалар (
desmos
– байланыс, 
soma
– дене) қамтамасыз етеді, 
екі клетка бір-бірімен тығыз байланыспен қосылып, олардың 
цитоплазмасына кіріп терең бойлайтын көлденең жатқан 
талшықтардың 
түйіндерімен 
жабысқан. 
Бұл 
талшықтар 
тонофиламенттер (гр. 
tonos
– керілу) деген атауға ие. 
Тонофиламенттер түйінге жиналып (тонофибрилдер), десмосома 
аймағында аяқталады. Барлық өскінділер клеткалардың арасына 
клеткааралық сұйықтық айналысын жүзеге асыратын өзектер 
жүргізе отырып, клеткалардың байланысын қамтамасыз етеді.
Десмосома мен тонофибрилдер клеткаларды механикалық 
жарақаттардан қорғайтын ішкі тірек каркасын құрайды. Базальды 
қабаттағыдай 
тікенекті 
қабатта 
да 
эпидермистің 
кератиноциттерімен бірге қорғаныш иммундық қызмет атқаратын 
ақ аралшықты эпидермоциттер бар. 
Тікенекті 
қабат
клеткаларының 
цитоплазмасында 
кератиносомалар немесе Одланд денешіктері бар, онда оларды 
лизосомамен жақындастыратын мына ферменттердің белсенділігі 
анықталған: қышқыл фосфатаза, нуклеозидфосфатаза, эстераза.
Тікенектіден кейінгі 
түйіршікті қабат
1-3 қатар, ал табан мен 
алақанда 3-4 қатар клеткадан тұрады. Тері беткейіне жақынырақ 
орналасқан клеткалар ромб тәрізді, ал тереңірек жатқан клеткалар 
цилиндр және шаршы тәрізді пішін алады. Кератиноциттер 
ядросында ДНК-мен РНК-сы бар құрылымдар азайып, 
цитоплазмасында кератогиалин дәндері түзіледі. Олар ядро
митохондрий, рибосома және басқа да клетка органоидтарының 
дезинтеграциясысы өнімдерінен түзілетін тонофибриллярлы-
кератогиалинді кешен. Түйіршікті қабат клеткаларының 
құрамында 
тонофибриллярлы-кератогиалинді 
құрылым 


болғандықтан оны кератогиалинді қабат деп те атайды. Бұның 
бәрі эпидермиске беріктілік пен эластикалықты қамтамасыз етеді. 
Базальды және тікенекті қабаттарды қоып эпидермистің
мальпигиялық немесе өсу қабаты деп те атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет