Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет13/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Түйіршікті қабат 
ромб
 
тәріздес созылған 2-3 жасушалар
 
қатарынан 
тұрады. 
Жасушалардың 
протоплазмасында, 
тонофибрилдермен 
бірігіп 
тонофибрилярлық-кератогиалинді 
кешендер құрайды, олар филаргин (түйіршіктердің негізгі 
ақуызы) түзейді. 5 жасқа дейінгі балаларда түйіршікті қабат 
болбырырақ, тығыздығы азырақ. Оның қызметі (филаменттармен 
бірігіп) корнеоциттердің біркелкі орналасуын және жабысуын 
қамтамасыз ету. Базальді, тікенекті және түйіршікті қабат 
клеткаларының митоздық бөлінуі оларды эпидермистің өсім 
қабатына (мальпигиев қабаты) біріктіреді. 
Элеидинді 
жалтырауық қабат
эпидермисі неғұрлым жақсы 
дамыған (табан мен алақанда) жерлерде жақсы көрінеді. Ал тері 
жамылғысының басқа аймақтарында бұл қабат 1-2 қатарлы 
гомогенді, шеттері айқын емес, жалпақ жылтыр клеткалар әрең 
байқалады. Элеидиннен кератиннің түзілуі кератиноциттердің 
жетілуімен аяқталады және эпидермистің мүйізді қабатына 
айналады.
Мүйізді қабат 
– мүйізденуге әкелетін биохимиялық 
процесстің өнімі, қалыңдығы бірдей, тегіс емес. Корнеоциттер 
бір-біріне тығыз орналасқан, бірақ сыртқы ортамен қатынаста 
болатын бетінде беріктігін жояды и жеңіл сыдырылады, ол 
физиологиялық түле деп аталады. Табан мен алақанда ол жақсы 
дамыған (физиологиялық гиперкератоз), ал қабақ, бет терісінде, 
жыныс мүшелері, әсіресе нәрестелерде, бұл қабатты анықтау 
қиынға түседі. Мүйізді клеткалардың беткей қабаты үнемі түлеп, 
эпидермистің өсім қабаты клеткаларының үзіліссіз митоздық 
бөлінуі нәтижесінде қалпына келіп отырады. Сыртқы мүйізді 
қабат үнемі түлеп отыратын мүйізді клеткаларға байланысты 
бірдей тегіс емес. Клеткалардың базальдыдан түйіршікті қабатқа 
ауысуы үшін қалыпты жағдайда 26-дан 42 күнге дейін, ал 
мүйіздіден – 14 күн, толықтай эпидермистің ауысу циклы 59-65 
күнді құрайды.


Эпидермис белок синтезінен басқа пигмент түзуші, қорғаныш, 
иммунологиялық қасиетке ие. Пигмент түзуші қасиеті базальды 
қабаттың кератиноциттерінің арасынан өтетін меланоциттермен 
байланысты.
Базальды қабаттың 10-25%-н алып жатқан меланоциттердің 
түсі ашық, ал ядросы қоңыр болады. Олар меланинді синтездеп 
шығару арқылы меланосомалардың жаңа толқынын түзеді. 
Құрылымына байланысты қызмет етуші және “тозығы жеткен” 
деп бөлінеді. Меланин базальды кератиноциттерде ядроның 
апикальды бөлігінің үстінде жинақталып, ультракүлгін сәуледен 
қорғаныш экранын құрайды. Терісі қоңыр адамдарда меланин тек 
базальды қабатқа ғана емес, тікенекті тіпті түйіршікті қабатқа 
дейін енеді.
Эпидермисте меланоциттермен қатар түйсіну клеткалары 
(рецепторлық құрылым), ақ өскінді эпидермоциттер орналасады. 
Жергілікті әсер етуші антигенге иммунды жауап дамуына 
жауапты Лангерганс клеткалары Т-клетканың антиген арнамалы 
белсенділігін туғызады. Эпидермистің иммунды мүше ретіндегі 
маңыздылығы эпидермис кератиноциті мен қалқаншамаңы 
безінің клеткаларының анатомиялық, молекулярлық, функциялық 
ұқсастығымен 
түсіндіріледі. 
Кератиноциттерге 
клеткалық 
иммунитет медиаторларын (лимфокиндерді), антиген-антидене 
реакциясындағы В-лимфоцитті белсендіруші интерлейкиндерді 
бөліп шығару қасиеті тән. J.B. Sterlein мен қаламдастары (1985) 
эпидермисте бар барлық иммунды жүйе құрам бөліктерін 
skin 
associated lymphoid tissue
деген атауға біріктіруді ұсынды. 
Авторлар иммунитеттің Т-жүйесінің гуморальды және клеткалық 
факторларын бір уақытта белсендіруші Т-лимфоциттің белгілі бір 
түрінің эпидермисте орналасқанын дәлелдеген. 
Кератиноциттермен 
қатар, 
эпидермисте 
меланоциттер, 
Меркель 
жасушасы, 
Лангерганс 
жасушасы, 
Гренстейн 
жасушалары бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет