Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет15/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

базальды мембрана
арқылы бөлінген. 
Оның құрылымы күрделі: базальды клеткалардың клеткалық 
қабықтары, филамент пен жартылай десмосомадан базальды 
мембрана, сондай-ақ дерманың құрам бөлігіне кіретін 
аргиофильді талшықтардың субэпителиальды өрімі. 


Базальды мембрананың қалыңдығы 40-50 нм, шеттері анық 
емес, дермаға еніп жатқан эпидермальды керілу рельефін 
қайталайды. Базальды мембрананың физиологиялық қызметі 
негізінен барьерлік, иммунды кешендер, антиген, аутоантидене 
және басқа да биологиялық белсенді медиаторлардың енуіне 
кедергі келтіреді. Сондай-ақ базальды мембрана эпидермис пен 
дерма арасындағы алмасу процесіне де белсене қатынасады.
Дерма, немесе нағыз тері (
cutis propria
), клеткалық 
элементтер, талшықты субстанция, аралық заттан тұрады. Дерма 
қалыңдығы 0,49-дан 4,75-ке дейін ауытқып отырады. Терінің 
дәнекер тінді бөлігі 
(corium)
айқын шектелмеген 2 қабаттан 
тұрады: эпителийдің астындағысы – 
емізікті 
(strаtum рapillarе)
және 
торлы
(stratum reticulare) 
қабаттан тұрады. Дерманың 
жоғарғы қабаты тікенекті клеткалардың эпителийіне кіріп 
тұратын емізікшелер түзеді. Ол аморфты, тұлғасыз зат пен 
коллаген және эластикалық талшықтар сияқты дәнекер ұлпаның 
нәзік талшықтарынан тұрады. Олардың арасында көптеген 
клеткалық элементтер, тамырлар, нерв ұштары орналасқан. 
Дерманың клеткалық элементтерін фибробласттар, фиброциттер, 
гистиоциттер, мес, кезбе клеткалар мен ерекше пигмент 
клеткалары – меланофагтар құрайды. Фибробласт беткейінде 
рецепторлық белоктар мен гликолипидтер, ал нуклеоплазмада – 
интерхроматинді құрамында РНК-сы бар гранулалар бар. 
Дерманың емізікшелерінде эпидермис, дерма мен нерв ұштарын 
қанмен қамтамасыз ететін тамырлар орналасады.
Дерманың торлы қабаты едәуір қолайлы және дөрекі 
талшықты, дерманың негізгі бөлігін алып жатыр. Дерма стромасы 
емізікті қабаттағы сияқты, бірақ аз көлемде арасында клеткалық 
элементтері бар коллаген талшықтар будасынан құралады. 
Терінің беріктігі негізінен торлы қабаттың құрылымына 
байланысты: бұл қабат терінің әр жерінде әр-түрлі қалыңдықта 
дамыған.
Емізікше және торлы қабаттардың шекарасы деп беткейлі
горизонтальды орналасатын, тор құратын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет