Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет171/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Клиникалық көрінісі
.
Безеулік аурудың бастапқы белгісі май 
бездерінің шығару түтігі бітеліп қалуынан түзілетін комедондар. 
Қабынулық процесстер дамуы нәтижесінде папулезді, пустулезді 
немесе папуло-пустулезді элементтер дамиды 
(87-сурет)
. Қабыну 
өзгерістерінің дерма құрылымы зақымсыз қалатын бұл сатысында 
элементтер тыртық түзбей жазылуы да мүмкін. Тереңге жайылған 
және қосылысқан түрлерінде олар тығыздалып, инфильтрат түзеді 
не абсцестенеді, жазылған соң терең, көпіршелі тыртық түзіледі. 
Кәдімгі безеулермен қатар 
шар тәрізді безеулер
(acne 
conglomata)
де кездеседі. Олардың мөлшері үлкен, айқын 
инфильтрациясы болады, дерма мен тері асты шел май қабатының 
тереңінде орналасады. Көбінесе мұндай безеулер бір-бірімен 
қосылысып, беткейі тегіс емес төмпешікті көлемді инфильтрат – 
конглобатты безеуді құрайды 
(88-сурет)



Кейбір безеулердің ортасында абсцесс болуы мүмкін. Мұндай 
безеулерден кейін тыртық қалады. Конглобатты безеулер – тек 
себореялық аймақта ғана емес, арқа, құрсақ және аяқ-қолда да 
кездесетін ауыр ағымды ауру. 
Найзағай тәрізді безеу
(acne fulminans) – 
тері ауруларының 
көбінесе жасөспірім ер балаларда кездесетін сирек және ауыр 
түрі. Күтпеген жерде дене терісінде (бірақ бетте емес) жаралы-
некротикалық пиодермияны еске түсіретін пустулезді және тез 
жараға айналатын папулезді элементтер пайда болады. Терілік 
белгілер жалпы белгілермен қатар жүреді: дене қызуының 38°С-
қа не одан да жоғарыға көтерілуі, бұлшықет пен буынының 
ауырсынуы, тәбеті жоғалуы. 
Инверсті безеу
қолтық асты мен бұтаралық аймақта 
орналасқан апокринді бездердің зақымдалуымен байланысты. Тар 
киімнің үйкелуі және ішінде анаэробы бар шаш қапшығы мен тер 
бездерінің шығару өзегін бітеп тастайтын антиперспиранттар 
қолдану ауру дамуына әсерін тигізеді. Ірің бөліп және фистулезді 
жолдар түзумен жарылатын бұдыр және ауырсынатын 
инфильтраттар түзіледі.
Емі.
Әдетте жеңіл безеулік ауру жергілікті еммен жазылады. 
Бұрын қолданылып келген құрамында салицил қышқылы бар 
спирттік ерітінділер мен резорциннің орнына жаңа препараттарға 
жол берді. Зинерит лосьоны (эритромицин-цинк кешені) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет