Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет168/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 
86-сурет. Ромберг бет 
гемитрофиясы 


күйге енеді, бұл өз кезегінде сөйлеу мен жұтуды қиындатады. 
Бастың шашты бөлігінде атрофиялық процесс апоневрозды қосып 
алады, ошақтағы шаш түсіп қалады. Бір уақытта құрғау
қабыршақтану, телеангиоэктазиялар, кейде ойық жаралар 
дамиды. Аурудың үш кезеңі – ісіну, тығыздалу мен атрофия – 
жүйелі және ошақты склеродермияның ұқсастығын көрсетеді. 
Дегенмен ағымының ауырлығы, ішкі мүшелердегі өзгерістер, 
плюригландулярлы эндокринді бұзылыстар тері зақымдалуынсыз 
немесе оның алдында дамуы мүмкін, бірақ жиі олар жайылған 
процесс фонында бір уақытта дамиды. 
Айқын висцеральді бұзылыстар анықталады: асқазан-ішек 
жолының бұзылысы (стеноздар, перистальтиканың бұзылысы, 
оиық 
жаралардың 
пайда 
болуы), 
миокардиодистрофия, 
эндоперикардит, миокардиосклероз, гипертензия, пневмосклероз, 
нефросклероз бен нефропатия, бұлшықет, сүйектер, буындардың 
және т.б. зақымдалуы. Жүйелі склеродермияның көрінісі тері 
зақымдалуынсыз немесе оның алдында дамиды. Жүйелі 
склеродермиямен ауыратын науқастардың қан сарысуынан тура 
емес 
иммунофлюоресценция 
әдісімен 
антиядролы 
және 
антицитоплазмалық факторларды анықтайды, бұл иммунитеттің 
бұзылысы туралы мәлімет болып келеді.
Диагностикасы.
Склеродермияның барлық көріністеріндегі 
зақымдалу ошақтары ауруды жеңіл анықтауға мүмкіндік береді.
Оны қатпарлы форманың алғашқы кезеңінде қабынулы ісіну 
болған кезде анықтау анағұрлым қиын. Бұл жағдайда диагнозды 
динамикалық 
бақылау 
барысында 
қояды. 
Диффузды 
склеродермияның бастапқы кезеңінде ауруды анықтау қиынға 
соғады, себебі бастапқы белгілер (мұздау, бозару, аяқ пен қолдың 
көгеруі) Рейно ауруын еске түсіреді. Ауруды динамикалық 
бақылау кезінде қол саусақтары мен білектің сыртқы бетінің 
терісі склероздалуы (бұл Рейно ауруына тән емес) ауруды 
анықтауға көп септігін тигізеді. Сонымен қатар склеродермияда 
бет терісі зақымдалса, Рейно ауруында бет терісі процесске 
қосылмайды. 
Емі.
Қосалқы аурулар, этиологиялық және патогенетикалық 
факторларды ескере отырып комплексті ем тағайындалады.


Аурудың кезеңі мен формасына байланысты қабынуға қарсы 
және антифиброзды әсері бар, қанның микроциркуляциясын және 
терідегі метаболикалық процесстерді жақсартатын заттар 
қолданылады. 
Склеродермиялық процесстің белсенділігі айқын кезеңде 
антибиотикотерапия жүргізеді. Көбіне бензилпенициллинді 
300 000-500 000 
Бірліктен тәулігіне 4 рет бұлшықетке 
тағайындайды, курсы 20–40 млн Бірлікке дейін болады. 
Шектелген склеродермияның ауыр түрлерінде мысты шығара 
алатын, дерманың дәңекер тінді жүйесіне қабынуға қарсы және 
шамадан тыс фибротүзілуді тежеу қасиетіне байланысты D-
пеницилламин (купренил) тағайындалады. Препаратты 0,15–1,0 
г/тәул. дозада 2 айдан 1 жылга дейінгі мерзімде қолданады. 
Жағдайы жақсарған жағдайда дозаны 0,25–0,45 г/тәуілікке дейін 
азайтады. Науқастардың 1/3 бөлігінде D-пеницилламин жағымсыз 
әсер беретін болғандықтан, қолдануы шектеледі. Тығыздалу 
байқалса, терістына немесе бұлшықетке 64 Бірліктен күнде 
немесе күнара емдеу курсына 15–20 инъекиядан лидаза 
қолданады. Балаларға лидазаны электро- және фонофорез 
жолымен де қолданады. Орташа арасына 2–3 ай салып 3–5 ем 
курсын жүргізеді. Лонгидаза – ферментке макромолекулярлы 
тасымалдаушы – полиоксидоний қосуына байланысты ұзартылған 
әсерлі болатын гиалуронидаза 5мг\250 Бірліктен ампулада 
қолданылады. 
Мадекассол 
құрамында 
азиатикті 
және 
мадекассолды қышқыл бар, коллагеннің түзілуін төмендетеді 
және катаболизмін артырады, 10 таблетка және жақпамай түрінде 
қолданылады. 
Бұлшықетке 
10 
мг-нан 
трипсин 
немесе 
химотрипсин 2,0 мл физиологиялық ертіндімен курс бойына 10-
15 инъекция қолдануға болады. Протеолитикалық ферменттерді 
сонымен қатар ультразвук немесе электрофорезбен немесе 
біруақытта парентеральды енгізуге де болады.
Хлорохин немесе гидроксихлорин сәйкес 0,25 г немесе 0,2 г 
күніне 1 реттен бірнеше ай бойына тағайындайды.
Микроциркуляцияны жақсарту үшін вазоактивті препараттар: 
ксантинол никотинат күніне 0,15 г-нан 3 рет 4–6 апта бойына 
немесе пентоксифиллин күніне 0,1–0,2-ден 3 рет. 


Теріге 
зақымдалған 
аймаққа 
күнделікті 
25-70% 
диметиласульфоксидтің судағы ерітідісінен 4–5 апта бойына 
тарқыш салады немесе глюкокортикоидты жақпамайлармен 2–4 
апта бойына күніне 1 рет жасайды. Сонымен қатар гепарин-
натрийлі, 
солкосерилді, 
актовегинді, 
индометацинді 
жақпамайлар, троксерутин гелі, индовазин гелі күніне 2–3 реттен 
1–2 айлық курспен қолданады. Жылына 2–3 курс жүргізеді. 
Склеродермиямен ауыратын науқасты емдеу үшін витаминдер
атап айтқанда А, Е, С, В топтарын, никотин қышқылын (витамин 
РР) тағайындайды. Склеродермияны емдеуде таңдаулы емдерге 
плазмофарез жіне гемособсорбция есептеледі. 
Склеродермияның детоксикалық емдеу әдістерінің ішінде, 
соңғы кездерде кешенді емге вазоактивті және ферментті 
препараттар қосу негізгі ем болып есептеледі. Олар 
аутоагрессивті 
антигенді 
әсері 
бар 
патологиялық 
субстанцияларды алып тастап қана қоймайды, сонымен қатар 
жасушалық клондардың рецепторларын босату және активтеу
иммундық реттеуші ретінде де әсер етеді. Молекулярлық салмағы 
төмен декстрандарды (полиглюкин көктамырға 500 мл 3–4 күнде 
1 рет, курсқа 6–7 құю қолданылады). Молекулярлық салмағы 
төмен декстрандар гипертониялық ерітінді ретінде қанның 
көлемін арттырып, қанның тұтқырлығын төмендетіп, қан ағым 
жақсартады. Тиолды қосындылар коллагендерді ыдыратады,
жалпы жағдайды жақсартумен қатар ошақтардың өсу аймағын, 
терінің тығыздығын азайтатын, дисфагияны, буындардың
бұлшықеттердің ауырсынуын жоятын, жүрек пен бауыр әрекетін 
активтейтін унитиол қолданылады. Унитиол 5% ерітінді түрінде 5 
мл-ден күнделікті бұлшықетке салады, курс 15–20 инъекциядан 
тұрады. 
Физиотерапияның әр түрлерінен склеродермияда ПУВА-
терапия; ультрадыбыс, диатермия (жергілікті және жанама),
электрофорез, 
лазеро- 
және 
магнитотерапия, 
лидазамен, 
ихтиолмен 
фонофорез 
парафинмен, 
озокеритпен, 
емдік 
балшықтармен аппликация, күкірті сутекті және радондық 
ванналар қолданылады. Массаж, оксигеноталассотерапия және 
емдік гимнастика тиімді болып келеді. Жалпы симптоматикалық 


ем кешенінде 1,5-1,7 қысыммен бойында жүргізілетін, 20 сеансқа 
дейін жасалатын гипербариялық оксигенация емі өзін жақсы 
жағынан көрсетті. Бұл әдіс дипромониймен қосарлағанда ерекше 
тиімділік көрсетеді.
Аурудың активті емес сатысында немесе активтілігінің 
минимальды көріністері байқалғанда санаторлы-курортты ем 
(Сочи, Мацеста, Пятигорск, Серноводск) қолдану тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет