үстіндегі тері күлгін түсті. Арасынан басқанда майлы зат
(ринофима, не томпақ тәрізді мұрын) сыртқа бөлініп шығатын
шаш қапшықтары қызарып тұрады.
Кей науқастарда тұрақты
папулезді элементтің диаскопиясы кезінде туберкулезді жегі
(люпоидты розацеа) “алма желесін” симптомын еске түсіретін
сарғыш түс табылады.
Розацеа тек қабақты ғана емес көзді де зақымдауы мүмкін,
сондай-ақ блефарит, конъюнктивит, кератит те тудырып,
тіпті
соқырлыққа әкелуі мүмкін.
Диагностикасы.
Дискоидты қызыл жегі, периоральді
дерматит, кәдімгі безеулерден ажырату қажет. Қызыл жегінің
қызғылт безеуден айырмашылығы онда түрлі көлемдегі айқын
шектелген
жеңіл инфильтрацияланған, тығыз қабыршақпен
жабылған атрофияланған тері аймағы бар эритематозды ошақ
болады. Кәдімгі безеулер жасөспірім шақта беттің майлы
терісінде түйін түзілуімен басталады да,
одан аз уақытта
айналасы қабынған пустула түзіледі. Көп мөлшерде комедондар –
қара безеу болады; телеангиоэктазиялар болмайды. Процесс
беттен басқа кеуде мен арқада да кездесуі мүмкін.
Жиі
әйелдерде
кездесетін
Достарыңызбен бөлісу: