Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет258/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Диагностикасы 
нерв талшықтары бойымен ауырсынуға, 
эритематозды фондағы нерв құрылымы бойымен сызықтық 
түрінде 
біріккен 
герпетикалық 
ісінулі 
күлбіреуіктердің 
анықталуына негізделеді. 
Қарапайым теміреткіден құрсау теміреткісінің ерекшелігі нерв 
сегменттері бойында бір тізбекті біріккен герпетикалық 
күлбіреуіктердің болуы. 
Диагноз қою барысында құрсау теміреткісінде иммунды
жетіспеушілікпен 
сипатталатындықтан 
оны 
АИВ 
тасымалдаушысынан ажырата білу керек. 
Емі. 
Құрсау теміреткісінің жеңіл дәрежесінде ацикловир 800 
мг-нан күніне 5 рет, 7-10 күн бойына немесе фамцикловир 250 мг-
нан күніне 3 рет 5-6 күн бойна беріледі. Ауыр дәрежесінде 
ацикловирді көк тамырға 5-7, 5 мг/кг есебінен әрбір 8 сағат сайын 
4-5 күн бойына енгізеді. Екіншілік инфекциялық аурулар 
қосарланған 
жағдайда 
кең 
спектрлі 
антибиотиктер 
тағайындалады. Ауырсыну байқалғанда индометацин тәулігіне 
50-150 мг немесе ибупрофен 800 мг күніне 2 реттен қолдананады. 
Жергілікті ем ретінде қарапайым ұшықта тағайындалатын 3% 
видарабинді жақпамай, анилин бояуы, антибиотикті жақпа 
майлар, сонымен қатар клоквинді лосьон қолданылады. 
 
2.11.
 
3.
 
П
АПИЛЛОМАВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯ
 
 
Папилломавирусты инфекцияның (ПВИ) 
қоздырғышы – 
адам папилломасының вирусы (АПВ
).
Адам папилломасының 
вирусы 
барлық 
жыныс 
жолдары 
арқылы 
берілетін 
инфекциялардың (ЖЖАБИ) ең кең тараған инфекциясын 
шақырады. Кезкелеген, жыныстық қатынаспен өмір сүретін, адам 
инфекцияланған. Әртүрлі жастағы адамдар ауруы мүмкін, 
дегенмен алғашқы екі түрімен балалар мен жасөспірімдер
бойжеткендерде жиі науқастанады. Ауру контагиозды. 


Этиологиясы.
АПВ-ның 100-ден астам түрлері белгілі. 
Оларды ракалды аурулармен және жыныс мүшелерінің рагімен 
ассоциялануына сәйкес 2 топқа бөледі. АПВ-ны «төмен қауіпті» 
түрі (ең бірінші 6 және 11-ші) үшкір ұшты кандиломалар 
шақырады, бірақ жоғары айтылған аурулармен ассоцияланбайды.
АПВ-ның «жоғары қауіпті» түрі (әсіресе 16, 18, 31 және 45-ші) 
жатыр мойнының дисплазиясымен және жатыр мойны, анустың, 
вульваның және жыныс мүшелерінің рагымен ассоцияланады.
АПВ-ның негізгі жұғу жолы – жыныстық жол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет