Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет259/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Қарапайым сүйелдер,
АПВ-2 және АПВ-3-пен шакырылады, 
негізінен қолда орналасады, бетте, еріндердің қызыл, әсіресе ауыз 
бұрыштарының, жиегінде, ауыз қуысының кілегей қабатында 
сирек анықталады. Қарапайым сүйел диаметрі 1 см түйін тәрізді, 
консистенциясы тығыз, тері үстінен көтеріліп тұратын, сұр 
немесе тері түстес құрылым болып табылады. Ұзақ уақыт 
тұратын сүйелдер емізікше тәрізді, үсті мүйізделген болады 
(134-
сурет ). 
Жалпақ 
немесе 
жасөспірімдік сүйелдер
– АПВ-3-
пен шақырылып, балалар мен 
жасөспірімдерде жиі кездеседі. 
Олар тері үстінен бөлініп көрініп, 
түйін тәрізденіп, диаметрі 3 мм-ге 
дейін, жиі полигональді формалы 
болады. Кей жағдайларда теріден 
түсіне 
байланысты 
көріне 
бермейді, 
сирек 
жағдайларда 
алқызыл немесе қанығырақ түсті 
болып, жиі саусақтар мен бетте 
кездеседі. 
Бөртпелер 
көп 
мөлшерде бетте байқалғанда
жиірек еріннің қызыл жиегіне де таралады. Науқастар кейде 
қышынуыға шағымданады. 
Алақан-табан сүйелдері
– алақан мен табанда (көбіне) 
орналасады. АПВ-1-мен шақырылатын терең кератозды және
АПВ-2 және ВПЧ-3-пен шақырылатын беткей түрлерін 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
134-сурет. Папиллома-вирусты 
инфекция


ажыратамыз. Терең кератозды түрлері ауырсынбалы ошақты
дөңгелек 1 см диаметрлі формалы болады. Сүйелдің орталық 
бөлігін алып тастағанда орнында ылғалды емізікше тәрізді 
мүйізді сақиналар қалады. 
Диагноз
қою оңай. Кей жағдайда қызғылт түсті және 
қышитын жалпақ теміреткіден ажырату қажет папулалары воск
тәрізді жылтырайды, кіндік тәрізді ортасы түсіңкі күлгін-қызыл
түсті және қышынуды шақырады. Ал, терінің сүйелді 
туберкулезінде шеткі қызғылт түсті инфильтратты ошақ болады. 
Соңғы уақытта ВПЧ-ны ажыратуда сигналдық амплификациялық
әдіс колданылады.
Вирустың 16-шы типі 50-70% жатыр мойнының обырын
шақырады. 
Емі:
Вирусқа қарсы жақпамайлар қолданылады: 3% 
оксолинді, 5% теброфенді, 0,5% бонафтонды, сонымен қатар 5%
фторурацилді, 20% подофиллин ерітіндісі, 10-15% сүт және 
салицил қышқылы. Қатал жағдайларда интерферон күнара 1,5 
млн ХБ (барлығы 6-8 рет енгізеді) ошақ ішіне енгізу көрсетілген. 
Криотерапия мен электрокоагуляция, ферезолмен күйдіру, 
солкодерм препараты жақсы әсер етеді.
Жайылмалы және қайталанбалы түрлерімен ауыратын
науқастарға рекомбинантты интерферон (Интрон А) қолданудың 
тиімділігі көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет