Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет257/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

132-сурет. Дене терісіндегі
Herpes zoster
133-сурет. Үштік нервтік І тарма-
ғының нервтеу аймағындағы 
Herpes zoster


бөртпелері жойылғаннан кейін де ауырсынуы айлар мен 
жылдарға созылу мүмкін.
Қимылдық және VII бас сүйек нервісінің зақымдалуында, 
құрсау теміреткісін, бет нервісінің солуы мен ауруы және 
құлақтың естімеуін, Хант синдромы анықталады. Құрсақ 
теміреткісінде ауырсыну зақымдалған аймақтың көйлек немесе
жеңіл қол тиіп кеткеннің өзінде күшейе түседі. Ауырсынуы өте 
қатты, мысалы, құрсау теміреткісі үштік нерв аймағында 
орналасқанда, білінеді. Ауырсыну сезімі терідегі клиникалық
көріністің байқалуынан 3-5 күн бұрын білініп, құрсау 
теміреткісінің клиникалық көрінісі аппендицит, холецистит
инфаркт миокарды және т.б. түрінде байқалуы мүмкін. 
Құрсау теміреткісі барлық тері аймағында барлық нервті 
зақымдай алады. Бас терісі, маңдай, көз айналасы, мойын, кеуде, 
іш, иық, жамбас, сан аймақтарында жиі кездеседі. 
Құрсақ теміреткісі қарапайым теміреткіден айырмашылығы 
біржақтылығы. Ауыздың кілегей қабығының оқшауланған 
зақымдалуы сирек кездеседі. Неврологиялық аурулар көбінесе 
бөртпелермен қатарласа жүреді. Күлдіреуіктер таңдай, бет, ерін, 
тіл кілегей қабатында орналасуы мүмкін. 
Процесстің көз аймағында 
(herpes zoster ophthalmicus)
орналасуы өте қауіпті, себебі кейде мүйізгекті қабықтың ойық 
жаралануына және панофтальмияға алып келу мүмкін. Келесі 
ауыр асқынуларына үштік нервтің немесе бет нервінің салдануы, 
есту қабілетінің төмендеуі жатады. Дерт менингит, энцефалитпен 
(herpes zoster meningiticum) 
асқынуы да мүмкін. 
Вирусты инфекцияның білінуіне инфекциялық аурулар, 
иммундық жетіспеушілік, интоксикация, зат алмасуының 
бұзылыстары, қан аурулары, салқындау, жарақаттар ықпал етеді. 
Даму көбінесе салқын мезгілде (көктем, күз) көрінеді. Құрсақ 
теміреткісі балаларға қарағанда үлкендерде жиі кездеседі. 
Әлсіреген немесе ауыр аурулармен ауырған науқастарда 
гангренозды түрі дамып, бөртпелерінен кейін жара мен 
тыртықтар қалдырады.
Құрсақ теміреткісі өзінен кейін иммунитет қалдырып
рецидивтер 
болмайды. 
Ал. 
иммунитеттің 
төмендеуімен 


сипатталатын (қатерлі ісік, лейкоз, ЖИТС) тәрізді қатерлі 
ауруларда құрсау теміреткісі рецидивті және біріккен формада 
өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет