Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Иммунитет.  Суперинфекция



Pdf көрінісі
бет272/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Иммунитет
Суперинфекция. 
Реинфекция
.
Мерездік 
инфекцияда 
стерильді 
емес 
(инфекциялық) 
иммунитет 
қалыптасады, ол трепонемалар ағзадан толық шыққанынша 
сақталады. Ауру имунитеттің гуморальдық және жасушалық 
факторлары төмен, трепонемостатикалық және трепонемоцидті 
заттары қан сарысуында төмен деңгейде болатын адамдарға 
жұғады. ДДҰ жіктелісі бойынша мерез иммунды жетіспеушілік 
ауруына жатады. Инфекцияның дамуының алғашқы кезеңдерінде 
жасушалық иммуносупрессия, перифериялық қанда және 
лимфоидты мүшелердің Т-тәуелді зоналарында Т-лимфоциттер 
санының төмендеуі болатыны анықталған.
Мерездің 
жасырын 
кезеңінде 
бозғылт 
трепонемалар 
лимфогенді жол арқылы тез таралады. Ағзаның біріншілік 
сифилома мен регионарлы склераденит түріндегі реакциясы кеш 
білінеді. Мерездің біріншілік кезеңінің соңы мен екіншілік 
кезеңінің басында трепонемалардың жаппай көбейіп, бүкіл ағзаға 


таралуы (трепонемалық сепсис) болады. Аурудың жалпы 
белгілерінің пайда болуы осыған байланысты (қызба, әлсіздік, 
сүйек пен буындағы ауырсыну, полиаденит). Ағзаның 
иммунобиологиялық 
қорғаныш 
механизмдерінің 
белсенуі 
нәтижесінде трепонемалардың көп бөлігі қаза тауып, екіншілік 
мерездің жасырын кезеңі басталады. 
Ағзаның 
қорғаныш 
процесстері 
әлсіреген 
жағдайда 
трепонемалар көбейіп, қайта рецидивке әкеледі (екіншілік 
қайталамалы мерез). Бұдан соң қорғаныш механизмдері белсенеді 
және ем жасалмаған жағдайда бозғылт трепонемалар (мәселен 
цист-формасындағы) мерез инфекциясының сақталуына ықпал 
етеді. Екіншілік кезеңде инфекцияның толқын тәрізді өтуі микро- 
және макроорганизмнің күрделі қарым-қатынасын көрсетеді. 
Екінішілік 
кезеңде 
лимфоциттердің 
пролиферативті 
функциясын тежейтін факторлар белсенеді, нейтрофилдердің 
фагоцитарлы белсенділігі төмендеп, олардың фагосомаларды түзу 
қабілетін күшейтеді. Антиденелердің синтезі белсенеді, G, A және 
M сарысу иммуноглобулиндерінің концентрациясы жоғарылайды. 
Мерезбен ауырудың басында сарысулық IgG, IgM көбейсе, 
аурудың кеш кезеңінде IgG ғана қалады. Мерездің әсіресе 
біріншілік және екіншілік кезеңдерінде мерезге тән антиген-
антидене реакциясы толқын тәрізді, кезеңмен өтеді. 
Мерездің ағзада бозғылт трепонемалардың тек аздаған 
мөлшері сақталатын үшіншілік кезеңінде, трепонема мен оның 
токсиндеріне жоғары сенсибилизация некрозы мен тыртықтануы 
бар анафилактикалық реакция түрінде өтеді. Себебі сауыққаннан 
соң мерездің белгілері ғана емес, иммунды қорғаныстың 
гуморальді-жасушалық факторлары да белсенділігін жоғалтады, 
қайта қатынас болған жағдайда ауру дамуы мүмкін. 
Қайта жұғу реинфекция деп аталады. Реинфекцияны анықтау 
үшін шанкрдың басқаша орналасуы осыған дейінгі жұққан 
кездегіден өзгеше болуы тиіс, онда бозғылт трепонемалардың 
болуы және регионарлы склерадениттің пайда болуы қажет. 
Реинфекцияны дәлелдеу үшін алғашқы жұғудың жеткілікті 
мөлшерде емделгендігі мен бірінші аурудан кейінгі серологиялық 
реакциялардың теріс болғаны анықталса жеткілікті. 


Жыныстық қатынаста мерездік инфекцияның барын назарға 
алады. Реинфекцияны суперинфекциядан ажыратады, соңғысы 
толық емделмеген науқасқа мерездің қайта жұғуы дегенді 
білдіреді. Бұл кезде бар трепонемаларға тағы да бір бөлігі 
қосылады, сондықтан әр түрлі кезеңдерде суперинфекция әр қилы 
көрініс береді. Мәселен, инфекциялық иммунитет қалыптаспаған 
жасырын кезеңде және біріншілік мерездің алғашқы 10-14 
күнінде қосымша жұғу жаңа шанкрдың пайда болуына әкеледі. 
Бұл шанкрдың көлемі кішірек және қысқарған жасырын кезеңнен 
кейін дамиды (10-15 күнге дейін). Мұндай шанкрларды ізашар 
шанкрлар деп атайды 
(ulcera indurate seccentuaria)
. Басқа 
сатылардағы суперинфекцияларға ағза бөртпелермен жауап 
береді, ол трепонемалардың жаңа порцияларының әсер еткен 
кезеңіне байланысты болады. Мәселен, екіншілік кезеңде 
инфекция жұққан жерде папула мен пустула, ал үшіншілік 
кезеңде – төмпешік пен гумма пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет