Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет271/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Патогенезі.
Бозғылт трепонеманың ағзадағы негізгі таралу 
жолдарына лимфатикалық және қантамырлар жүйесі жатады. 
Патогистологиялық зерттеулер арқылы ауру жұққан алғаш 
уақытта бозғылт трепонемалар лимфатикалық саңалаулар мен 
периваскулярлы лимфатикалық кеңістіктерді толтырады. Тек 
артынша оларды ұсақ қан тамырлардың саңылауы мен 
қабырғаларынан табуға болады. Трепонемалардың мұндай 
тропизмін олардың факультативті анаэробтылығында деп 
түсіндіреді, 
себебі 
артериальді 
және 
венозды 
қанмен 
салыстырғанда лимфада оттегі аздау. Ағзаға енген трепонемалар 
лимфада көбейіп, жайылады, онда оттегі құрамы 0,1%, ал 
веналық қанда ол 100 есе, артериальді қанда 200 есе жоғары (8-
12% және 20% сәйкесінше). 
Лимфатикалық жүйеде қозғала отырып трепонемалар қан 
ағысы арқылы бүкіл ағза тіндері мен мүшелеріне тарайды. Мұның 
дәлелі ретінде инкубациялық кезеңде болған донор қанынан 
реципиенттердегі аурудың дамуы жатады. 
Біріншілік және алғашқы айларда екіншілік мерезде бозғылт 
трепонеманың иректелген түрі басым болады, артынша оның L-
формасына және цистаға айналады, бұл мерездің манифестті 
түрінің жасырын түріне ауысқаны жайлы патогенетикалық дәлел 
болып табылады. Науқас ағзасында бозғылт трепонеманың 
өзгерген формаларының ұзақ сақталуымен серорезистенттілік 
феноменімен байланыстырады – толыққанды ем жүргізгеннен 
кейін де оң серологиялық реакциялардың сақталуы. Цисталарға 
пенициллин әсер етпейді және олар антигендік белсенділікке ие, 
сондықтан бозғылт трепонемалардың өзгерген формалары 
ағзадан толық шығып болмай серологиялық реакиялар оң болады. 
Толыққанды емнен кейінгі циста мен L-формалардың 
вирулентті иректелген формасына айнала алу қасиеті аурудың 


клиникалық және серологиялық қайталануының патогенезінде 
маңызды роль атқарады. Кейбір науқастарда мерездің 
клиникалық белгілері мен серологиялық белгілерінің теріс нәтиже 
көрсеткенінен соң бірнеше айдан кейін серология оң нәтиже 
береді, ал кейбіреулерінде аурудың клиникалық белгілері 
дамиды. Қосымша арнайы (антибиотиктер) және арнайы емес 
(пирогенал, витаминдер) терапия әрқашан қажетті нәтижеге қол 
жетуге мүмкіндік бермейді. Тек бірнеше айдан соң өздігінен және 
қосымша емсіз серологиялық реакциялардың титрі түсуі мүмкін. 
Оң серологиялық тесттер қалай болғанда да арнайы ем жүргізуді 
қажет етеді. 
Иммунды жүйе бозғылт трепонема антигенұсынушы 
клеткалармен (моноцитарлы қатар жасушалары мен Лангерганс 
клеткаларымен) жанасқанда белсенеді. Антигенді ұстап ересек 
кезеңге ауысады, өсінділерін жоғалтып, лимфа түйіндері мен 
талаққа қарай ауысады, онда олар Т және В лимфоциттердің 
субпопуляциясына 
әсер 
етеді, 
CD4 
антигендерінің, 
кератоциттердің және қабыну инфильтратының жасушаларының 
презентациясын күшейтеді. Мұнымен қатар иммунитеттің 
жасушалық нұсқасының супрессиясы болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет