Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет47/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

1.5. 
Дерматовенерологиялық 
аурулар 
байқалатын 
науқастарды тексеру әдістері
Аурудың барлық симптомдары субъективті және объективті 
деп бөлінеді. Субъективті симптомдарға ауру сезінетін ауру 
көріністері, ал объективтіге тері мен кілегей қабықты қарау не 
пальпациялау кезінде дәрігердің табатын өзгерістері жатады. Жиі 
бөртпелер жалпы симптомдармен қатар көрінеді: жалпы әлсіздік, 
дене қызуының жоғарылауы, басының ауыруы, т.б.
Шағымдар.
Дәрігердің 
науқаспен 
қарым 
қатынасы 
шағымдарын 
сұрастырудан 
басталады. 
Дерматологиялық 
науқастар жиі қышынуға, күйдіру, шаншу, т.б. сезімдерге 
шағымданады. Алайда, субъективті белгілер аурудың ауырлық 
дәрежесіне емес, науқастың жеке ерекшеліктері мен оның жүйке 
жүйесінің реактивтілігіне байланысты. Кейбір науқастар сіл 
ауырсынуға шу шығарып, әсіресе, ал кейбірі терісінде айқын 
патология болса да көп аса шағым да айтпауы мүмкін. Бұл әсіресе 
көрінісі тек дерматозға ғана емес, көп жағдайда науқастың қалай 
қабылдайтынына байланысты қышынуға қатысты. Қышынудың 
объективті белгілеріне көптеген экскориациялар, яғни қышыну 
іздері және тырнақтағы өзгерістер тән. 
Қышынудың болу болмауының айқын диагностикалық мәні 
бар. Кей дерматоздар (қотыр, есекжем, нейродермит, жалпақ 
қызыл теміреткі, экземаның көптеген формалары, т.б.) бірыңғай 
қышынумен жүрсе, кейбірі қышынусыз не болар болмас 


қышынумен (псориаз, қызғылт теміреткі, пиодермия, тұрпайы 
және қызыл безеулер, т.б.) өтуі мүмкін. Бір ауруларда (биттеу, 
қотыр және т.б.) қышыну айқын терісін тырналаумен өтсе
кейбірінде қатты қышыну сезімі болса да (есекжем, жалпақ қызыл 
теміреткі) тырналаусыз өтеді. Сонымен қатар, қышынумен 
жүретін дерматозы бар, әсіресе қотыр науқастарда қышыну әдетте 
түнде, тері қызынғанда пайда болады немесе күшейеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет