Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет48/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Анамнез.
Шағымдарын сұрап болған соң науқастың ауру 
және өмір анамнезін жинауға кірісеміз. Дұрыс және толық 
жиналған анамнез тері және венерологиялық ауруларға диагноз 
қоюда үлкен мәнге ие. Аурудың пайда болуына және аурудың
сақталуына әсер еткен жағдайлар сәтті емге жол ашатын 
этиологиялық және патогенетикалық факторларды анықтауға 
көмектеседі. 
Жақсы жиналған анамнез диагностиканы жеңілдететіндіктен 
науқасқа ұтымды әрі анық сұрақтар легін қою қажет. Науқас 
ауруының пайда болуын немен байланыстырады? Алғаш қашан 
пайда болған (туа біткен не жүре пайда болған)? Белгілі бір тағам 
(жиі аллергенді табиғатты – шоколад, цитрустар, жаңғақтар, теңіз 
өнімдері және тағамдық токсидермия туғызатын түрлі тағамдар, 
герпетиформды 
Дюринг 
дерматитін 
шақыратын 
нан) 
қабылдаумен байланыстыра ма? Дәрі қабылдаумен байланысы 
бар ма (дәрілік токсидермия)? Бөртепелердің орналасуы дененің 
тек ашық жерінде (фотодерматоздар? фотосезімталдық қасиеті 
бар дәрілерге фототоксикалық реакция?) ма, әлде жабық жерінде 
(басқа дерматоз? дәрілерге фотоаллергия?) ма? Егер терінің ашық 
жерлеріндегі бөртпелер инсолляциядан кейін бірнеше минуттың 
ішінде пайда болса бұл – күн есекжемі; ал егер 24-48 сағаттан соң 
шықса, бұл – полиморфты дерматоз (күндік экзема). 
Ауыз қуысының айналасына шыққан бөртпелер периоральді 
дерматит не тіс пастасындағы фторға аллергиялық реакция болуы 
мүмкін. 
Кәсіптік тері ауруларына күмән болса, науқастың жұмысының 
ерекшелігін сұрастыру керек: мал бағумен айналысатындар, шикі 
етпен (әсіресе, шошқа еті), балықпен жұмыс жасайтын консерві 
зауытының жұмысшыларында – эризипелоид, сауыншыларда – 


сауыншы түйіндері, қасапшылар мен мал терісін өңдеушілерде – 
сібір жарасы, ветеринар дәрігерлер мен маңқамен ауыратын 
малдармен қызмет жасайтындарда – маңқа ауруы болуы мүмкін. 
Жиі көмірсутегімен (газ, мұнай өнімдері) жұмыс істейтін 
адамдарда 
токсикалық 
меланодермия 
кездеседі. 
Тері 
лейшманиозы, алапес, флеботодермия және бірқатар басқа да 
дерматоздарға күман туса, осы ауру көп кездесетін жерлерде аз 
уақыт болса да болған болмағанын сұрау керек. Мысалы 
лейшманиозда – Орта Азия немесе Кавказда болуы, терең микоз 
бен тропикалық трепонематоздарда – ыстық климаттық жерде
т.б. болуы маңызды. Уретрадан бөлініс, жыныс ағзаларында 
эрозиялық және жаралық элементтер болуына шағым болса
кездейсоқ жыныстық қатынастың маңызы болуы мүмкін. 
Бірқатар дерматоздарда аурудың мерзімділігі маңызды. Күз 
бен көктемде жиі көп формалы экссудативті эритема, қызғылт 
теміреткі, түйінді эритема, белдеме теміреткі кездеседі. 
Фотодерматоз, эритематоз, флеботодермия, сәулесоқ дерматит, 
эпидермофития, т.б. шағымдарымен дәрігерге алғаш жазда не 
көктемде, ал қалшылдаумен қыста, салқын мезгілде қаралады.
Кейде дерматоздың рецидив беруге бейімділігі (экзема, 
псориаз, табанның эпидермофитиясы, экссудативті эритема, 
Дюринг дерматиті, жай ұшық, т.б.) немесе, керісінше
қайталануға бейімділіктің болмауы (терең трихофития, қызғылт 
теміреткі, белдеме теміреткі, т.б.) диагностиканы жеңілдетеді.
Дәрілік бөртпеге күмәнданатын болсақ анамнездің берері мол: 
науқас бөртпенің қайталануын белгілі бір дәріні қабылдауымен 
байланыстырады, дегенмен науқастың дәрімен байланысын 
жоққа шығаруы дәрілік бөртпенің болуын толық жоққа шығара 
алмайды. Екшелеп сұрау барысында кей науқастар бөртпенің 
қайталануын 
шоколад, 
құлпынаймен, 
шаян 
жеуімен 
байланыстырады. Сондай-ақ, бұрын ауырған және қазіргі ауырып 
жүрген туберкулез, сифилис, бауыр, асқазан-ішек жолдары, қан, 
жүйесі аурулары мен нерв жүйесі, эндокринді бездер қызметінің 
бұзылысы да диагностикаға көмектеседі. 
Бірқатар жағдайларда науқастан сұрастыру арқылы дерттің 
жанұялық 
бейімділігін 
анықтауға 
болады. 
Бұл 
қотыр, 


дерматомикоздар, тұқым қуалайтын және туа біткен дерматоздар, 
т.б. көмектеседі. Сонымен қатар, қышынудың болу болмауын
оның интенсивтілігін, орналасу орнын, белгілі-бір уақытта 
күшеюін сұрастыру керек. 
Кейбір тері аурулары белгілі-бір жыныс өкілдеріне ғана тән 
болады. Мысалы, түйіндік қотыр, созылмалы трихофития, жүйелі 
склеродермия, түйінді эритема т.б., әйелдерде, ал ринофима, акне, 
келоид – ер адамдарда жиі кездеседі. 
Анамнез арқылы бөртпенің қашан және дененің қай бөлігінен 
бастап шыққанын, қашаннан бері сақталатынын, олармен қандай 
өзгерістер болғанын, яғни рецидив пен ремиссияның (егер болса) 
жиілігі мен ұзақтығын, бөртпенің тамақтанумен және бұрын 
жүргізілген еммен байланысын, ем нәтижесін біле аламыз.
Дерматологиялық науқастың өмір тарихын (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет