көпіршелері болады. Тығыз фиброзды тіннің көп мөлшерде
түзілуінен гипертрофиялық тері деңгейінен
көтеріңкі тыртықтар
пайда болады: оларды
келоидты тыртықтар
деп атайды.
Өте жұқа және аз көлемдегі дәнекер тінінен тұратын
тыртықты
атрофиялық тыртық
деп атайды. Бұл жағдайда
зақымданған жердің терісі жұқарып, қалыпты өрнегінен
айырылып, айналасындағы тері деңгейнен сәл төмендеу жатады.
Атрофияда зақымдану ошағының орнында жара болуы міндетті
емес, яғни “құрғақ жолмен” (қызыл жегі, склеродермияда).
Мұндай тыртықты саусақпен қысқанда темекі қағазы тәрізді ұсақ
қыртыстанып тұрады.
Тыртықтың орналасу орны, пішіні, мөлшері, көлемі және түсі
алдында болған терідегі патологиялық процесті диагностикалауға
көмектеседі.
Осылайша, мерездік гуммадан соң терең керілген
жұлдызша тәрізді тыртық, терінің колликватты туберкулезінен
соң лимфа түйіндері аймағында керілген тегіс емес бұрыс
пішіндегі көпірше тәрізді тыртық қалады. Дененің басқа
аймақтарындағы мұндай тыртықтар туберкулезде ғана емес, терең
созылмалы пиодермияда да кездеседі. Терінің папулонекроздық
туберкулезі айқын
шектелген мөр тәрізді тыртық, мерездің
үшіншілік кезеңінің бұдырлы сифилиді мозаика тәрізді қатты
тыртық қалдырады. Туберкулезді жегінің жазылуында теріде
тегіс жұқа және жылтыр атрофия орны қалады.
Лихенификация (lichenificatio) (14-сурет)
тері өрнегінің
қалыптан тыс анық көрінуімен жүретін терінің қалыңдауы мен
тығыздалуы,
ұсақ
кебекті
қабыршақтармен
жабылуы,
гиперпигментациясы мен құрғақтығы арқылы оған шагрень түрін
береді. Лихенификация теріні ұзақ уақыт қасып тітіркендірудің
нәтижесінде біріншілік (нейродермитте) немесе папулезді
элементтердің қосылысуынан екіншілік дамуы мүмкін (мысалы,
псориаз,
жалпақ қызыл жегі, созылмалы экзема, нейродермите –
диффузды
папулезді
инфильтрация).
Лихенификацияның
негізінде акантоз жатыр, яғни эпидермистің емізікаралық
өсінділері дермаға өте терең еніп тұруының, дерма емізіктерінің
ұзаруының және дерманың жоғарғы қабаттарындағы созылмалы
қабынулық сіңбелердің нәтижесі.
Вегетация (vegetatio) (15-сурет)
ұзақ жүрген қабыну
процесінің аймағында тері емізіктерінің қалыптан тыс өсіп кетуі,
кейде
ағаш бұтақтарына ұқсап кетеді, әдетте, бұл жағдайда
эпидермистің тікенекті қабығы қалыңдайды, әсіресе, емізікаралық
өсінділері ұзарады. Вегетация беті тегіс емес, кедір-бұдыр, кейде
әтеш айдарына ұқсайды. Егер вегетацияның беті қалың
мүйізделген болса, ол құрғақ, қатты, күлгін-сұр түсті болып
келеді. Ал, эрозияланған вегетациялар жұмсақ, қызыл түсті, тез
қанағыш, бетінде ұйыма не ірің аралас сұйықтық бөлініп тұрады.
Екіншілік инфекция қосылса ауырсыну, шеттерінде гиперемия,
серозды-іріңді бөлініс болады.
Достарыңызбен бөлісу: