Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


-сурет. Туберкулезді жегі



Pdf көрінісі
бет84/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 
32-сурет. Туберкулезді жегі 


бұзылса, құс тұмсығына ұқсас мұрын қысқарады және 
үшкірленеді; қастың айналып кетуі, ауыз тесігінің тарылуы, құлақ 
қалқанының деформациясы болуы мүмкін. Бұның бәрі науқастың 
түрін өзгертеді. 
Туберкуезді жегі жиі процесс мұрын терісінде, ерінде 
рожамен, аяқта лимфангиттермен, пиогенді процесспен 
(lupus 
impetiginosus)
, әсіресе атрофияланған жегілік тыртықтар фонында 
тері рагімен 
(lupus carcinoma)
асқынуы мүмкін. Тері рагі ұзақ 
жегімен ауыратын адамдарда бет терісінде дамуы мүмкін.
Туберкулез диагностикасында тері туберкулинді сынамалары 
көмектеседі. Пиркенің скарификациялық реакция принципі 
бойынша (1905) теріішілік Манту сынамасы және теріүстілік 
Моро сынамасы қолданыла бастады.
Туберкулезді жегі – ұзақ ауру. Кейбір жағдайларда көп 
жылдар бойына емдемегеннің өзінде зақымдалу ошағы үдеуге 
бейімділік байқалтпайды, ал кейде процесс біртіндеп таралып, 
терінің жаңа аймақтарын камти береді. Бұған, организмнің 
қорғаныш күштерін әлсірететін және оның реактивтілігін 
төмендететін 
интеркурренті 
аурулар, 
өмірдің 
жағымсыз 
жағдайлары және басқа факторлар ықпал етеді.
Т
ЕРІ КОЛЛИКВАТИВТІ ТУБЕРКУЛЕЗІ
 
Скрофулодерма 
немесе терінің колликвативті туберкулезі. 
Тері туберкулезінің тек қана балалық шақта және 
жасөспірімдік кезеңде кездесетін түрлері. Скрофулодерманы 
теріге туберкулез микобактериясын гематогендік жолмен жеткізу 
нәтижесінде дамитын тері жамылғысының кезкелген бөлігінің 
зақымдалуымен (жиі бұл жекелеген зақымдалулар) байқалатын 
біріншілік және инфекция 
per continuitatem
өтетін лимфатикалық 
түйіндердің, сиректеу сүйектердің, буындардың зақымдануы 
байқалатын 
екіншілік 
(айтарлықтай 
жиі) 
деп 
бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет