орталық (терінің атрофияланған, тегіс емес кедір-бұдырлы түбі
бар аймағы). Жазылғанда, ошақтардан кейін тыртықтар қалады.
Процесске көбіне аймақтық лимфа тамырлары мен түйіндері
қамтылады. Сүйелді өсінділерді бүйірінен басқанда, жарықтардан
эпидермисасты микроіріңдіктерден ірің тамшылары шығады.
Негізгі ошақтың шеттерінен жаңа түйіндер мен қатпарлар пайда
болып, біртіндеп бір-бірімен қосылады. Процесс аяқталғаннан
кейін зақымдалған ошақтар орнында тыртықты атрофия қалады;
бұл аймақтардың жегіден айырмашылығы жаңа элементтер пайда
болмайды. Науқастың жалпы жағдайы әдетте, қанағаттанарлық.
Туберкулин реакциялары 80-96,5% науқастарда оң мәнді болып
келеді. Балаларда сүйелді туберкулез жарақат орнында болған
аутоинокуляция нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдайда
жалпы
жағдайының
бұзылып,
лимфаангаиттер
және
лимфадениттердің пайда болуы байқалуы мүмкін. Регресс
кезеңінде ошақтар тыртықталып, негізгі ошақтар шеткі жиегінде
жаңа төмпешіктер пайда болуы мүмкін. Ошақтардың орнында
атрофияланған тыртықтар қалады.
Емі.
Тері туберкулезінің арнайы емінен басқа өткір қасықпен
қырып тастауды, диатермокоагуляцияны, рентгенрадиотерапияны
қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: