Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет81/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

шанкр 
формалы
пиодермиямен кездеседі. Оны, бұрын пиодермияға 
жатқызылған, ал қазіргі кезде қатерлі емес, гемангиома тәрізді 
ісіктер тобына жатқызылатын, пиогенді гранулемадан ажырату 
керек. Жедел қабыну байқалмайтын, көбіне аяғында орналасатын.
Процесс жарақаттар орнында дамиды, бұршақтан шиеге дейнгі 
мөлшердегі, қара-қызғылт түсті, жұмсақ консистенциялы ісіктер.
Пиодермияның 
алдын-алу.
 
Терінің 
стафилококкты 
ауруларын алдын-алуды пиодермия дамуына жағдай болатын 
өндіріс орындарында жүргізу аса маңызды. 
Біріншіден, өндіріс пен тұрмыста санитарлық-гигиеналық 
талаптарды сақтау керек. Дене тәрбиесі, спорт, шынығу, дұрыс 
тамақтану ағзаның жалпы қарсы тұру қабілетін жоғарылатады. 
Жыл сайын диспансеризациялау, сауықтыру шаралары, ауру 
дамуы мүмкін өндіріс орындарында алдын-алу тексерістерін 
өткізу, науқастарды реабилитациялау, жалпы жағдайы мен 
қосалқы ауруларын ескере отырып рецидивке қарсы ем жүргізу 
пиодермитті алдын-алуда улкен маңызға ие.
Өндіріс орындарында теріні санациялауда пленка тәрізді 
аэрозольдардың нәтижелілігі жоғары. Флаконның ішіндегісі 
бірнеше секундтың ішінде пленка кебуі үшін үзіліс жасап тез 
бүркіледі. Осы мақсатта дифузоль (құрамында фурациллин бар), 
оксициклозоль (құрамында окситетрациклині бар), левовинизоль 
(құрамында левомицетині бар), цитраль, диоксипласт (құрамында 
диоксидині бар), неотизольді (құрамында неомицин-сульфат бар) 
қолданады. Антисептикалық майлар – левомиколь, левосин, 
альгипор (фурациллині бар лиофилизирленген гель, префузин 
гелі) – айқын бактериоцидті әсер етеді. Тері санациясы үшін 
белсенді жуу құралдарын қолданады: дегмицид, мирамистин, 
цетилпиридиний-хлорид, роккал, церигел, негізінде сибикорт 
майы дайындалатын хлоргексидинобиглюконат (гибитан). 
Өндірістік ластанудан теріні уақытында және толықтай 
тазарту патогенді микроорганизмдерді жұқтырып алуды алдын-
алады. Ұсынылатын синтетикалық детергендердің ішінде ДНС-


АК сульфоянтарлы қышқыл моноэфирінің жақсы жуғыш әсері 
бар және рН-ы терінікіне жақын. АБ катамині негізінде жасалған 
“Вега” жуғыш пастасы айқын бактериоцидті әсер етеді. Тері 
күтімі үшін құрамына түрлі биогенді стимуляторлары, 
дәрумендері, өсімдік гормондары, өсімдіктердің спирттегі 
ерітіндісі кіретін эмульсиялы жақпамайлар жағады. 
Аутоинокуляцияның алдын-алу үшін үстінде іріңдігі бар 
балаларды жуындыруға, ал ересектер душ пен ванна қабылдауына 
болмайды. Емшек жасындағы балаларға калий перманганатының 
әлсіз ерітіндісімен, түймедақ ерітіндісімен, 1:1000 этакридин 
лактатымен кішкене ванналар жасауға болады. Шоколад, бал 
және басқа да тәтті тағамдарды міндетті түрде шектеу керек. 
Қотыр, экзема, отит, ринит, конъюнктивитті емдеп, созылмалы 
инфекция ошақтарын (созылмалы тонзиллит, тіс жегісі, 
холецистит, 
жыныс 
мүшелерінің 
созылмалы 
аурулары) 
санациялау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет