Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет82/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

2.1.2.
 
М
ИКОБАКТЕРИЯЛЫ ИНФЕКЦИЯЛАР
 
2.1.2.1. Тері және ауыз қуысының кілегей қабатының 
туберкулезі 
Туберкулез микобактерияларымен шақырылатын терінің 
зақымдалуы клиникалық және морфологиялық көріністеріне 
және ақырына байланысты ажыратылады.
Туберкулез микобактериясы полиморфты, бациллярлы, жіп 
тәрізді, дәнді, фильтрациялық даму сатылары бар. Ол қышқылға 
төзімді, грам оң, капсуласы болмайды және спора түзбейді.
Туберкулез микобактериясының адамдық 
(humanus)
, бұқалық 
(bovinus)
және құстық 
(avium)
түрлері анықталған. Тері 
туберкулезінің ошақтарында жиі адамдың, сирек – бұқаның, өте 
сирек – құстың типті микобактериясын анықтайды.
Терінің туберкулезді ауруы, әдетте, бұрын басқа мүшелердің 
туберкулезімен ауырған немесе ауыратын адамдарда екіншілік 
болып дамиды. Терінің біріншілік зақымдалуы – туберкулезді 
шанкр – терінің кедергілік функциясына байланысты өте сирек 
кездеседі.


Патогенезі.
Туберкулез инфекциясының даму механизмі 
күрделі, себебі тері аэробты туберкулез микобактериясының өмір 
сүруіне қолайсыз орта болып табылады. Туберкулезді зақымдалу 
пайда болуында иммунды және тамырлық бұзылыс, гормональды 
дисфункция, зат алмасу бұзылыстары, сонымен қатар әлеуметтік 
(тұрмыс жағдайы, тамақтану, өндірістік зиянды заттар) және 
климаттық 
факторлар 
патогенетикалық 
роль 
атқарады. 
Туберкулездің дамуында жиі иммунды механизмды әлсірететін 
және сенсибилизациямен жүретін инфекциялық аурулар алып 
келеді. Әсіресе, қызамық, көкжөтел, балаларда тұмау қауіпті 
болып келеді.
Туберкулездің микобактериясы жиі ауыз қуысы терісі мен 
кілегей қабатына ішкі мүшелердің туберкулезді ошақтарынан 
немесе 
per continuitatem
тән, туберкулезбен зақымдалған мүшелер 
мен тіндерден гематогенді немесе лимфогенді жолмен енеді.
Терінің туберкулезды зақымдалуының көптеген формаларын 
жергілікті (ошақты) және терінің шашыранды туберкулезі деп 
бөледі. Жиі кездесетін жергілікті формаларына туберкулезді жегі, 
скрофулодерма (коликвативті тері туберкулезі), сүйелді және 
жаралы тері туберкулезі, Базеннің индуративті эритемасы 
жатады. Терінің шашыранды туберкулез тобына милиарлы 
туберкулез, 
шіріншелік 
(золотуха) 
туберкулез, 
папулонекротикалық туберкулез құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет