«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық



Pdf көрінісі
бет17/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

2.
 
Нәпсіқҧмарлықтан бас тарту керек 
Нәпсінің қалауы мен әдеттері адам үшін ӛлтіретіндей у және адамды тӛменге 
тартатын ауыр салмақ секілді. Рух нәпсіге қарсы түрде дамиды және кӛтеріледі. Яғни, 
33
Анкебут, 29\3 
34
Б
ұ
хари, Мезалим, 22 


15 
нәпсі ӛскен сайын рух кішірейеді, қысылады. Осының нәтижесінде жүрек, сезім және 
рухани сезімдерде бір кемістік пайда болады.
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) сӛздерінде шайтан адамның 
тамырында жүреді. Олай болса «Сендер оның жүретін жерлерін біраз тарылтыңдар»
35

Оны аштықпен, шӛлмен, қалауларынан мақұрым етумен қинаңдар. Ойына келгенін 
жеген, әртүрлі тағамдармен қоректенетін адамның нәпсісіне беріліп, ұят пен намыстан 
ада болуы қалыпты нәрсе.
Осыған байланысты ерікті қолданып, нәпсінің азықтану жолын қысу ӛте 
маңызды. Әйтпесе, нәпіс әрдайым шайтанға ашық тұрған есікке айналады. Шайтан 
секілді нәпсіден де адамға пайда келмейді. Нәпсінің жамандықтарға бастаушы үлкен 
жау және оған қарсы ең үлкен жиһадтың жасалуы керек дұшпан екенін білу - одан және 
шайтаннан құтылу, сол арқылы Аллаһқа жақындау жолында басылған алғашқы 
қадамдар. 
Сол себептен нәпсімізге тыйым салуды біліп, оны тәрбиелеу жолында керекті 
шараны атқаруымыз керек. 
 
3.
 
Кітап оқып, кӛп ойлану керек 
Әрбір адам күн сайын терең ойланып, алдымызға берілген ғалам кітабынан 
даналықтың қазыналарын жинап, Хақ Тағаланың жіберген нәбилерінің кӛрсеткен кең 
жолынан ұстанулары керек. Осы жол арқылы ол рухына ӛмір береді, басылған әрбір 
қадамы оған жаңа күш қосады және мұндай адам ар-намыстың үлгісі болу жолында 
сенімді қадамдармен алға басады.
Кітап пен сүннет барлық рухани жараларымызды кесіп алып тастаса, заманға 
қарай ӛзгеріп отыратын емдеу әдістерімен данагӛйлердің еңбектері, осы еңбектердегі 
ӛлімсіз ақиқаттар рухани жараларымызды қысқа уақытта емдеп жазатын дәрі ретінде 
әрдайым жанымыздан табылуы керек. Осындай қағидалар шеңберінде ӛз ретімен осы 
еңбектерді жалықпай, талмай оқу керек. 
Жүрегіміз бен ой-санамыздың бағыты мен жандылығы үшін пайғамбарымыздың 
ӛміріне, сахабалар, табиин және ғасырларға сәулесін тӛккен ұлы адамдардың 
ӛмірлеріне қатысты еңбектердің оқылуы, тыңдалуы, зерттелуі және олардың үлгі етіп 
алынуы ӛте маңызды. Сол үлкен мысалдармен ӛзін және ӛмірін салыстыра білген адам 
«Олар сондай болатын, ал біз қандаймыз?» деп ойланып, ӛзін есепке тартады, 
осылайша жаңа бір күшке ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет