Сабақ №2 Қазіргі заманға педагогикалық технологиялардың негізгі қасиеттері



бет1/3
Дата04.04.2023
өлшемі20,96 Kb.
#79192
түріСабақ
  1   2   3

Қосымова Жансая
ПМНО-20\35
Практикалық сабақ №2
Қазіргі заманға педагогикалық технологиялардың негізгі қасиеттері. 

Білім алу, шеберлікке, іс-әрекет дағдыларына үйрету мен меңгеру барысы және 
адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы – оқыту.Оқыту 
барысының нәтижесінде білім беру мен тәрбие мақсаттары жүзеге асырылады. 
Түрлі оқу орнындағы оқыту- білім берудің басты жолы,сол сияқты оқу отбасында, 
өндірісте, жұмыста т.б. күнделікті адамның тіршілік және қызмет барысындағы 
жағдайларда іске асып отырады. 
Оқытудың мазмұны мен сипаты қоғамның материалдық және мәдени даму 
дәрежесіне сай белгіленді. 
Оқудың мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлері мен әдістері 
адамзат қоғамының даму кезеңдеріндегі қоғамдық қатынастар негізінде, жалпы білімге, 
адамдардың даярлығы негізінде қойылатын талаптардың сипатына және оқыту 
жөніндегі педагогикалық идеяларға сай өзгері отырады 
«Дәстүрлі оқыту» ұғымы XVІІ-ғасырда Я.А.Коменский «ұлы дидактика» еңбегінің 
негізінде қалыптасты, күні бүгінге дейін әлем мектептерінде қолданылатын сынып-
сабақтың оқытуды ұйымдастыру деп түсіндіріледі. 
Дәстүрлі сыныптық-сабақтық технологияның ерекшелікері мыналар: 
- оқушылардың жас ерекшеліктері бір деңгейде болады және дайындық көлеміне 
қарай сыныпты құрайды. Бұл құрам негізінен мектептегі кезеңде еш өзгеріссіз 
сақталады; 
- сынып біріңғай жылдық жоспармен және бағдарламаға сай сабақ кестесімен 
жұмыс істейді.Осыған сәйкес балалар мектепке бір мезгілде және алдын ала белгіленген 
уақытта келулері тиіс; 
- оқудың негізгі бірлігі-сабақ; 
-сабақ бір пәнге, бір тақырыпқа арналған. Бір сыныптың оқушылары бір 
материалмен жұмыс жасайды; 
- сабақта оқушылармен жұмысты мұғалім жүргізеді.Ол жеке пәндер бойынша әр 
оқушының білімін жеке-жеке бағалап, жыл соңында сыныптан сыныпқа көшіру 
мәселесін шешеді; 
- оқулық негізінен үй тапсырмасын орындау үшін қажет; 
- оқу жылы, оқу күні, сабақ кестесі,оқу демалыстары,үзілістер, сабақтар 
арасындағы үзілістер – бұлардың бәрі сыныптық сабақтық жүйенің атрибуттары. 
Оқытудың мақсаты – қозғалушы категория, бұған дейінгі педагогика оқытудың 
мақсаттары былайша құрылған еді: 
- білім жүйесін құру, ғылым негізін үйрену; 
- ғылыми көзқарастар негізін қалыптастыру; 
- әрбір оқушының жан-жақты, үйлесімді дамуы; 
- адамзаттың жарқын болашағына ,сенімді күрескерлерді тәрбиелеу; 
- ой еңбегіне, сондай-ақ дене еңбегіне қабілетті, жоғары білімді ақыл-ойлы 
адамдарды тәрбиелеу; 
Сонымен қыту технологиясының мақсаты-бұл берілген қасиеттері бар тұлғаны 
тәрбиелеу. 
Оқыту технологиясы тұлғаның дамуына емес, білімді, шеберлікті,дағдыны 
меңгеруге бағытталған. 
Қазіргі жалпы мектептерде мақсаттар біршама өзгертілді-идеологизация 
жойылды, жан-жақты үйлесімді дамудың үндеулері алынып тасталынды, 
өнегелі тәрбие үлгісі өзгертілді, бірақ негізгі мақсаттардың міндеті алдын ала 
жоспарланған сапалы білім алу стандарттары сол күйінде қалды. 
Дәстүрлі технологиямен оқытатын мектептер «білім мектебі» болып саналады. 
Қазіргі ғылыми техникалық прогрестің жағдайында жаңа әлеуметтік талаптарға, 
оқушылардың жеке басының даму мүмкіндіктеріне сай оқудың мазмұны мен әдістерін жетілдіріп, оқу құралдарының жаңа түрлерін жасау қажеттілігі туды. 
Оқытудың мазмұнында ғылымның соңғы табыстарына сай теориялық материал 
көлемінің артуы, оқытудың дамып келе жатқан саласына


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет