12
қорғай алмаймын. Күнәларға салынамын. Ӛзіме қаншама рет сӛз бердім. Бірақ, одан
ештеңе шықпайды».
Ұлы Жаратушы кейбір есімдері мен сипаттарынан мұхиттың бір тамшысындай
етіп құлдарына да берген. Мысалы, ӛзі жалғыз кешіруші, бізде де осы сипат, яғни
кешірімшіл болу белгілі бір мӛлшерде бар. Осы сияқты азғантай еркімізбен біз де
ӛмірімізді нұрға немесе қараңғылыққа айналдыра аламыз, табысты немесе табыссыз
бола аламыз.
Бір сарай туралы ойлаңыз, ол әлемдегі ең әсем ӛнер туындысы болсын делік.
Ішінде барлық нәрсе бар. Бәрі де ең әсем, ең салтанатты, ең бағалы, ең жаңа болсын.
Жарықтандыру жүйесі кӛздің жауын алады. «Аш» деген нүктені бассаңыз ашылады.
Жарық та солай. «Қос» деген нүктені бассаң қосылады, «ӛшір» деген нүктені бассаң
ӛшеді.
Міне, сізге тән және сізге берілген осы сарайды басқару бұйрығы сіздің
кішкентай еркіңіз болып табылады. «Жоқ» десеңіз берілген бұл нығметті қайтару
болады. Сарайдың иесін айыптау болады. Алайда, «Бар» бұйрығын қолдана алмаймын
десеңіз онда сіз бен әсем сарайыңызға обал болады.
«Алғаш қарағанда күнә жоқ, кӛздеріңізді харамға жұмыңыз немесе басқа жаққа
қараңыз» деген бұл сарайдың жол кӛрсетушісі (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) «егер
бұйрықты дұрыс қолдансаңдар осы сарайда рахатқа бӛленесіз, әрі сарай иесінің одан да
үлкен сарайларына ие боласыз» дейді. Мұны қолындағы сарайды қолдану кітапшасы
немесе қол дәптеріндегі сӛйлемдермен растайды.
Иә, сол кітапта және қосымша кітаптарда сарай иесінің сізге күре тамырыңыздан
да жақын екені, осы сарайларға сыймаса да сіздің жүрегіңізге сыйғаны, егер бұйрықты
жақсы қолдансаңыз сіздің кӛретін кӛзіңіз болатыны да жазылған.
Олай болса, «Жасай алмаймын, істей алмаймын» деудің орнына тіпті
«еріксізбін» деудің орнына «Ерік күшім бар, осыған дейін сол кітапты жақсы
оқымаппын және де жол кӛрсетушінің сӛздеріне құлақ аспаппын. Бұдан былай
бұйрықты жақсы қолданып, нәпсімнің басшысы болып, осы зәулім сарайды тағы
мыңдаған сарайларға қол жеткізу үшін бағалап, қолданамын» деуіміз керек. Қазірге
дейін күн сайын байқамастан жүздеген рет ашып-жұматын кӛздерімізді бірнеше рет
саналы түрде жұмамыз, сол ғана...»
Достарыңызбен бөлісу: