Методические рекомендации по использованию современных ресурсов для образовательного процесса в условиях инклюзии



Pdf көрінісі
бет38/68
Дата29.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#144820
түріМетодические рекомендации
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68
Байланысты:
инкл каз

Қолжетімді математиканы оқыту 
Математикалық белгілерді қолжетімді ету қиындау. Мазмұнды өрнектердің 
тәртібін сақтамай ауызша оқу шатастыруы мүмкін. Десе де, мәтінді сөзге 
айналдыратын құрылғылар жетілдіріліп келеді және қолжетімділік пен 


110 
түсініктілікті қамтамасыз ете отыра, математикалық белгілерді дәлме-дәл 
интерпретациялай алуда. Құралдардың көбі математикалық белгілерді құрудың 
бірнеше нұсқасын ұсынады: сіз оларды баса аласыз, айта аласыз және сурет 
сияқты сала да аласыз. Осы опциялардың негізінде білім алушыларыңыз 
математиканы меңгеруде жетістіктерге жете алады.
Microsoft OneNote 
Microsoft қосымшасына OneNote және Word секілді кіріктірілген 
иммерсивті оқу функцияларын пайдалану негізінде математикалық белгілерді 
ауызша дыбыстатуға болады. Windows 10-ға арналған Microsoft OneNote және
OneNote Online математика бойынша көмекшіге ие. OneNote сурет салу 
құралдарын математикалық белгілерді қолдан жазу үшін пайдаланыңыз. 
Қолжазба «Математиканы» таңдау негізінде қолжазба мәтінді мәтінге 
айналдырыңыз.
Қолжетімді видео негізінде оқыту 
Видео – бұл біздің көпшілігіміз көңіл көтеру үшін ғана емес, сонымен қатар 
ақпаратты зерттеп, оған қол жеткізу үшін пайдаланатын құрал. Видео сонымен 
қатар қуатты камералары бар мобильді құрылғылары бар көптеген білім 
алушылар үшін байланыс пен өзін-өзі көрсетудің маңызды әдісі болып 
табылады.
Қазіргі жастардың қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін оқу 
процесінде әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланыңыз және 
оқытудың әмбебап дизайнының (UDL) барлық үш қағидасын қолдау үшін 
видеоны пайдаланыңыз. 
Видео білім алушыларды қандай да бір тақырыпқа тартудың, 
қызықтырудың қажетті құралы болып табылады. Себебі мұны баспа нұсқа жасай 
алмайды.
Видео білім алушыларға ақпаратқа қолжетімділікке ие болу қиынға 
соққанда тағы бір нұсқаны ұсынады және оны баспа көмегімен 
интерпретациялайды.
Видеоны жасау білім алушыларға өздерінің түсінгендерін көрсету үшін 
қосымша мүмкіндік береді, шығармашылық тұрғыда шыңдайды және өзектілігі 
мен сенімділігін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет