P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


беруші қыруар қаржы жұмсап, жарнама жасатып жатқандықтан



Pdf көрінісі
бет105/277
Дата29.12.2023
өлшемі7,74 Mb.
#144903
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   277
Байланысты:
Жаксылыкбаева Р.

беруші қыруар қаржы жұмсап, жарнама жасатып жатқандықтан
мэтіннің жұртшылыққа арналып дұрыс эрі түсінікті жазылуын,
жалпы алғанда, жарнаманың дұрыс жасалуын қадағалауға тиісті.
Жарнаманың дүрыс-бұрыс болуына жасаушы емес, беруші адам
мүдделі болуы керек. С ебебі, ертеңгі күні жарнаманың нәтижесін
көретін де с о л а р .
Д есек те, жарнама берушілердің өз мүдделеріне немқұрайды
қарап отырғанын газет бетіндегі жарнамалардан көруімізге бо-
лады. Бұл осы бетімен жалғаса беретін болса Жарнама туралы
2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508-ІІ Қазақстан Республика-
сы Заңының 3-бабында «ж өнсіз жарнама» деп атап көрсетілген
түріне баратынымыз анық. «Ж өнсіз жарнама - мазмұнына,
уақытына, таратылу, орналастырылу орнына жэне тэсіліне
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптардың
бұзылуына жол берілген жосықсыз, дэйексіз, эдепсіз, көрінеу
жалған және жасырын жарнама» (Жарнама туралы Қазақстан
Республикасының Заңы. - 2003. - 19 желтоқсан).
Жалпы, түрлі сірескен аудармалар қазақ тілінің еркін көсіліп
даму, сөздік қорын молайту мүмкіндігін шектейді. Әсіресе,
аударғанда тек орыс тілінің мағыналы жағына басымдық беру
қазақ тіліндегі сөз бен ұғым арасын алшақтатады. Осыдан соң сана
кез келген сөздің мағынасын орыс сөзінің үғымымен қабылдауға
мэжбүр болады. Егер біз ресми құжаттар мен жарнамалардың
мэтінін қазірден бастап төл тілімізде жазбасақ, тіліміз жұтаң тар-
тып қана қоймайды, сөздік қорымыздың бай екеніне күмэндана
қарайтындардың қатары өсе береді. Өйткені, біз қазірдің өзінде
қазақ тіліндегі жарнамалардың мэтінін түсіну үшін оның орыс
тіліндегі мәтінімен салыстырып жүрміз.
Бақылау сурақтары мен тапсырмалары:
1. Жарнама туралы түсінік.
2. Жарнама түрлері.
3. Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңы.
4. Қазақ тіліндегі жарнамаларға қойылатын талаптар.
5. Қазақ жарнамасындағы қате аудармалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет