(негізінен алғанда мутациялық және үйлесімді) өзгергіштігі болып саналады.
Жылдам және
жақсы аң аулағыштар, жауынан қорғанып, қорегін аулап,
құралдар мен от жаға білгендер артықшылығы болғандықтан, сұрыптауда
сақталып қалды және ұрпақ берді. Австропитектерде,
ішінара питекантроптарда бүкіл тіршілік еткен өмірде
одан әрі осылай
жалғасты. Кейінірек еңбек барынша үлкен рөл атқара бастады. Сәбилер әр түрлі
заттармен неғүрлым көп ойнаса, олардың ақыл-ой қабілеті, миының дамуы тез
және жақсы қалыптасатыны белгілі.Психологтар түйме немесе өзге ұсақ
заттарды іріктеп ойнайтын балалардың ертерек сөйлей бастайтынын дәлелдеді.
Бұл физиологиялық көзқарас тұрғысынан да түсінікті, өйткені миға әр түрлі
сыртқы сақтандыру белгілері туралы жүйкелік серпіндер түседі және оның
жасушалары желеу алып, тезірек дамиды. Сөйтіп
алғашкы архантроптардың
(ежелгі адамдардың жиынтың атауы) қолы ғана машықтанып қоймай, колға тас
немесе таяқ ұстаған кезде миы да жаттықты. Антропогенездің екінші күшті
факторы - қарым-қатынас, ужымдасып өмір суру. Гориллаға қарағанда
үйірлесіп өмір сүретін шимпанзенің ымдасуы едәуір дамиды. Бұл бірін-бірі
дұрыс түсініп, жанжалдасудан құтылуға жәрдемін тигізеді. Ал алғашқы
адамдарға адамдармен мақсатка сәйкес бірлесіп әрекет жасау үшін
ғана емес,
сондай-ақ келесі ұрпақка ақпарат беру үшін де қажет. Мұнда тағы бір
әлеуметтік фактор - тәрбие беру пайда болды. Өйткені адамдар іс жүзінде
тұмысынан ешқандай дағды ала алмайды. Жүлдызқұртқа қуыршак жасауды, ал
балараға көрез (соты) жасауды үйретудің қажеті жоқ, алайда адам үйретпей,
ештеңе істей алмайды. Бозбаланың ақылды және тапқыр-пысық болып,
жануарлар әлемінен адами қоғамға оңай өтуі тек
Киплингтің Мауглиінде ғана
кездеседі. Тарихта адам баласының табиғат тауқыметіне тап болып, өмір
сүргендігі туралы деректер бар. Бірақ олар ешқашан да адам бола алмаған! Бұл
тіршілік иелері біздің қоғамға бейімделе алмады, қалыпты адами өмір сүруге
орала алған жоқ. Адам қоғамы мен тәрбиесінде болмаған балаларға қарағанда,
тіпті қолда өсірілген маймылдар адам ортасында өмір сүруге бейімірек болды.
Достарыңызбен бөлісу: