Философия пәнінен қорытынды бақылау сұрақтары Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия



Pdf көрінісі
бет16/63
Дата29.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#144904
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63
Байланысты:
Философия ответы

Санасыз әрекет 
— адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарылатын 
әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды, қашан, қалай болғаны 
жөнінде есеп бере алмайды. Санасыз әрекеттің қарапайым мысалына 
адамның ой жүгіртпей істелетін дағдылы әрекеттері, түс көру, кейбір 
мәселенің шешімін кенеттен аян бергендей табуы, т.б. жатады. Санасыз 
әрекет туралы ойлар Г. Лейбниц, В. Вундт, З. Фревд. т.б. ғалымдардың 
еңбектерінде кездеседі. Санасыз әуестік — белгілі бір уақытта адамның 
өзі түсінбейтін, бірақ оның психологиясы мен қылығына әсер ететін 
адамның ішкі түрткілері, қажеттіліктері, қылық себептері. 
 
17.Бейсаналық, сана, санадан жоғары.
Сананың құрылымы 
Сана мидың айналадағы объективтік шындықты 
бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде 
кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері — түйсік, 
қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер 
адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері — адамның алдына қойған 
мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы 
жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады. 
Бейсана (ағылш. unconscious) — саналы адам мінез-
құлқындағы сананың қатысуынсыз, ойламай, дағдыға айналған қасиет арқылы 
әрекет жасау.[1] 
Фрейд концепциясындағы психикалық энергияны білдіретін ұғым. Бейсаналық 
адам мен жануарлар арасындағы ұксастықты, туыстықты 
аңғартады.[2] *Бейсана - санасыз акт адамның жан дүниесінде санадан тыс 
атқарлатын әрекет. Бейсана әрекетке адам мән бере қоймайды. Бейсана субъект 
өзіне әсер бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбыстың ықпалымен 


болатын психикалық үрдістер актілер мен күйлер жиынтығы немесе 
психикалық бейнелеудің формасы. Бейсананың санадан айырмашылығы 
бейнесаны ырықты бақылау және ондай әрекеттерде бағалау мүмкін емес. 
Бейсаналықта өткен қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актінде 
іске асады (мысалы түс көруде). Бейнесалық балада ертеректе болатын (таным 
әрекетінде) ойлауында интуициясында аффектісінде үрейленгенде түстерінде 
гипноздық жағдайда көрініс береді. Бейсаналы құбылыстарды психоанализ 
бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп З.Фрейд "бейсаналықты динамикалық 
ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол бейсаналықта әлеуметтік 
нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойылық пен 
құштарлықтар болады деп түсінген. Психологияда бейсаналықты зерттеуге 
қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде. 
Сана (ағылш. mind) – өзіне қатысты кез келген нәрсеге бағытталып, оны қайта 
бейнелей алатын, өз-өзіне айқын менталды феномендерді әйгілейтін түрлі 
қабілеттер кешені. Бұл 
қабілеттерге ойлау, қиял, жады, ерік және сезім қатарлылар жатады. 
Олар түйсіну, ауырсыну тәжірибесі, сенім, аңсар, ниет және эмоция секілді 
түрлі рухани феномендерді әйгілейді. 
Менталды феномендердің түрлі қабаттағы өзара байланысты әртүрлі 
классификациялары ұсынылды. Әдетте олар сезімдік, болжамдық, 
ниеттенулік, ар-намыстық және кездейсоқ болуына орай түрлі топтарға 
жіктеледі. Сана дәстүрлі мәдениеттерде ерекше субстанция ретінде түсіндірілді, 
дегенмен қазіргі заман перспективасы көбінесе сананы адам мен жоғары 
деңгейлі жануарларға тән ішкі қасиет және қабілет ретінде қарастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет