Микробиология



Pdf көрінісі
бет36/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Бактериофагтар – 
телімді 
антигендік қасиеті бар, кӛлемі 
жағынан 
ҧсақ 
болып 
келетін 
(10...350 нм), облигаттық жағдайда 
тоғышарлық ететін бактериялар-
дың вирустары. Бактериофагтар 
фагтарға телімді жас бактерия 
ӛсінділерінде ғана тоғышарлық 
етеді. Бактериофагтарды қҧрамын-
да тірі микробтары бар әртҥрлі 
материалдардан (ағынды сулардан, 
жара сҧйықтықтарынан, адам мен 
жануарлардың 
нәжістерінен, 
топырақтан) бӛліп алуға болады. 
Фагтардың атауы ӛздерінің лизиске 
ҧшырататын микробтың тҥріне 
(ішек таяқшалары мен сальмонеллалардың фагтары) байланысты 
аталады. 
Фагтарды бӛліп алу ҥшін зерттелетін материалды бактериялық 
сҥзгіден ӛткізеді. Пайда болған сҥзіндіні ет пептонды сорпасы (ЕПС) бар 
колбаға енгізіп, оған белгілі бір бактерия тҥрінен себінді жасайды. 
Себінді жасалған колбаларды 16-18 сағат бойы 37°С температураға 
реттелген термостатта ҧстайды. Уақыт ӛткен соң ӛсіндіні қайтадан сҥзіп, 
фагтардың бар немесе жоғын анықтайды. Ол ҥшін 10 мл ЕПС бар шыны 
тҥтікке 0,05 мл қоймалжың бактерия суспензиясынан себінді жасап, оған 
0,1 мл зерттелетін сҥзінді қосып, термостатқа қояды. Әр екі сағат сайын 
ЕПС қҧйылған (сҥзіндісі жоқ) бақылаудағы шыны тҥтіктермен 
салыстыру арқылы ӛсіндінің ӛсу деңгейін тексеріп отырады. Ӛсірудің 
бастапқы кездерінде зерттеуге алынған ӛсінділердің қарқынды ӛсуі 
байқалып, кейіннен ӛсіндіде дамып жатқан фагтар жас ӛсінділерді 
лизиске ҧшыратқандығы байқалады. Сҥзінді қосылған шыны тҥтіктердің 
тҥсі мӛлдірленіп, бастапқыдағы кҥңгірттігі жойылады, ал бақылауға 
алынған шыны тҥтіктерде, керісінше, ӛсіндінің қарқынды ӛсуіне 
байланысты кҥңгірттене бастайды.
Фагтардың бар жоғын тығыз қоректік орталарда да анықтауға 
болады. Ол ҥшін шыны тҥтіктерде қиғаш қатырылған ет пептонды 
агардың (ЕПА) беткейіне микроб ӛсіндісінен себінді жасап, кептіреді. 
Сонан соң оның ҥстіне 1-2 тамшы сҥзіндіні енгізіп, себіндінің бойымен 
жоғарыдан тӛмен қарай ағуына ықпал жасайды. Себінді жасалған шыны 
тҥтіктерді 18-20 сағат термостатқа қояды. Онда фагтар болған жағдайда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет