Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ҚАЙТАЛАМА РЕЦИДИВТІ БРОНХИТ



Pdf көрінісі
бет453/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   449   450   451   452   453   454   455   456   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

6.1.3.4. ҚАЙТАЛАМА РЕЦИДИВТІ БРОНХИТ
Жіктелуі бойынша, жылына екі-үш рет немесе одан да жиі қайталанатын
бронхиттер
қайталама (рецидивті) бронхит
деп аталады. Әрбір осы жағдай
қайталанғанда, «Бронхит респираторлы вирустың жаңа штаммасы әсер еткен дербес ауру
емес пе екен?», сұрақ тууы мүмкін. Шындығында, бұндай жағдай болуы да мүмкін, бала
вирусты инфекциямен әрбір ауырған сайын, бронх қабынып отырады. Солай бола тұра,
қайталама бронхитты бронх ағашының қоздырғыштарға қарсы қабыну түрінде жауап
беруі деп қарауға да болады (Артамонов бойынша ол «респираторлы диатез»). 
Қайталама бронхиттың ұзақтығы 3-4 жетіге немесе одан да ұзаққа созылуы мүмкін.
Ол жылына 3-4 рет немесе одан да жиі қайталанып отырады, әсіресе, күзгі, көктемгі
мерзім кезінде байқалады.
Алғашқы кезде 2-3 күнде ғана дене қызуы көтеріледі, бірақ ол өте жоғары болмайды.
Кей кезде дене қызуы қалыпты жағдайда сақталуы мүмкін, науқастың жалпы жағдайы
аса көп бұзылмайды. 
Жөтел ылғалды, қатты, кей жағдайда құрғақ ұстамалы болады. Ұзақтығы 3-4 апта,
кейде одан да ұзақ байқалады, жөтел тәуліктің кез келген уақытында болуы мүмкін.
Сырыл ылғалды және құрғақ, әртүрлі дауысты болады және оның орны мен дауысы
өзгергіш келеді. Жөтелге қарағанда, өкпенің сырылы тез кетеді.
Қанның көрсеткіштері қалыпты жағдайдан ауытқымайды немесе ауытқыса да, тез
арада қалпына келеді.
Ұстама арасындағы кезеңдерде тыныс мүшелері жағынан ешқандай клиникалық
өзгерістер білінбейді. Тек жеңіл-желпі салқын тигенде, организмге күш түскенде, жедел
респираторлы, жедел респираторлы-вирусты ауруда жөтелге бейімділігі пайда болады.
Рентгенограммада өкпе суретінің реактивті күшеюі ұзақ, бірқалыпты сақталып
тұрады да, өз қалпына келуі ұзаққа созылады. Ремиссия кезінде түбір аймағындағы
тамырлар суреті аздап күшейіп тұрады.
Емі:
Науқастың клиникалық бронхиологиялық және функциялық ерекшеліктерін
ескеру керек. Бронхтардың дренаждық әрекетін қалпына келтіруге аса көңіл бөлу қажет,
ол үшін тұзды-сілтілі бумен демалу, муколитиктерден – трипсин, химотрипсин,
ацетилцистеин, сонымен қатар, бронхолитиктерді, витаминдерді, антибиотиктерді, массаж
қолдану керек. 
Учаскелік дәрігер жылына 1 рет баланы диспансерлік бақылаудан өткізіп, қайталауға
қарсы алдын-алу шараларын тағайындап және олардың әсерін бағалауы тиіс, сонымен
қатар, бала ЛОР дәрігерінің де бақылауында болып, физиотерапевтің тағайындауымен
емдік дене шынықтыру, сипау (массаж), бумен емдеу тәсілдерін алып отыруы керек.
Бала диспансерлік бақылаудың екі жылдан кейін босатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   449   450   451   452   453   454   455   456   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет