- ұстаздармен жеке жұмыс жүргізу;
- баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере отырып ата-аналарға, ұстаздарға бірқатар
ұсыныстарды даярлау;
- оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып мұғалімнің оқу жоспарына түзету
жұмыстарын енгізу;
- эксперименталды топта жұмыс істейтін педагогпен жеке кеңес жүргізу;
- әлеуметтік қызметкерлермен жұмыс;
- ата- аналармен жұмыс;
- баламен жүргізілген жұмыстың жалпы қорытындысымен ата- аналарды таныстыру;
- ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы нақты ұсыныстар даярлау;
- ата-аналарға баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен оны дамыутудың
маңыздылығын түсіндір;
- ППҚ қызмет мамандарымен тығыз қарым- қатынаста болу.
Ата-анамен жұмыс бұл бағыттың басты міндетінің бірі. В.А.Сухомлинский ата- анамен жұмыстың
мазмұнын ашып көрсеткен ғалымдардың бірі. Ол: «Тек ата- аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру
арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беру мүмкін»,- дейді. Демек, ата-ана бала
тәрбиесінде балаға ықпал етуші бірден–бір фактор. Сондықтан, білім алуда ерекше қажеттілігі бар балаларды
психикалық- педагогикалық қолдау қызметінде ата- аналарға психологиялық кеңес беру, оларды бала
дамуының мазмұнымен ақпараттандырып отыру, жалпы ата- аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Педагогикалық процестің сапасын жоғарылатудың тиімді жолы ППҚ қызметі мамандарының өзара
байланысы мен бір-бірінің сабағын қатысу мен баланың қалыптасуы туралы талқысы және зерттеу
қорытындыларымен өзара алмасу болып табылады. Мұндай бағыт бірнеше қызметтерді қоса атқарады, яғни
тәжірибемен алмасу, бақылау , өзін- өзі бақылау,кеңес беру.
Достарыңызбен бөлісу: