«Инклюзивті білім беру» пәнін оқыту мақсаты жалпы білім беретін мекемелерде білім алуда ерекше



Pdf көрінісі
бет23/31
Дата26.09.2024
өлшемі0,88 Mb.
#145830
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Байланысты:
УМК Инклюзивті білім беру НОВЫЙ 2023 (1)

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. «Педагогтар мен мамандардың өзара байланыстары» түсінігінің мағынасын ашыңыз. 
2. Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтар мен мамандардың мультипәнаралық өзара байланыстарының 
міндеттерін талдаңыз. 
3. Мультипәнаралық өзара байланыстарын нәтижелі көрсеткіштерін сипаттаңыз. 
Негізгі әдебиеттер
1.
http://www.edu.kz/ru/
 - официальный сайт Министерства образавания и науки РК. 
2.  
http://www.special-edu.kz/
 - сайт Националтного научно – практического центра коррекционной 
педагогики (ННПЦ КП). 
3.  
http://www.un.org/russian/documen/declarat/salamanka.pdf.//
  Саламанская декларация и рамки 
действий по образаванию лиц с особыми потребноятями, принятые Всемирной конференцией по образаванию 
лиц с особыми потребностями: доступ и качуство, Саламанка, Испания, 7-10 июня, 1994 года. 
4. 
Арнайы педагогика [Мәтін] / Л.С. Заркенова, Н.Н. Омарова, Б.И. Ильясова.- Алматы: Эверо, 2014.- 
180б. 
 
Дәріс№9: тақырыбы: 
Интеграциялық оқыту жағдайларында мүмкіндігі шектеулі балаларға 
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру
(жалғасы)
Дәріс жоспары:
1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық –медициналық- психологиялық көмек көрсету 
бағыттары 
2. Баланы психологиялық-педагогикалық қолдау үшін ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру 
 
Мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық –медициналық- психологиялық көмек көрсету 
мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:
І. Диагностикалық бағыт:
-баланы алғашқы дефектологиялық тексеру; 
-баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде кезең бойына бақылау; 
-баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер мен таңдалған бағдарламаның тиімділігін анықтау; 
-оқушының жеке ерекшеліктерін, танымдық қызметін, ерік-жігер саласын, отбасындағы тәрбиелік 
жағдайдың даму ерекшеліктерін зерттеу; 
-жалпы білім беретін мектептің бағдарламасын меңгерудің деңгейін анықтау; 
-компенсаторлық мүмкіндіктерді іздеп табу; 
-баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала дамуындаға ауытқулардың алдын алу. 


Сонымен диагностика мынадай міндеттерді шешуге бағытталады: 
Баланы алғашқы тексеру. Оның мақсаты: баланың жақын даму аймағы мен актуалды аймағын, оқу 
барысындағы қиыншылықтардың себептері мен механизмдерін анықтау. 
Диагностикалық зерттеу жұмысы қыркүйек айы бойы жүргізіледі. Бұл диагностиканың қорытындысы 
дефектологиялық тексеру хаттамасында, балаға дефектологиялық анықтама бергенде тіркеледі. 
Баланы динамикалық тексеру - оқыту процесінде оқушының даму деңгейіне таңдалған оқытудың түрі, 
әдістер мен тәсілдердің сәйкестігін анықтау, баланың даму динамикасын бақылап отыру мақсатында 
жүргізіледі. Баланың оқу дағдыларының қалыптасқандығын(ақпаратты қабылдауы, оқу қызметін 
ұйымдастыра алу, өзін- өзі бақылау) тексереді. 
Кезеңдік диагностика- бұл диагностиканың түрі баламен жүргізілген түзете- дамыту жұмысының 
баланың оқу-танымдық қызметіне тигізген әсерінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. 
Ағымдық диагностика- бұл диагностика әртүрлі мамандар тарапынан (психолог, логопед, сынып 
жетекшісі, пән бойынша ұстаздардың) сұрау бойынша жүргізіледі. Бұл диагностиканың белгілі бір өткізу 
уақыты болмайды. Ол жыл бойына сұрау бойынша жүргізіледі. 
Баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудағы диагностикалық бағыттың тағы бір негізгі 
міндеттерінің бірі- бастапқы кезеңде баланың алда кездесетін қиыншылықтары мен оқу процесінде бүгінгі 
күні бар қиыншылықтардың себебін, механизмін анықтау болып табылады. 
Диагностикалық жұмыстың негізгі қағидалар: жан-жақтылық, кешенділік, жүйелілік, тұтастық. 
Аталған қағидаларды ескере отырып әр ППҚ қызметінің маманы өз бағыты бойынша балаға психологиялық-
педагогикалық қолдау көрсетеді. Мұғалім-дефектолог, психолог, логопед диагностиканы 12 бағыт бойынша 
жүргізеді: 
- сенсорлы-перцептивті жағдай; 
- зейіні; 
- есте сақтауы; 
- ойлауы; 
- сөйлеу ерекшеліктері; 
- өзін- өзі бағалауы; 
- ерік- жігері; 
- психомоторлық жағдай; 
- әлеуметтік- тұрмыстық жағдай; 
- оқу біліктілігі; 
- еңбек біліктілігі; 
- коммуникативтілігі . 
Әр бағыт арнайы диагностикалық әдістерімен тексеріліп, қорытындыланып тиісінше балл қойылады. 
Шығарылған балға сәйкес психологиялық- педагогикалық профиль толтырылады. Профиль – баланың даму 
деңгейін көрсететін құжат. Профиль баланың қатер даму зонасын анықтап береді. 
Диагностика қорытындысы мектепішілік консилиумда талқыланады. Әр маман баламен жүргізілген 
алғашқы диагностикалық тексеру бағыты бойынша өзінің қорытындысын ұсынады. 
Қорыта келе, баланы психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында баламен жүргізілген 
диагностикалық бағыт бойынша дефектолог диагностиканың нәтижесін негізге ала отырып, баланың жасына 
сай жұмыс түрін анықтап, балаға түзете- дамыту бағдарламасын құрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет