«Инклюзивті білім беру» пәнін оқыту мақсаты жалпы білім беретін мекемелерде білім алуда ерекше



Pdf көрінісі
бет2/31
Дата26.09.2024
өлшемі0,88 Mb.
#145830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
УМК Инклюзивті білім беру НОВЫЙ 2023 (1)

«Инклюзивті білім беру моделі» 
атты
 
1 модульде Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру 
идеяларының пайда болуы мен енгізілуі, инклюзивті білім берудің концепциясы, «Интеграция» мен 
«Инклюзивті білім беру» терминдері арақатынасы туралы мәселелер қарастырылған. 
«Инклюзивті
білім алуда ерекше қажеттілігі бар балалар категориясы
» атты 2 модульде 
мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру жағдайы қарастырылады. Атап 
айтқанда,
 с
енсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу. Жалпы білім беру 
ұйымдарындағы түзету ортасы. Компенсаторлық техникалық құралдаар. Түзете көмек көрсету. 
Психологиялық – педагогикалық қолдау көрсету топтарының оқу жоспары. Педагог қызметкерлерінің 
құзыреттілігі. Білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен балалармен және ата- аналармен жұмыс. Зияты 
зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу. Жалпы білім беру ұйымдарындағы түзету ортасы. 
Компенсаторлық техникалық құралдар. Түзете көмек көрсету. Психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету 
топтарының оқу жоспары. Білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен, балалармен және ана-аналармен 
жұмыс. Эмоционалды- ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу. Жалпы білім 
беру ұйымдарындағы түзету ортасы. Компенсаторлық техникалық құралдар. Түзете көмек көрсету. 
Психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету топтарының оқу жоспары. Білім беру ұйымдарының 
қызметкерлерімен, балалармен және ата-аналармен жұмыс. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру 
үдерісіне қосудың вариативті формалары. Қашықтықтағы оқыту. 
 «Инклюзивті білім берудің нормативті-құқықтық негіздері» 
атты 3 модульде жалпы білім беру 
ұйымдарындағы инклюзивті үрдістің құқықтық негіздері (Халықаралық және отандық нормативті-құқықтық 
актілер) қарастырылады. 
«Жалпы білім беретін мектепте интегративті білім беру ерекшеліктері» 
атты 4 модульде 
интеграциялық оқыту жағдайларында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау 
көрсетуді ұйымдастыру мен білім берудегі инклюзивті үрдісті басқару сияқты мәселелер талданады. 
Таратыңқырап айтқанда, жалпы білім беру мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-
педагогикалық қолдау көрсету. Қолдау көрсетуші топтардың қызмет жағдайлары. Қолдау көрсетуші 
топтардың қызмет жағдайлары. Қолдау көрсетуші топтар мүшелерінің қызметтік міндеттері. Жұмыс 
бағыттары. Жоспарлау,құжаттар. 


Жалпы типтегі балабақшалардың мүмкіндігі шектеулі балаларына психологиялық- педагогикалық 
қолдау көрсету. Қолдау көрсетуші топтардың қызмет жағдайлары. Қолдау көрсетуші топтар мүшелерінің 
қызметтік міндеттері. Жұмыс бағыттары. Жоспарлау,құжаттар. 
Педагогтардың, серіктестер мен ата-аналардың көпсалалы бірлескен жұмыстары. Оқытушылар мен 
мамандардың функционалдық міндеттері. 
Психология- медико- педагогикалық консилиумның (ПМПк) қызметін ұйымдастыру. 
Интеграциялық оқытуда жайлы білім беру ортасын құру. «Білім беру ортасы», «түзету ортасы», 
«пәндік дамыту ортасы» ұғымдарының мәні. Инклюзивті сыныптардағы түзету- білім беру ортасын моделдеу 
ерекшеліктері. 
Мүмкіндігі шектеулі балалармен, олардың ата-аналарымен, оқушыларымен жүргізілетін жұмыстар. 
Оқыту мен тәрбиелеу процесінде студенттер мен оқытушылар арасындағы өзара қарым- қатынастың негізгі 
қайшылықтары. Инклюзивті тәжірбие жағдайында ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынас 
қайшылықтары. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері мен формалары. Мүмкіндігі шектеулі балаларды 
оқыту мен тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналарға кеңес беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет