Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология институты


—1917 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының проблемалары



Pdf көрінісі
бет13/460
Дата27.09.2024
өлшемі47,68 Mb.
#145971
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   460
Байланысты:
Қаз тарихы 3 том

1916—1917 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының проблемалары. 
Тарих- 
намалық еңбектерде 1916 жылғы ұлт-азаттық козғалысының тарихы жөнінде 
шыққан әдебиетке едәуір толық баға беріл ген. Оларда қазақтар мен Орта Ази- 
яны ң басқа да халықтарының патша өкіметінің езгісіне қарсы, еңбек армия- 
сына жұмылдыруға қарсы, соғыска қарсы күресінің серпіні қазіргі уакытта 
тек қана Ресейдің шет аймақтарындағы ұлт-азаттық күресінің аса маңызды 
кезеңі деп түсіндіріледі. Алайда зерттеушілер мұндай бағаға бірден келген 
жок, оныңалдында 1926—27 жылдардағы, 1953—54жылдардағы пікірсайыстар 
болды, окиғаларға қатысушылардың естеліктері жазылды, Орта Азия рес- 
публикаларында көтеріліс материалдарын жинау жөніндегі экспедициялар, 
конференциялар ұйымдастырылды, арнаулы еңбектерді басып шығару жүзе- 
ге асырылды және осы проблемалар бойынша 1954 жылы Ташкентте Біріккен 
ғылыми сессия өткізілді.
Көпж ылдық пікірсайыстардан кейін 1916 жылғы тарих бойынша тұжы- 
рымдама қабылданып, ол бес томдык «Қазақ ССР тарихында», Орта Азия рес- 
публикаларыныңтарихы жөніндегі тиісті зерттеулерде көрсетілді (караңыз: 
Қ азақ ССР тарихы, 3-т. А., 1982; Түрсынов X. Т. Орта Азия мен Қазақстандағы 
1916 жылғы көтеріліс. М., 1961 ж әне басқалар).
ІІІтомны ң«Бірінш і дүниежүзілік соғыс. 1916жылғы көтеріліс» деп атал- 
ған үшінші тарауында оның негізгі қағидалары баяндалған. Қазір тарихшылар 
бұл проблеманың жаңа түсіндірмесін беруге ұмтылуда және мұндай ізденістің 
алғашқы нәтижелері мамандарға М. Қозыбаевтың, Ә. Бисенбаевтың, К. Нұр- 
пейісовтің, М. Қ ойгелдиевтіңж әне басқаларының зерттеулері бойынша қа- 
зірдің өзінде таныс.64 Академик М. Қозыбаев, атап айтқанда, бес томдық «Қазақ 
ССРтарихы» III томының бүл тұжырымдамасын мЬінадай дәлелдермен кайта 
қарауды жөн деп тапты:
1. 1916 жылғы окиғалар «көтеріліс» деп ж әне сонымен бірге «азаттық 
козғалысы» деп аталған. Баскаша айтқанда, авторлар ұжымы, сірә, ұлт-азат- 
тық козғалысы көтеріліс нысанын алды деп ойласа керек. В. Даль бойынша, 
«көтеріліс — бүлік, ашу-ыза» (караңыз: Даль В. Күнделікті қолданыстағы 
үлы оры стіл ін ің түсін д ірм есөзд ігі. М., 1989, 270-6.). 1916жылғыокиғалар 
бүлік, аш у-ы за ая сы н а сы ймайды . Ш ы н ы на келгенде, отарш ы ларға 
бүкілхалыктык карсыласудың барлык нысандары: ауылдардағы халыктың 
манифестация лары, патша жарлығына карсы жігіттердің өздігінен туында- 
ған бой көрсетулері, ж азалауш ы ларға қарсы ұрыс қимылдары, зиялылар- 
ды ң наразы лы қтары , жұмысш ыларды ң ереуілдері, калалардағы солдат 
әйелдерінің аш тық жариялаған бүліктері көрініс тапқан үрдіс жүріп жатты. 
Отар Ш ығыстың империяға қарсы ұлт-азаттық соғысы жүргізілді. Ал оның 
бер жағында дәстүрлі әдет бойынша салдары қазіргі кезде де жалғасып келе 
жатқан кеңестіктарихнамада Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ұлт- 
азаттық соғысы шағын аймақты к көтерілістерге жаткызылды. Бұл тұжы- 
рымдамаға кезінде Түркістан аймағындағы жазалау әрекеттерін басқарған 
патша генералдары негіз салған болатын. Н ақсолар саны 50 мың адамға дейін 
жететін халы қты қ армияны «қарақшылар», «бүлікшілер тобыры» деп ата- 
ды; оны ң бер жағында басқа еш кім де емес, нақ генерал А. Н. Куропаткин 
1916 жылғы Орта Азияға жасалған жазалау экспедициясына Караганда, «Чер­
няев, Романовский, Кауфман, Скобелев Сырдария, Самарқан және Фергана
40


облыстарын аз күшпен жаулап алды» деп көрсетті. Ж азалау экспедицияла- 
рына қарсы ұрыс операцияларының ауқымдылығы, серпінділігі ж әне сипа- 
ты жөнінен ол Оңтүстік-шығыс ж әне Орталық Азиядағы ұлт-азатты қсоғы - 
старынан асып түсті.
2. Бес томдық «Қазақ ССР тарихында» авторлар үжымы 1916 жылғы 
феноменді идеологияға айналдырып, үлт-азатгык козғалысын азаттық қозға- 
лысының маркстік-лениндік кезеңі деп санады.
Үлттық козғалыстар мәнінің асқан зор білгірі Д. Нерудің былай деп са- 
науы әбден әділ: «нағыз соғыс болмаған күннің өзінде де бақталас тараптар 
мен қарама-қайшы мүдделер арасында көбінесе жасырын соғыс пен жанжал 
болып жатады. Ж ат жерліктер билігінде болған елде мүндай жанжал іштей 
болып, түрақты сипат алады, сөйтіп адамдардың ой-пікірі мен мінез-құлқына 
эсер етіп, оларды бұзады; әскери пиғыл ешкашан толы қж ойылы п кетпейді» 
(караңыз: Неру Д. Үндістанды ашу. 306-307-6.).
Империя-метрополия мен азиялы қ отар арасында нақ осындай «әскери 
пиғыл», «жасырын соғыс» 1731жылдан бастап орын алып, кейде аш ық соты- 
ска ұласып отырды. Ш ын мәнінде, 1916 жыл феномені казак халқының им­
перия кұрамына кірген кезінен бастап бір күн де толастамаған үлт-азаттык 
козғалысының жаңа кезеңі болып табылады. Т. Рыскұловтың 1916 жылғы 
окиға «отарлардың көтеріліске шыккан бұкарасымен метрополияны ң на- 
ғыз соғысы сипатын алды» деп санағаны тегін емес (караңыз: Таптар күресі. 
1936, № 6,73-6.).
Отарлык Ш ығыстың халықтары өздерінің кұл болғысы келмейтінін 
көрсетіп, қарсы ласу ж олы на түсті. Бұл адам герш іл ік-п си хологи ялы к 
өзгерістердің революциялык, үзак мерзімді сипатта болтаны күмәнсіз. Ор- 
талык Азия халыктары Ресейдің екі революциясы мен азаматты ктайталас 
шеңберінде ұлт-азаттык козталыс алта койтан максаттар мен міндетгер үшін 
күресті, болашактаты демократиялык мемлекет кұрамында ұлттың өзін-өзі 
билеуі жолында шайкасты. Н. Назарбаев өзінің «Тарих толкынында» деген 
кітабында «бұкаралыты, котамныңбартарабы н кеңінен камтуы, жалпыұлт- 
тық ұрандар ұсынуы, мемлекеттік билік институттарын кұруы жөнінен бұл 
козталысты — үлт-азаттық революциясы деп, патш алык Ресей отарындаты 
осы тектес революциялардың тұңтышы деп баталаута болады» деп атап 
өткен.65
3. Бестомдык «Казак ССР тарихында» 1916 жыл феномені жалпы ресейлік 
үрдістің кұрамдас бөлігі ретінде карастырылды.
Ал 1916 жылғы феноменді азиялык Шытыс халықтарының сан тасырлык 
ұлт-азаттык күресінің жалтасы деп карастыру керек.
4. Бес томдык «Казак ССР тарихының» авторлары козталыс феодализмге 
қарсы сипатта болды, сондай-акфеодалдык билік басындатыларта да карсы 
бағытталды деп пайымдады.
Ал зерттеушілер жаңадан пайда болып келе жаткан, орыс ж әне шетел 
капиталымен бәсекелес ұлттык буржуазияның, дәстүрлі катынастарды сак- 
тап қалута ұмтылтан дәстүрлі шонжарлардың, әр түрлі зиялылар топтары- 
ның азаттық козталысына белсене косылып, бұл орайда өздерінің көбінесе 
бір-біріне кайшы келетін мүдделерін көздегенін дәлелдеді.
Окиталардың қаншалықты қасіретті болтанына карамастан, 1916 жылды 
өзін империята кару қолданып тайталаса алатын күш деп үтынтан халықтар- 
дың ұлы жеңісі деп санау керек. Н ак үлттык мүдделердің ортактытын ұтыну
41


Қазақстан шекарасын көктей өтіп, Шығыстыңотархалықтарыныңқауымдас- 
тығын ұғынуға ұласты.
5. 
Бес томдык «Казак ССР тарихында» «көтеріліс патша әкімшілігі үшін 
де, жергілікті феодалдық билік иелері үшін де күтпеген жерден басталды» 
делінген. Мүндай пайымдау кисынды бола алмайды. Отарлаушы өкіметорын- 
дарыныңмаусымдағы патша жарлығы бүкілхалыктыкдүмпуді тұтандырушы 
болады деп санамағаны — басқа мәселе.
К еңестік тарихнамада ұлт-азатты қ қозғалы сы ның әлеуметтік негізі 
көтеріліс басшылығына таптық көзкарас тұрғысынан ұзақ уақыт бойы әдейі 
тарылтылып, олардың көшбасшылары әлеуметтік жағынан төменгі топтар- 
дан шыккан деп көрсетіліп келді.66 Бүл орайда хандар, сардарбектер, бектер 
сайланған, яғни Шығыстың дәстүрлі басқару институтгарын калпына келтірген 
тарихи фактілер ескерусіз калдырылды.67
Тарихнамада үлттык зиялылардың 1916 жылғы халықтық соғысқа көзкара- 
сы әртүрлі бағаланады. 1970 жылдардыңаяғында-ақ академик С. Зимановүлт 
зиялылары мен олардың жетекшілерінің ұлт-азатгык козғалысындағы, казак 
халкыныңұлттыксана-сезімін оятудағы кайшылыктарғатолы рөлін тереңірек 
аныктау кажет деп атап өткен болатын. Үлт зиялылары рөлінің карама-кайшы- 
лығын олардың коғамдағы жағдайымен түсіндіруге болады. Оның пікірінше, 
біріншіден,олардың дені казак коғамының аукатты топтарынан шыккандыктан 
отаршылдыкаппараттың кызметшілері болды, сол кездегі кұрылыстыңбелгілі 
бірартыкшылыктарын пайдаланды. Екіншіден, орыс зиялыларынан айырма- 
шылығы, казактыңұлт зиялыларының катарында іскер зиялылар — банктердің 
директорлары мен баскарушылары, акционерлік коғамдардың заң кеңесшілері 
болған жок, өнеркәсіпшілер, сондай-ак каржыландырушылар дүниесімен бай- 
ланысы болмады. Олардың дүниеге көзкарасы ағартушылык идеялардың куат- 
ты ыкпалымен калыптасты. Бұратаналардың зиялйлары саналған олар отар- 
шылдыкка карсы идеологтарға айналды.
Біркатарзерттеушілердіңпікірінше(М. Қозыбаев, К. Нұрпейісов, Д. Аман- 
жолова, М. Койгелдиев, М . Базарбаев және баскалар), казакхалкының ұлттык 
көшбасшылары өздерінің даму дәрежесі жағынан еуропалыкдеңгейде болды. 
Сол аркылы олар заманынан едәуір алға кетті. Рухани көшбасшылар мен негізгі 
халыкбүкарасы арасында елеулі алшактык пайда болды. Халык бұкарасы ха- 
лыктың кедей табынан шыккан зиялыларды жакын тұтты. 1916 жылы үлт- 
азаттык козғалысында бір-біріне кереғар жакта болған казак зиялылары мінез- 
күлкының әр түрлі бағытын осымен түсіндіруге болар.
Т ар и х н ам а л ы к ең б ектер д е к ө те р іл ісш іл е р д ің әскер и өнері ж ән е 
к ө теріліск е каты суш ы лар мен оларды ң көш басш ы лары ны ң тағдыры 
зертгелмегені атап өтіледі. Кеңестіктарихнамада 1916жылғы көтеріліске каты­
сушылар Ақпан жөне Казан революциялары мен азамат соғысына, Кеңес 
өкіметінің алғашкы он жылдығындағы демократиялық өзгерістерге белсене 
катысушылар болды деп саналды. Бірак казір біздің колымызда олардың 
көпшілігіне тағдыр күштеп ұжымдастыруға карсы көтерілістерге катысушы­
лар бол уды жазғаны туралы деректер бар. Революция ж әне азамат соғысы 
жылдарында әйтеуір бір себептермен баррикадалардың баска жағына шык­
кан адамдардың көтеріліс басшылары катарынан сызылып калғаны мәлім бол­
ды (мысалы — Кейкі батыр, Айжаркын К анаевт.б.).68
1916 жылдың көктемінде халык бүкарасы бір-актандауды — отаршылдықка 
карсы карулы күресті ғана білді. Ол кезде эволюцияны жактаушы казактың
42


ұлттык көшбасшыларына ұлттың рухани өмірініңтүткасын ұстау жазылма- 
ған еді.
Үлт-азаттық козғалыстарының біртұтас очеркін жасауға әрекет жасаған 
Ж. Артықбаевтыңтәжірибесі назар аударарлык.69
Үлттықсана-сезімді ояту мен мәдениет мәселелері бойынша одан әрі білім 
жинактаудың сипатты ерекшелігі ғылымды бұрын пайдаланылмай келген де^ 
ректемелер мен әдебиеттің мол көзімен байыту болды. Бірінші кезекте бұл 
XX ғасырдың 30-жылдарында қуғынға ұшыратылған, кезінде буржуазиялық 
ұлтшылдар деп орынсыз айыпталған, XX ғасырдың бас кезіндегі азаттық қоз- 
ғалысы жетекшілерінің ақталуына байланысты мүмкін болды.70
Казіргі уакытта жұртшылық Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, 
Міржақып Дулатов, Мұхамеджан Тынышбаев, Жакып Акбаев, Халел Досмү- 
хамедов сиякты көптеген ұлт зиялылары өкілдерінің еңбектерін оқуға 
мүмкіндік алды. Осыған байланысты зерттеушілер өздерінің ізденістерін олар- 
дыңөмірі мен кызметін м үкиятж әне жан-жақты зерттеуге, негізгі баспасөз 
органы — «Қазақ» газетінің мазмұны мен рөлін объективті түрде анықтауға, 
сондай-ақ «Алаш» қозғалысының да бағдарламасына әділ талдау жасауға ба- 
ғыттады.О. Әбдімановтың «Казак» газеті»деген кітабында(А., 1993) газеттің 
пайда болуы алдындағы тарихи жағдай айкын көрсетілген. Автор шетелдік 
қазақ диаспорасының өкілі Хасен Оралтайдың «Алаш» партиясының 1905 
ж ы лды ңөзінде-аққүры лғаны ж әнеоны ңж ария партияға айналған 1917 жы- 
лға дейінгі құпия қызметі туралы айткан көзкарасына қосылады. Ол қазак 
зиялылары кадет партиясы идеяларын неліктен жакын тұтты деген сүракка 
жауап кайтаруға ұмтылыс жасаған; олардың арасында 1900 жылдарда байкал- 
ған және «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы төңірегінде топтасқан екі ағым 
қарама-қайшылығының негізгі көздерін ашып көрсетеді. «Кдзақ» газетінің 
мақсаттары, оның атауы мен қызметінің негізгі бағыттары жан-жақты ашып 
көрсетіледі. Газеттіңжер, 1916жылғы көтеріліскекөзкарас, «Алаш» партия- 
сыныңұйымдастырылуы мен жаңадан құрылған партия бағдарламасы жоба- 
сыныңдайындалуындажалпы қазақстандықсъездердіңатқарған рөлі сияқты 
тарихнамадағы даулы проблемалар жөніндегі көзкарасы анықталады. Автор 
газет беттерінде қазақ автономиясы идеялары ның көрініс табуы ж әне 
бүкілказакстандық «Алашорда» кеңесінің құрылуына, жаңа мемлекеттік 
бірлестікке кіргізуге болатын облыстарды анықтауға арналған материалдарға 
баса назар аударады. Дегенмен де, автономия жариялау мәселесі бойынша 
алауыздықтардың пайда болу кезеңін көрсетуге келгенде олардың себептері 
ақырына дейін айқындалмай калады. Автор газет шығарудың соңғы кезеңінде 
оның беттерінде «Алаш» басшылығының арасында пайда болған алауыздық- 
тардың себептеріне аз көңіл бөлген. «Казак» газеті бірінші кезекте көңіл 
бөлген және көптеген мәселелерді шешуде жаңашылдық жасаған мәдениет, 
білім беру және өдебиет проблемалары кең әрі толы к беріл ген.
«Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің кызметін көрсететін, бұрын 
қол жетпеген мұрағат қорларын пайдалану мүмкіндігінің іс жүзіне асуы ар- 
қасында зерттеушілер бұл проблеманы белсенді түрде зерттеп, мерзімді бас- 
пасөз беттерінде ғылыми нәтижелерін жекелеген макалалар немесе мақала- 
лардың топтамалары етіп жариялауда. Осы тұрғыдан алғанда Д. Аманжолова- 
ның «Алашорда. Казак автономизмі», К. Нұрпейісовтің«Алаш һәм Алашор­
да» және М. Койгелдиевтің «Алаш қозғалысы» деген еңбектері алғашкы туын- 
дылар болды.
43


Д. Аманжолованың «Казак автономизмі және Ресей («Алаш» қозғалысы- 
ныңтарихы)» деген монографиясы «Тұңғыш монография» сериясыныңтоп- 
тамасымен шығарылып, қазіргі ұлттық проблемалардың бастаулары мен 
себептеріне, Еуразия халықтары болашағының ортақтығын ұғынуға арналды. 
Автор алаш қозғалысы дамуының маңызды кезендерінің негізгі мазмұнын 
неғұрлым толы қ қалпына келтіруге, «оның сипатын, идеялық-саяси және 
әлеуметтік базасын аныктауға, револ юцияға дейінгі кезенде, 1917 жылғы және 
азаматсоғысы жағдайында Ресейдіңсаяси күштерімен және партияларымен 
өзара катынастарын ашып беруге, Алаш жеңілісінің себептерін ж әне оның 
казак халқының тарихындағы маңызын көрсетуге» ойдағыдай әрекет жаса- 
ған.71 Осы кезге дейін арнаулы сақтау орындарында шоғырландырылған 
деректемелердің автор келтірген кешенді сипатын атап көрсеткен жөн. 
Зерттеудің басты жаңалығы — қазақ автономизмі, Алашорданың Комучпен, 
К олчакты ң Уакытша Сібір үкіметімен, Орынбор, Орал, Сібір және Жетісу 
казактарыны ң басшылығымен, алаш құрамаларының тұракты «ақтармен» 
және казак бөлімдерімен өзара катынастары тарихының өзекті беттерін жүйелі 
түрде көрсетуі болып табылады. «Алаштың» әскери доктринасын, алаш әске- 
ри бөлімдерінің кұрылуын, олардың кұрамын, санын, сотые қимылдарына 
катысуын, Алашорда басшылығыныңТүркістан майданымен келіссөздерінің 
барысын ж әне мазмұнын, Алаш жетекшілерінің эволюциясы мен азамат со- 
ғысы барысындағы бүқараның Алашордаға көзкарасын автор тұңғыш реташып 
көрсетеді. Ресей ҒА-ныңмүшесі Ю. Поляковтыңатап көрсеткеніндей, «Алаш- 
тың табиғаты, әлеуметтік базасы, даму қарқыны және жеңіл іс табу себептері 
туралы автордың ой-толғамдары бұрын ғылыми айналымға енбеген кыруар 
деректемелерге жалыкпай талдау жасауға негізделген, мұныңөзі оны ғылыми 
жағынан негізді ж әне иланымды етеді».
К. Нұрпейісовтіңкітабында «Алаш» козғалысынгыңбастауларына, монар­
хия қүлаты лғаннан кейінгі Қ азақстандағы қоғамды к-саяси жатдайдың 
өзгерістеріне, «Алаш» партиясы ның кұрылуына, Алаш орда мен Кеңес 
өкіметінің өзара қатынастарына баса назар аударылады. Тараулардың бірі 
деректемелер мен проблемалар тарихнамасына талдау жасауға арналған. Ав­
тор Алаш дамуы тарихының негізгі проблемаларына: Алаш — Казақстандағы 
тұңғыш саяси партия; Алаш автономиясы — болашақмемлекеттіліктің күры- 
лымы; Алашорда — автономияны баскаратын үкіметдеп ерекше көңіл бөледі.
Накты мәселелерді объективті ұғыну мен түсіндіру «Алаш» қозғалысы- 
ның шын мағынасын ашып көрсетуге жағдай жасайды. Кеңес өкіметінің Ала- 
шка көзкарасына талдау жасау автордың бірнеше кезенді: XX ғасырдың 20— 
30-жылдарындағы большевиктіктұрғыдағы жарияланымдардағы «алаш коз- 
ғалысы» үғымы; проблеманы'зерттеуге алпыс жыл бойытыйым салу мен «бур- 
ж уазиялы қ ұлтшыл», «халык жауы» атағын таңу кезендерін белгілеуге 
мүмкіндік берген 1991 жылы К азақстанныңтәуелсіздігі жарияланып, про- 
блеманың тарихнамасында әділеттілік пен ш ындықжағына карай бетбұрыс 
жасалғаннан кейін ғана ақиқат кезеңі туғанын айтқан. Сонымен бірге К. Нүр- 
пейісов «Алаш» козғалысының мәнін неғүрлым толық ашып корсету үшін 
зерттеушілерден әлі де көп күш-жігер жұмсауды керек ететін біркатар мәсе- 
лелерді меңзейді. Оларға мыналар жаткызылады: оның басшыларының 
тәуелсіздік идеяларының, саяси ж әне экономикалық көзкарастарының бас­
таулары; XX ғасырдың басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде 
«Алаш» козғалысының атқаратын рөлі мен алатын орны; 1917 жылғы екі ре-
44


волюция аралығындағы кезенде Алаштың баска партиялармен байланыстары 
мен өзара қатынастары; Алаштыңжәне Алашорданың Кеңес өкіметімен өзара 
қатынастары; Алаштың ортаазиялық және Еділ бойындағы түркі халықтары- 
мен, мұсылмандық саяси партиялармен ж әне қоғамдық қозғалыстармен ішкі 
қайшылықтары; «Алаш» қозғалысы және казіргі Қазақстан.
Кітапка қосымшада «Алаш» қозғалысына катысты бірсыпыра құжаттар 
келтірілген. Ең алдымен, бұлар — «Алаш» партиясының мүшелері мен олар- 
дың пікірлес адамдарының тізімі, «Алаш» партиясы бағдарламасының жоба- 
сы және Алаш басшылары көзқарастарының эволюциясы ж әне олардың Ке- 
ңес өкіметі жылдарындағы тағдыры туралы материалдар.
Сөйтіп К. Нұрпейісовтің монографиясында XX ғасырдың басындағы Қазақ- 
стандағы тұңғыш саяси партия мен оның үкіметі кызметінің негізгі кезендері 
рет-ретімен, арнаулы сақтаулы кордан алынған жаңа құжаттарды едәуір 
мөлшерде келтіре отырып ашып көрсетіледі.
М. Қойгелдиевтің монографиясында XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың 
басындағы Казақстанныңтарихи дамуына байланысты проблемалардың кең 
ауқымы қамтылған. Кітаптың бүкіл арқауы басты мәселе — «Алаш» козғалы- 
сына арналған. Патша өкіметінің отаршылдыксаясаты, ұлттық езгіге наразы- 
лықтың күшеюі және казақ зиялыларының 1905—1916 жылдардағы қоғамдық- 
саяси қызметі; ұлт зиялыларын кудалау саясаты; «Қазақ» газеті ж әне 1908— 
1916 жылдарда тәуелсіздік жолындағы күрес идеологиясының қалыптасуы; 
бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ж әне 1916 жылғы ұлт-азаттық 
күрес кезеңіндегі қазақтың демократияшыл зиялылары; Ақпан революция- 
сының жеңісі ж әне ұлт-азаттық козғалысының ж аңа міндеттері; қазақ де­
мократияшыл зиялыларының Уакытша үкіметжұмысына катысуы; жалпы- 
казактык бірінші ж әне екінші съездер, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» 
үкіметінің құрылуы жан-жақты көрсетіледі. М. Қойгелдиевтің кітабында 
«Алаш» козғалысыныңтарихнамасы иланымды берілген. Автордың казак зия- 
лы лары ны ң қоғам ды қ-саяси кы зметін зерттеудің тарихнам алы қ негізін 
Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Тынышбаев және баскалар революцияға дейін- 
ақ қалаған деуімен келісуге болады.
«Алаш», «Алашорда», «алаш қозғалысы» проблемалары бойынша жария- 
ланған жоғарыдағы еңбектердің сатылы сипатын айта келіп, проблеманың 
тарихнамасында құпиялардың тым көп кордаланып қалғанын атап өткен жөн. 
Қ Р ҮҒА -ны ң корреспондент-мүшесі К. Нұрпейісовтің әділетті атап өтке- 
ніндей, ең алдымен «алаш козғалысы» терминінің мәні әлі де толы к айкын 
емес.
М әселен, М. Қойгелдиев «алаш козғалысы» ұғымын, бір жағынан, тұтас 
алғанда XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттык козғалыс деп, екінші жағынан 
«Алаш» партиясын, Алашорда үкіметі — Халықтык кеңесті, бәрін косып ал- 
ғанда Алаш автономиясын бір мағынадатүсіндіреді.72
Проблеманы Д. А манж олованы ңтүсінуі бірш ама баскаш а. «Қ азақты ң 
ұлттык Алаш козғалы сы ны ң дамуында, — деп атап өтеді зерттеуш і, — үш 
кезенді бөліп көрсетуге болады. 1905 жылы зи ялы ларды ң баты сты қ пи- 
ғылдағы либерал тобы бастаған ағы м ретінде пайда болы п, бірінш і к е ­
зенде (1905—1916 жылдар) ол консти туц иялы к-дем ократиялы кж ән е зем- 
стволы к жұртш ылы қты ң оппозициялы қ қозғалы сы арнасы нда дамыды». 
«Алаш тарихы ны ң келесі кезең і, он ы ң п ік ірін ш е, ұ зак қ а созы лм ады , 
б ірақ өте маңы зды болды, өй ткен і р еволю ц и ялы қ 1917 ж ы лға тұстас
45


келд і».73 Д. А м анж олова 1918-1920 жылдарды Алаш тарихы ны ң соңғы 
кезеңі деп санайды .74
К. Нұрпейісов «Алаш һәм Алашорда» монографиясында «Алаш» партия- 
сы бастауыныңтүп-тамыры 1905—1907 жылдардағы орыс революциясының 
кезінде жатыр деп атап көрсетеді. Ол «Алаш», «Алашорда» ұғымын ғасырдың 
басынан бастап қоғамдық-саяси аренада жұмыс істеген барлық қазак зиялы- 
ларына беталды қолдана беруге болмайды деп санайды. К. Нұрпейісов 1917 
жылғы екі революция арасындағы коғамдык қозғалысты ерекше бөліп атап, 
1917жылғы шілде — 1920 жыл аралығындағы «Алаш» козғалысыныңхроноло- 
гиялық шеңберін көрсетіп береді.75 Бұл ұғымдарды шағын және кең көлемде 
түсіндіру жалпы барлы қ авторлардың зерттеулерінде әр түрлі нұсқада 
кездеседі.
Ең алдымен, алаш қозғалысын жалпы алғанда ғасыр басындағы Қазақстан- 
дағы ұлт-азаттык козғалысы ретінде бейнелеушілер пікірінің дұрыстығы 
екіталай. Сөз жоқ, алаш козғалысы — оныңажырағысыз бөлігі. Сонымен бірге 
ұлт-азаттык козғалысы көптеген ағымдардан, соның ішінде либералдык пи- 
ғылдағы революциялық-демократиялық зиялылар ағымынан да кұралды.
Кейіннен Ә. Бөкейханов «Қырғыздар» деген макаласында былай деп атап 
отті: қозғалысқа «бір жағынан, орыс әдебиетімен тәрбиеленген, еуропалық 
мәдениетке сенетін зиялылар катысты. Екінші жағынан, шығыстыкортодок- 
ция мен үлттық-діни ерекшелік рухында тәрбиеленген зиялылар да бой 
көрсетті... Егер орыс зиялыларымен бірсыпыра ұксасты қжасайтын болсак, 
казак зиялыларының бірінші тобын — батысшылдар, екінші тобын түрікшілдер 
ж әне панисламизмді жактаушылар деп атауға болар еді».76
Сонымен 1905—1917 жылдың шілдесі аралығындағы уақыт казак зиялыла- 
рының либералдык, жалпы демократиялык козғалысының калыптасу, оның 
ішінде батысшыл алаш үйыткысыныңтоптасу кезеңі-болып табылады. Бірінші 
орыс революциясы барысында олар жаңа күш жинап, «Қазак» басылып шык- 
кан кезеңге карай болашактағы Алаш жактаушыларын өзтөңірегінетоптасты- 
рып алды. Алаш ұйыткысының калыптасуы өлкедегі бүкіл жалпы демократия­
лык козғалыска серпінділік пен жалпыұлттыксипатберді. Демек 1916жылдың 
орта шеніне дейін казак зиялылары және оның «Алашка» ұйыткы болған таң- 
даулы бөлігі жалпы алғанда біртұтас демократиялык ағым катарында болды.
«Алаш козғалысы» үғымын К. Нұрпейісовтің орынды атап өтетініндей, 
партияның, автономияның, оның үкіметінің кұрылу кезеңіне, сондай-аконың 
1920 жылға дейінгі большевизммен тайталасу кезеңіне колдануға болады.
Сол кезге карай казак демократиялык зиялыларының біртұтас ағымы бар- 
рикаданың карама-карсы жактарында түрған екі бөлікке жіктелген еді.
Алаш идеялары Алаш ордатаратылғаннан соңда өмір сүре берді. 20-жыл- 
дардан кейін де мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы күрес жалғастырыла берді. 
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, А.-З. Уәлиди, Н. Ходжаев және басқалар 
накты автономияға үмтылып, кеңестік куыршакреспубликалартабиғатына 
карсы күресті. Шетелде жүрген М. Ш окаев Түркістанды азат ету идеясы жо- 
лындағы күресті жалғастырды.
А.-З. Уәлиди (Тоған)өзестеліктерінде 1921 жылдыңтамызындажәдидтер 
партиясы, Өзбекстандағы «Ерік» социалистік партиясы және казактың «Алаш 
партиясы біртұтас «Орта Азия мұсылмандарының ұлттык-халыктык коғам- 
ды к орталығы» (кыскартылғанда — «Түркістан үлтык бірлестігі») болып 
біріккенін атап өтеді.77 «Жалпы тұғырнама» әзірленді. 1924 жылдың мамы-
46


рында «Үлттықбірлестіктің» шетелдік бюросы оның орталығы Түркияда бо- 
лады деп шешіп, М. Ш окаев оның Еуропадағы өкілі болып тағайындалды.78
Сонымен алаш козғалысының үшінші кезеңі, кең түсінікте алғанда 
Кеңестердің барлык алаштықтарды толық тал кандау және жекелеп жою кезеңі 
1921 жылдан 1941 жылға дейін жалғасты. Алаш зиялыларының Кеңестерге 
жасырын ж әне көрінеу қарсыласу тарихы осы кезге дейін де аз зерттелген.
XX ғасырдағы реформаторлық алаш козғалысы тарихын зерттеудің алға- 
шкы корытындыларын шығара келіп, былай деп санаймыз:
1. Алаш, Алашорда, алаш козғалысы тарихы - бүкіл XX ғасырдағы азат- 
тық қозғалысыныңтүйінді проблемасы.
2. Алаш қозғалысы өзінің әлеуметтіктүп-тамырлары, Ресейдің өмір шын- 
дығын ұғынуы, саяси бағдарлары жөнінен біртектес болған жоқ. Ол оңшыл- 
дар, орталыкшылдар және солшылдар болып бөлінді. Олардың арасында коз- 
ғалыстың еуропалық стандарттар бойынша жоғары білімді, өздерінің даму 
деңгейі жөнінен замандастарынан алға кеткен жетекшілері болды. Ол кезде 
азаггык козғалыс катарында өткен феодалдық-патриархаттык кезеңмен бай- 
ланысты адамдар, консервативтік ойдағы кайраткерлер де бар еді. Олардың 
арасында «Түркістан бірлігі», «Оңтүстік-шығыс мұсылман облыстарының 
федерациясы» дейтіндерді ж ақтауш ы ларж әнет.б, болды. Алаш ішіндегі әр 
түрлі бағьгггарды, олардыңтұғырнамасын, «Алаш» партиясының сыртқы дүни- 
емен, соның ішінде Ресейдің өз ішіндегі әр түрл і саяси ағымдармен байланы- 
старын барынша орнықты зерттейтін кез болды.
3. К азақ-қы рғы зсъезінің(5—12. 12. 1917 ж.) шешіміндебылай депж азы л- 
ған: «Казақ-қырғызавтономиясы «Алаш» деп аталсын».79 Алашорда Кеңесінің 
құрамына қырғыз халқының қайраткері Ж. Солтанаев енген80 (мұны проф. 
М. Қойгелдиев те дұрыс атап өткен). Қырғы зстанны ң солтүстік ауданда- 
рында «Алаштың» ықпалы мейлінше күшті болды, оларда «кырғыз коғамдык 
комитеттері» «Алаш» комитеттері деп кайта аталды.81 Алаштың Пішпектегі 
(казіргі Бішкек) филиалында 800 мүше болды. «Алаш» партиясының катысуы- 
мен «Қоқан автономиясы» қүрылды.82 Бүкілказақстандық II съездіңжұмысы- 
на татар, башқұрт азаттық козғалыстарының өкілдері катысты. Алаштықтар 
Өзбекстан мен Кырғызстанның шура-исламшылдарымен тығыз ынтымактас- 
тыкжасады.
Алаш козғалысы бүкіл түркілер дүниесіне ықпал етті. 1918 жылдың кырк- 
үйек айында Түркияның «Шығыс түріктері федерациясын» құруға әрекет 
жасағаны кездейсоқемес.83 Сонымен «Алаш» партиясының, Алашорданың 
жалпы түркілік табиғатын, «алаш козғалысындағы жалпы ж әне ерекше 
мәселелерді» зерттеу проблемасы туындап отыр. Алаш тың өз табиғаты 
жөнінен, бір жағынан, жалпы ресейлік, екінші жағынан, жалпы түркілік ма- 
ңызы бар кұбылыс екені күмән келтірмейді. Алаш, Алашорда тәжірибесі, өз 
тағлымдары арқылы бүкіл Шығыстың, Орталық А зияны ң азаттык козғалы- 
сын байытты. Келешекте ғалымдардың бүл проблеманы Ресей азаттық қозға- 
лысының, Орталык Азияныңтарихымен астастыра зерттеуіне тура келеді.
4. Алаш қозғалысының тарихы — Ресей империясындағы бүкіл азаттык 
козғалысытарихыныңқұрамдас бөлігі. Ғасырлартоғысында Ресей интеллек- 
туалдарының жаңа ұрпағы калыптасты. Бұл Ресей империясының барлык 
халыктары сана-сезімініңөсу кезеңі болды. Басыбайлылықты жою, земство- 
лык өзін-өзі басқаруды енгізу, монархиялык Ресейдің, баяу жөне қинала оты- 
рып болса да, конституционализм жолына түсуі, көппартиялылыктың пайда
47


болуы, П. А. Столыпин реформалары, рыноктық экономиканың құндылық- 
тарын кабылдаушы эр түрлі әлеуметтік топтар арасында либералдык идеоло- 
гияныңтаралуы, Ресейдің жаңғыру және еуропалану, парламентгік демокра­
тия жолымен баяу болса да, сеніммен ілгері басуы — қазақ реформаторлары- 
ның да жаңа ұрпағы тәрбие алған әлеуметтік-экономикалықсаяси орта бол- 
ды. Сонымен бірге Ә. Бөкейханов пен оның пікірлестері дүниежүзілік қоғам- 
ды қ ой-пікір жетістіктерін де қабылдады. Олар Француз революциясының 
«Адам және азамат құқықтарының декларациясы» идеясында тәрбиеленді.
Ә. Бөкейхановтың құқықтық мемлекетті жақтайтындығы оның заңға, жер 
меншігіне, отбасы мен некеге, әд етж ән е шариғат зандарына көзқарасынан 
айқын аңғарылады.
Ш ын мәнінде ұлттың көшбасшылары болған алаш зиялылары қазақ 
коғамының дәстүрлі мәдениетімен тығыз байланысты еді, шын мәнінде руха- 
ни ренессанстың ұйытқысы болатын. Олар ұлттық нәрсенің бәрін қызғыш- 
тай қоры ды , діни ф анатизм ге, ұлтш ылдық, нәсілш ілдік ж ән е өзге де 
соқырсенімдерге ұрынбады.
5. 
Алаш қозғалысына эволюцияшылдық, ағартушылық, отаршылдыкка 
карсылық, ұлтгық дербестікке ұмтылыс, буржуазиялық-демократиялықбос- 
тандыктарды қорғауға, ал екінші кезеңінде — автономизмге, ұлтгықегемендікке 
берілгендіктән.
Реформаторлық козғалыстың отарш ылдыққа қарсы мәні ауыл мұға- 
лімдерінен, семинаристерден бастап, Дала өлкесінің көрнекті діни кай- 
раткерлеріне дейін — қозғалыстың әлеуметтік негізін анықтап берді.
Алаштың, Алашорданың XX ғасыр басында ұлттық өзін-өзі билеудің, со- 
ның ішінде біздің тәуелсіздігіміздің негізін салған тарихының — Алаштың 
егемендік, ұлтгықтатулық, президеңттік басқару, құқықтық, зайырлы мем- 
лекет туралы, дінді мемлекеттен бөлу және басқалар туралы тәжірибесінің — 
бүгінгі танда да өшпес маңызы бар. Қазақстан жұртшылығының «Алаш», 
Алашорда, Алаш қозғалысы көшбасшыларыныңбірі А. Байтұрсыновтың 125 
жылдық мерейтойын мейлінше кең атап өтуінің ауқымы мен маңызын осы- 
мен түсіндіруге болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Тарихтолқынын- 
да» деген кітабында былай деп өте дұрыс атап көрсеткен: «Үлттық саяси ұйым- 
ның жасакталуының өзі отандық тарихымызда жеріне жете зерделенбей 
келеді. Оның үстіне кезінде «Алаш» партиясының жетекшілері ұсынған көпте- 
ген қағидалар күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр. Бұл ұлттық емес, 
патриоттық ұйым, алдына койған мақсаты казақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, 
оны осы заманғы шындыққа бейімдеу еді».84
Ресей жаңа дағдарыс пен революциялық сілкіністер кезеңіне еніп, ол про­
летариат диктатурасының орнатылуына әкеп соқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   460




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет