Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология институты


XIX ғасырдағы қазақ қогамының әлеуметтік-экономикалық және демо-



Pdf көрінісі
бет9/460
Дата27.09.2024
өлшемі47,68 Mb.
#145971
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   460
Байланысты:
Қаз тарихы 3 том

XIX ғасырдағы қазақ қогамының әлеуметтік-экономикалық және демо-
графиялық тарихы проблемаларын зерттеу. 
Ресей өзінің жаңа аумақтармен 
бірге көшпелі ж әне отырықшы қанша халық санына ие болғанын, олардың 
өмірінің эконом икалы к, саяси ж әне құқы қты қ жақтары ның негізі мен 
ерекшеліктері қандай екенін және қазақхалқыныңнегізін құрайтын баска да 
мәселелерді мықтап аныктап алуға тырысты.
Аудандардың экономикалык тұрғыдан әлеуетті мүмкіндіктерін анықтауға
24


айқын міндеттер қойылып, И. К. Кириллов бастаған алғашқы мекемелердіц 
бірі 1734 жылы құрылды. Ол Орынбор экспедициясыдеп аталды. Оған каты- 
сушылардың есептері — XVIII ғасыр тарихы бойынша аса кұнды деректер 
көзі.
XIX ғасырдың 60-жылдарындағы үш жүз бойынша казак, халкының саны 
туралы алғаш жарияланған мәліметтер А.И. Левшинде бар, ол 2,5 миллионная 
3 миллионға дейін деген цифр келтіреді.42 XIX ғасырда бұл мәселелермен стати- 
стикалы к комитеттердің қатысуш ылары: С ібір ведомствосы бойы нш а — 
М. Красовский, Орта жүз бойынша — М. Кузьминский, Бөкей Ордасы бойын­
ша - Я. Ханыков, Бөкей Ордасы мен Кіші жүз бойынша — И. Бларамберг, 
Сібір ведомствосы мен Орта жүз бойынша, сондай-ак Томск ж әне Тобыл гу- 
берниялары мен баска жерлерде көшіп жүретін казактар бойынша Ю. А. Га- 
гемейстер арнайы айналысты.43
Жаңадан иеленген аумакты мекендейтін халыктыңтарихы мен сол кездегі 
жай-күйіне деген ынта-ыкылас казактар туралы жалпы еңбектердің пайда 
болғанын көрсетеді. С. Броневский, В. Вельяминов-Зернов, А. Гейнс, В. Гри­
горьев, И. Завалишин, Л. Мейер, И. Казанцев, Н. Зеланд, Р. Игнатьев, Н. Гро- 
деков, П. Румянцев және тағы баскалардың еңбектері солардың катарына 
жатады.44
Казактар туралы олардыңтарихынан, әлеуметтік құрылымынан, тұрмы- 
сынан, рухани өмірінен, салықтөлеуі мен әдет-ғұрпынан бастап алуан түрлі 
мәліметгер бар жалпы ецбектермен катар казак қоғамының саяси, экономи- 
калык, кұкықтык жақтары мен мәдениеттің түрлі такырыптарының жекеле- 
ген мәселелерін арнайы және терендетіп көрсететін еңбектерде аз емес. Олар- 
дың бір бөлігі мерзімді басылымда жарияланған, ал басылымдар аукымы казак 
халқына деген ынта-ыкыласты ж әне ол жөнінде көбірек те кеңірек білуге 
қүштарлыкты көрсетеді. XIX ғасырдағы тарихнаманың тағы бір айтулы 
ерекшелігі Қазакстан туралы басылымдарға казак коғамы өмірінің әр түрлі 
жактары туралы назар аударарлық материал жариялаған казак зиялылары 
өкілдерініңтартылуы болды.
Кітаптар мен макалалардың едәуір көп бөлігінде қазактардың шаруашы- 
лык қызметінің негізі — көшпелі мал шаруашылығымен айналысуы туралы 
айтылады. Қазакгардың шаруашылығын Мұхамед-Ғалий Тәукиннің жан-жак- 
ты суреттеуі ерекше ынта-ыкыластуғызады. Н. Васильев Түркістан жағдайын- 
дағы көшпелі шаруашылыктың ерекшеліктері мен оның егінші коныстану- 
шылармен байланысын суреттеген. Ә. Бөкейхановтан, М. Ш ормановтан, 
А. Алекторовтан, В. Герннен казактардың тұрмысы мен мінез-құлкы, жаңа 
жағдайларда шаруашылыктың дөстүрлі әдістерін жүргізу киыншылыктары 
және оған бейімделуге тырысушылык жөнінде қызықты сипаттамалар таба- 
мыз. А. Добросмыслов пен Ә. Диваевтың еңбектерінде Торғай облысының 
мал шаруашылығы туралы бірегей материал бар.45 XIX ғасырдың басында 
қазақтар Қазакстанның оңтүстігінде, бүрын да егіншілік, оның үстіне суар- 
малы егіншілік болған Сырдария, Талас, Ш у, Сарысу, Іле бойында ғана айна- 
лысып койған жок, негізінен Орал, Торғай, Елек, Ор, Ертіс өзендері бойында 
егіншіліктің жаңа ошактары пайда болды. М. Венюков46 Қазақстанда болған 
соң «Орта және Үлы орда» казактары — номадтар, бірак көбісі Алтай, Тарба- 
ғатай, Калба жотасы, Ж оңғар ж әне Іле Алатауы өзендерінің бойында егін- 
шілікпен айналысады деп жазды. Егер XIX ғасырдың бірінші ширегінде 
егіншілікпен негізінен жатактарі, кедей егіншілер айналысса, ғасырдың орта-
25


сына карай егіншілік, соның ішінде шөп шабу қазақ ауылының неғұрлым 
ауқатты топтарының да ісіне айналады, егіншіліктің ұсақ мал шаруашылығы- 
нан артықшылығы айқын бола түседі. Егіншілік пен соған байланысты про- 
блемаларды бейнелейтін осы ж әне баска факторларды Т. Сейдалин, А. Алек- 
торов, Л. Чермак және баскалар ашып көрсетеді.47
XVIII ғасырдың соңғы ширегінен бастап патша үкіметі Қазақстанда хан 
билігін жойып, әкімшілік реформа жүргізуге ниеттенді. Бұл үрдіс әсіресе 1822- 
24 жылдары, «Сібір қазактары туралы жарғы» мен «Орынбор казактары тура- 
лы жарғы» бекітілген кезде ерекше белсенді жүргізілді, олар аркылы хан билігі 
жойылып, Орта ж үз ж әне Үлы жүздің бір бөлігі сырткы округтерге бөлінді, 
ал Кіші жүзде дистанциялыкжүйе енгізілді. Қазакстан аумағының ішкі отарға 
айналдырылуына карай Ресей 1867—68 жылдардағы Уакытша ережелер аркы­
лы казактарды баскару және бағындыру жүйесін бір ізге келтірді (Кдзакстан- 
ның оңтүстігін жаулап алғаннан кейін). Әкімшілік өзгерістермен бірге казак- 
тардың күкыктык ж әне сот жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Қазактардың 
дағдылы күкығының колданылу аясы күрт кыскарды, Ресей кұкығы басым 
мәнге ие болып, ол 1886, 1891 жылдардағы Ережелермен түпкілікті баянды 
етілді. Өлкенің бүкіл жер коры үстемдік етіп келген Шыңғыс ұрпактары хан- 
султан тегінің колынан алынып, Ресей империясыныңменшігіне көшті.
Замандастары кұқы кты к норм аларға Ресей отарлауы ны ң барлы к ке- 
зеңдерінде тұракты назар аударып отырды. М. Шорманов, Ә. Бөкейханов, 
Ж . А қбаев, И. И брагимов, Д. С ам оквасов, Г. Загряж ский , А. К рахалев, 
П. Маковецкий, Н. Максимов, И. Крафт, А. Добросмыслов, А. Мякутин жэне 
тағы басқалардың еңбектері деректі материалдың молдығымен ерекшеленеді.48
Жарияланымдардың едәуір көпшілігінде қазақтардың тұрмысы, коғамдык 
әлеуметтік кұрылымы, сауда және казактардың негізінен алғанда, мал шару- 
ашылығының шикізаты негізінде кәсіпшілікпен зйналысуы көрсетілді.
XIX ғасырдың 2-жартысынан бастап шаруалардыңәуелі бей-берекет түрде 
болып, сонан соң өкімет орындары бакылауға алған коныс аудару үрдісі XX 
ғасырдың басындағы жарияланымдардан жеке көрініс тапты.
Өлкені отарлаудың кұрамдас бөлігі — орыс шаруаларын Кдзакстанға коныс 
аудару саясаты кең аукым алды. Аграрлык катынастарды, егіншіліктің дамуы 
мен коныс аудару ісін неғұрлым егжей-тегжейлі зерттеуді кеңестік кезеңта- 
рихшылары, негізінен алғанда 50-жылдарда бастады. Бұл мәселелермен Ә. Тұр- 
сынбаев (Қ азакстандағы қоныс аударуш ы-ш аруалартарихынан. А., 1950), 
П. Верещагин (Патша өкіметінің Түркістан өлкесінің Сырдария облысын- 
дағы коныстандыру саясаты. М., 1950) айналысты, П. Ш арова, О. Ваганова, 
А. Геллер жэне баскалар макалалар жазды. Зерттеушілер коныс аударушылар- 
дың шыккан аудандарын, олардың әлеуметгік-экономикалыктұрпатын анык- 
тады, байырғы халыктан жердің жаппай тартып алынуы зерттеліп, коныстан- 
дырудын салдары айкындалды. Самодержавиенің мақсаттарын жүзеге асыру 
жолында 1907 жылғы казактарды жерге орналастыру жөніндегі кеңес маңыз- 
ды шара болды, ол Ф. А. Щербинаның 1896—1902 жылдар ішіндегі экспедиция- 
сының деректерімен келіспей, егістік жердің отарлык корын аныктау үшін 
ж аңа тексеріс жүргізуді талап етті. Столыпин саясаты егжей-тегжейлі 
зерттеліп, бүкіл Қазакстан аумағындағы тартып алынған жер көлемі анык- 
талды.
Тарихнаманың карастырылып отырған кезеңі мен тарихшылардың кейінгі 
жылдардағы еңбектері үшін Орта Азия мен Казакстанның казанға дейінгі
26


кезендегі тарихынаарналған Біріккен ғылыми сессияның (Материалдары..., 
Ташкент, 1955) айқындаушы маңызы болды. Сессияда әзірленген ұсыныстар 
«Қ азақСС Ртарихы ны ң» ( I -т., А., 1957)ж әне Е. Бекмаханов (Империализм 
кезеңіндегі Казақстандағы әлеуметтік-экономикалыққатынастар. А., 1957), 
С. Зиманов (XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың қогамдық құры- 
лысы. А., 1958), С. Толыбеков (XVII—XIX ғасырлардағы қазақтардың қоғам- 
дык-экономикалыққұрылысы. А., 1959) жазған әлеуметтік-экономикалы қ 
тұрғыдағы монография лардың негізіне алынды.
Е. Б. Бекмаханов сұлтандар, билер, қожалар мен молдалар, байлар, тархан- 
дар, батырлар санаттары жөніндегі әлеуметтік өзгерістердіңсерпінін зерттеді. 
Бұл орайда, автордың анықтағанындай, соңғы екі санат (тархандар мен батыр­
лар) XIX ғасырдың орта шеніне карай өзінің экономикалык ықпалын жоғал- 
тып, іс жүзінде өздерінің жеке әлеуметтік топ ретінде өмір сүруін тоқтаткан. 
Бай шаруашылығының мәніне өз көзқарастарын корғай келіп, автор ғалым- 
дармен екі бағытбойынша айтысты: бір жағынан, С. Толыбековтің, С. Зима- 
новтың байлардың XIX ғасырдан көп бүрын болғаны туралы пайымдаулары- 
на қарсы шығып, бұл көзкарасты сы ң арж ақ деп санады; екінш і ж ағынан, 
Е. Федоров пен А. Якуниннің Казақстан экономикасындағы к а п и та л и с т қаты- 
настарды асыра бағалап, бай шаруашылығында кедейленген ауылдастарынын 
тегін еңбегін «туыстык көмек» түрімен пайдалану фактілерін елемеген кағида- 
ларына қарсы шықты. Е. Бекмаханов казак ауылында патриархаттық-рулык 
тұрмыс саркыншақтары сақталып, феодалдық өндіріс әдісі үстемдік еткенін 
дәлелдеді.
С. Толыбеков пен С. Зимановтың монографиялары Қазакстанда дәстүрлі 
катынастар үстем болған кезендегі казак халкының әлеуметтік күрылымы 
мен шаруашылык қызметін зерттеуге үлкен үлес косты. Олар казакты ң мал 
шаруашылығы жағдайындағы өндіргіш күштерді зерттеп, негізгі өндіріс кұрал- 
жабдыктарын иелену ерекшелігін аныктады, тәуелдік нысандарын және стар- 
шындардың рулык институттарды өз мүдделеріне пайдалану принциптерін 
ашып көрсетгі.
Ғалымдар Ресейде капитализмнің дамуы кезеңінде, әсіресе реформадан 
кейінгі кезенде Қазакстандағы канаушылар тобының күрыльгмы алуан түрлі 
әлеуметтік топтар жүйесі болғанын, отарлаушы өкімет кызметке тарткан 
сүлтандардың, мал мен құнарлы жайылымдарды немесе ауыл шаруашылык 
өнімдерін өндейтін кәсіпорындарды иеленуші байлардың, ауылдағы сот билігін 
өз колында сактап калган билердің, міндетіне карамағындағы ауылдардан са- 
лык жинау кіріп, жергілікті шенеуніктік а п п а р а т а айналған старшындардың 
мүдделері тығыз ұштасып кеткенін көрсетті.
Қанаушылардың әлеуметтік топтарын негізгі өндіруші казак шаруала- 
рына көзқарас біріктірді. Оның үстіне мүнда канаудың ескі нысандары жа- 
ңаларымен ұштасып жатты. Бір ерекшелігі, коғамның үстем таптары ның 
аты аталған өлеуметтік топтарының ешкайсысы материалдык өндіріске 
катыспады.
Казак старшындарының билігінде жайылымдар сакталып қалды; олар көп 
мөлшерде мал жинады; көшпелі кауым мүшелерін өз дегеніне көндіріп отыр- 
ды. Сондыктан көшпелі және жартылай көшпелі ұжымдарға капитализмнің 
енуі реформадан кейінгі кезенде занды кұбылыс болып, 1917 жылға дейін 
Қазақстанда капитализм дамуыныңжалпы үрдісініңаякталмағанын аныктап 
берді.
27


Әлеуметтік-экономикалык тұрғыдан алғанда, Қазакстандағы аграрлық 
тарих ең көкейкесті және күрделі проблема катарында калып келді. Онымен 
Л . Әуезова, С. Сүндетов, В. Черников, А. Гинсбург және басқалар айналысты. 
Ресейдегі капитализм кезеңіндегі Қазақстанның аграрлықтарихыныңтүйінді 
проблемалары Б. Сүлейменов (XIX ғасырдың соңғы үштен бірі — XX ғасыр- 
дыңбасындағы Казакстандағы аграрлықмәселе. А., 1963) пен П. Г. Галузоның 
(1867—1914 жылдардағы Қазақстанның оңтүстігіндегі аграрлық қатынастар. 
А., 1965) еңбектерінде зерттелді.
Б. Сүлейменов монографиясының хронологиялык шеңбері 40 жылды 
(1867—1907) қамтиды. Онда самодержавиенің аграрлықсаясатының мәні және 
помещ иктер мен буржуазияның айкындамалары ашып көрсетіліп, казак 
ауылының отырықшылану тарихы мен әлеуметгік-шаруашылық қүрылысы- 
на талдау жасалған. Автор ауылда түрақты тұрғын үйлер және мал үстайтын 
қора-қопсы салу күшейе түскенін атап айтты, 1867—68 жылдардағы реформа- 
лар нәтижесінде кұрылған әкімш ілік ауыл мен шаруашылык ауыл арасын- 
дағы айырманы көрсетіп, олардағы канаудың нысандары мен әдістерін карас- 
тырған. Қ азақ ауылындағы капитализмнің таралу және халықтың жіктелу 
дәрежесін анықтау кезінде Б. Сүлейменов екі санатгы: шаруашылықтағы мал 
саны мен жалдама жүмысшылар санын басшылыққа алады. Ол патриархат- 
тык-феодалдық қатынастардың өміршендігі себепті ауыл кедейлері едәуір 
дәрежеде «рулық көмек» түрінде қаналып отырғанын атап өтті.
П. Г. Галузода Қазакстанныңоңтүстігіндегі аграрлыққатынастар неғұрлым 
кең көлемді хронологиялы к шеңберде, статистикалы к үлкен материал 
негізінде берілген. Қоныс аударушылардьщ рөлін ж әне соның салдарынан 
ж ер алап тары н ы ң кайта бөлінуін бағалағанда автор бұл үрдіс қазақ 
егіншілігініңдамуына, қазақтардың отырықшы шаруашылыққа көш уінете- 
жеу болғанын негізге алған.
Автор өлкені әскери-феодалдық баскару аппаратының рөлін мықтап 
көрсетіп, патша өкіметінің аграрлық зандарына егжей-тегжейлі сипаттама 
берген. Ауылдағы мүліктік теңсіздік пен жіктелісті қарастыра келіп, автор 
«қазақтарда егіншіліктің кең дамығаны сонша, олардың шаруашылығы сол 
кездің өзінде-ақ малшы-егінші бағыттағы үлгіге жақындады, ал ерекшелігі 
ауылдағы ірі байлық иелері жалдама еңбекті пайдаланатын кулактар түрпат- 
тас байлардан сараланбады десе де болады» деген тұжырым жасайды.
М онографияда өлкені казактардың отарлауына, Жетісу казак әскерінің 
тарихына едәуір орын берілген. Патша өкіметініғі қоныстандыру саясатын 
автор екі кезеңге бөледі: XIX ғасырда Ж етісуға ж әне Сырдария облысына 
шаруалар стратегиялы к ж әне әскери-саяси мақсат-мүддемен коныс ауда- 
рылса, XX ғасырда кедей және орта шаруалардың жер үшін күресін әлсірету 
мақсатында олар Ресейден көп мөлшерде көшірілді. Самодержавиенің коныс- 
тандыру саясатының салдарынан, — деп санайды автор, — көшпелі (мал 
өсіруші) ж әне отырықшы (егінші) ш аруашылық терең дағдарыс кезеңіне 
ұшырады. Ол «өндіргіш күш тердің орасан көп күйзелгенін, шаруалардың 
ерекше катты кайыршыланғанын» жазады. Алайда біздің ойымызша, ең бас- 
тысы — казактар шаруашылығының қайта кұрылуы тездетілді ме, ол мал 
шаруашылығынан малшы-егінші шаруашылықка ұласты ма — осыларды 
аныктау керек болатын. Осы сұракка объективті жауап алғаннан кейін ғана 
біз бүкіл коныстандыру саясаты мен жалпы алғанда оның нәтижелеріне не- 
ғұрлым дәл баға бере аламыз.
28


П. Г. Галузо Ресейден қоныс аударушы - шаруалардың К азақстанныц 
оңтүстігіне орналастырылғанға дейінгі мүліктік жағдайын, олардың жайғас- 
қаннан кейінгі саралануын, шаруашылығының түр-сипаты мен қоныс аудару- 
шылар поселкелеріндегі қанаушылық катынастарды зерттеді. Автор мынадай 
үзілді-кесілді тұжырым жасайды: «Егіншіліктехникасы жөнінен, — деп жаза- 
ды ол, - коныс аударушылар жергілікті шаруалардан, атап айтканда, қазақ- 
тардан озып кеткен жоқ. Олар ауыл шаруашылығында капитализмнің дамуы, 
капиталдың индустриялық нысандарының тууы жөнінен де олардан озып кет­
кен жоқ» (269-6.). Бұдан әрі «...ауыл шаруашылығында капитализм орыс 
поселкелеріне Караганда, казак ауылдарында неғүрлым дамыған еді» деген 
пікірге келеді. Автор өз пікірінің көпшілік зерттеушілердіңтұжырымдарына 
кайшы келетінін білді, алайда өз көзқарастарын корғады.
Тұжырымдарындағы елеулі айырмашылықтарға қарамастан, Б. Сүлейме- 
нов пен П. Г. Галузо коныстандыру мәселесін XIX—XX ғасырдың басындағы 
Ресей экономикасынатән өзгерістермен өзаратығыз байланыста алып кара- 
ды; қоныс аудару мәселесін Еуропалық Ресейдегі аграрлықтөңкеріс жағдай- 
ында ғана шешуге болады деген қорытындының куатталуы сондықтан.
1970 жылдардың аяғында Қазакстан дамуының аграрлық проблемаларына 
ден кою әлсіреп кетті ж әне тарихнамадағы бұл жағдай бүгінгі таңға да тән 
болып отыр.
Е. Ділмұхамедов пен Ф. Маликовтің, Е. Бекмұхамедовтың, М. Тұрсынова- 
ның, Г. Есенғалиеваның, М. Асылбековтің, Ц. Ф ридм анны ң еңбектері 
өнеркәсіп пен көлікті, сауданы ж әне қаржы саясатын Казакстанда пролета- 
риаттың қалыптасу проблемасымен тығыз байланыста алып зерттеудегі елеулі 
жетістіктерді дәлелдейді.49
Өлкені отарлау жағдайының мәні тау-кен өнеркәсібінде мейлінше толык 
көрінді. Е. Ділмұхамедов пен Ф. Маликов бүл саланың реформадан кейінгі уакыт- 
тағы даму ерекшелігін, оның өсу қиыншылықтарын қарастырған. Авторлар мұра- 
ғат материалдары негізінде XX ғасырдың басында кен-зауыт ж әне мұнай 
өнеркәсібіне монополистік шетел капиталының енуін, Спасск мыс рудалары 
акционерлік қоғамының, Атбасар мыс кеніштері акционерлік қоғамының, Рид- 
держәне Казак кен-өнеркәсіп қоғамы мен басқаларыныңтарихын зерделей білді.
Авторлар кен өндіру өнеркәсібінде жүмысшы кадрлардың қалыптасу 
ерекшеліктерін және олардың революциялық күресін көрсетуді өздерінің 
басты міндеті деп білді. Алайда авторлар Қазақстанда жұмысшы санының өсуі 
деректемелеріне көбірек катысты материалды баяндаған. Олар мұны казақ 
шаруаларының жіктелуі, табыс іздеп кетушілердің көбеюі нәтижесінде, 
майдагерлердіңжұмысшылар қатарына ауысуынан, Орал мен Сібір зауытта- 
рынан жұмысшылардың келуінен, кедейленген мещандар есебінен болды деп 
біледі. Авторлар 1838, 1870, 1895 жылдардағы жұмысшылар жалдау туралы 
алғашқы зандарды атаған; өкініштісі, олар фабрика зандарының мазмұнын 
ашып көрсетпеген. Олардың шамамен есептеп шығарған деректері бойынша, 
бұл өнеркәсіптегі жұмысшылар саны 1860—1880 жылдармен салыстырғанда, 
XX ғасырдың басында 2—3 есе өскен. Бірақ бұл цифрлар сенімді емес, өйткені 
олар әр түрлі жылдардағы әр түрлі деректерден құрастырылған. Ауыл шару- 
аш ы лы қ ш икізаты н ұксатумен айналы саты н барлы қ ж ұм ы сш ы ларды
өнеркәсіп пролетариатына косып есептеу мүмкіндігі де күдік келтіреді. Егер, 
мысалы, Сырдария облысының деректеріне қарағанда, онда 1906 жылы 900 
кәсіпорында небәрі 2000-дай адам жұмыс істеген, мұндай кәсіпорындарды
29


фабрикалар, ал олардыңжұмыскерлерін пролетарлар деп атауға бола қоймас. 
Авторлардыңеңбегіндегі өнеркөсіп пролетариатына әлеуметгік-экономика- 
лы қсипаттаманы ңайқы н болмауы, сондай-ақөнеркәсіп жұмысшыларының 
жалпы санын да (6,5 мың), салалар бойынша да есептеулердің негізіне алынғ- 
ан әр түрлі мұрағат материалдары мұқияттексеруді қажет етеді.
Е. Ділмұхамедов небәрі жүз жылдан аспайтын уақытмөлшерінде (1814— 
1917) Қазақстанда руда және көмір кен орындарының ашылу, түсті металлур­
гия мен кен ісініңдаму тарихын зерттеді. Онда экспедициялардың ұйымдас- 
тырылуы мен кен-зауыт кәсіпорындарының ашылуы туралы мәліметтер, 
кәсіпкерлердің белгілі бір кен орындарын сатып алуын ресімдеу кезінде жа- 
салған құжаттар, руда мен көмір өндіру, металл балкыту технологиясы тура­
лы мәліметтер, рудниктер мен кеніштердің техникалы қ-экономикалы қ 
көрсеткіштері, зауыттар мен рудниктердегі еңбек өнімділігі туралы деректер 
бар, Казакстанның кен өндіру өнеркәсібіндегі жұмысшылардың саны мен 
ұлттық құрамы қарастырылған.
Казақстанның 1917 жылға дейінтарихы аз зертгелген аудандарыныңбірі — 
Манғыстау, сондықтан М. Тұрсынованың монографиясы белгілі бір дәреже- 
де өзіне назар аударуды кажет етеді. Автор XIX ғасырдың бірінші жартысын- 
да көшіп жүруге мүмкіндігі болмаған казак отбасыларының калайша оты- 
рыкшылыкка көшіп, балык аулаумен айналысуға мәжбүр болғанын, артель- 
дерге біріккенін ж әне XIX ғасырдың екінші жартысында балық аулауды ғана 
емес, сонымен катар оны өндеу мен сатуды да өздерінің колына шоғырланды- 
рған балықөнеркәсіпш ілерініңоларды біртіндеп калайша қаратып алғанын 
көрсеткен. Автор артельдердің саны мен ұлттық құрамы туралы мәліметтер 
беріп, казақтар мен орыстарды ауыр жағдайдың езгіге салушыларға карсы 
бі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   460




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет