Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология институты


Ресейге қосылу немесе империя билігін амалсыздан мойындау проблема-



Pdf көрінісі
бет5/460
Дата27.09.2024
өлшемі47,68 Mb.
#145971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   460
Байланысты:
Қаз тарихы 3 том

Ресейге қосылу немесе империя билігін амалсыздан мойындау проблема-
лары. 
Кеңестік тарихнамада Казакстанды отарлаудың басталуы оның Ресей­
ге «косылуы» тұрғысынан пайымдалды. Кейбір авторлар мәселенің экономи- 
калы к жағына да, саяси себептеріне де мүлде терендеп бармай, оны тек ғана 
сырт жағынан карап, қосылу кездейсоқтан болды деп санады. Баска біреулері 
отаршылардың мүдделерін жақтап, патша өкіметінің, патшалык Ресейдегі 
үстем таптардың қазакхалқына қатысты «кұқықтары» мен «міндетгерін» іздеп 
табуға тырысты. Олар империялык идеяларды ашықтан-ашық уағыздап, бай- 
ырғы халыкты тек ғана жабайылар деп білді, сөйтіп олардың сан ғасырларға 
созылған дербес ж әне мәдени дамуын мүлде ескеіэмеді. «Біздің Орта Азия 
жерлерін алуымыз әсте де оп-оңай басып алу мен атышулы жеңістерге деген 
бір ғана қарбалас құлшыныспен жасалған жок, — деп баяндалады бір ресми 
кұжатга. — Біз Шығыска өркениеттің болмай қоймайтын табиғи заңымен бет- 
теп барамыз: білімді халык жабайылармен ешқашанда қатар өмір сүре алма- 
ған және алғашкылары колында күш-куаты барын сезінсе, соңғыларына олар- 
дың арасында мемлекет пен қоғам туралы жалпы адамзаттық ұғымдарды сіңіру 
үшін жол салушылар жіберіп отырған. Біздің даңкты әскерлерімізді Орта 
Азиядағы осындай жол салушылар деп санау керек екені даусыз».6
КСРО ыдырағаннан кейін, тәуелсіз мемлекеттер пайда болған кезде де 
империялык ойлауды көрінеу ж әне жасырын жақтаушылар Ресей отаршыл, 
империялык держава болған ж ок дегенінен айнымай келеді. «Ресей сол кезде 
де, кейінде де сөздің толык мағынасында қандай отарлар алып, иеленді деген 
ең карапайым сұрақка жауап кайтарып көріңіздерші» деп сұрайды тарихшы 
В. Виноградов пен Ресей Сырткы істер министрлігі тарихи-дипломатиялық 
баскармасы бастығының орынбасары И. В. Филатов «Отанымыздың өткен 
кезеңіне, Ресей империясыныңтарихына шолу жасағанда» деген макалада.7 
Бұл да бұрын жазылып келгендерге кайшы келеді. Бұл сүракка өз кезінде 
Ресей тарих ғылымының аталары Н. М. Карамзин, В. О. Ключевский жауап 
кайтарған болатын. Соңғысы «Ресейдің тарихы — отарланушы елдің тарихы» 
деп әбден айкын жазған еді.8
Қазакстанның Ресейге «косылуының» жекелеген мәселелері жөнінде казак 
ағартушылары Ш окан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин 
және олардың пікірлестері өз ойларын айткан.
12


Ш. Уәлиханов ұлы державалықшовинизмге қарсы шыкты, ал шовинизмді 
мейлінше жан сала корғаушылар Шығыс халыктарының екінші сорттылығы 
туралы, мемлекеттілік пен державашылдылыққа тандаулылардың құқығы 
туралы еуроцентршіл идеясымен қаруланған еді. Қазактардың дүниежүзілік 
өркениет тарихында алатын орнын анықтай келіп, Ш. Уәлиханов кейбір 
ресейліктердің қазақ көшпелілері туралы «мал сияқты тұрпайы варварлар» 
деген сияқты түсініктерін үзілді-кесілді теріске шығарды. «Біздің өдеттен тыс 
жабайылығымыз бен дөрекілігіміз туралы пікір, — деп жазды ол, - қырғыз- 
кайсақ деген сөздің ауызекі варваризміне ғана негізделген. Ш ынын айтканда, 
казак халқы орыс қоғамының бейбітшілік сүйгіш, демек, онша жабайы емес 
бұратаналары катарына жатады».9 Ғалымның пікірінше, оның бабалар тұрмы- 
сын бейнелейтін рухани мүрасының, әдет-ғұрыптарының, Гомердің поэтика- 
лык аңыздары сияқты тарихи қадір-касиеті бар. Ол «халыктың өткендегі та- 
рихи ж әне рухани өмірінің толык көрінісін» бере алады.10
Ш. Айтматовтың аныктауына Караганда, «акын, діндар, пайғамбар ж әне 
ағартушы, ғаламат ойшыл, надандык пен адам кемшіліктерін әш керелеп
кемсітілгендер мен қорланғандардыңтағдыры үшін күйінген, әділдікті өз бой- 
ында ұштастыра білген»11 ұлы Абай накыл сөздерінде үлттык дамудың басты- 
басты бағыттарын таратты. Ол отарлау кезінде халык ділінің өзгергенін 
көрсетті. Бүрынғы үлылык — батырлар заманы келмеске кетті. Құлдық пси­
хология, надандық, рухани бейшаралық кұлқы жеңіске жетті. Абай «бірін- 
бірі қуып, қор болмай, шаруа куып, өнер тауып, мал тауып зор болғандыкты 
армандады».12
Абайдың бүкіл поэзиясының мағынасы оның өз халкын аңсаған максаты- 
на, өркениетті халыктардың жетістіктеріне араласуға шакыру болды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   460




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет