10-сынып оқушыларына арналған сұрақтар Ежелгі дәуір әдебиетінің асыл мұраларын атаңыз. «Алып Ер Тұңғаны жоқтау»



Pdf көрінісі
бет19/20
Дата28.09.2024
өлшемі1,05 Mb.
#146011
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
10 synyp suraktar (1)

67.
 
 Н. Орманбетұлының «Сарыарқа, сайран жерім-ай» өлеңіндегі 
заман кейпін талдаңыз
:
 
Ақынның «Сарыарқа, сайран жерім-ай» өлеңінде 
қазақ жұртының ауыр қайғысы суреттеледі. Бұл қайғы 1916 жылғы 
патшаның июнь жарлығының әсерінен туған болатын. Ақынның көңілінде 
мұң, сөзінде аңсау бар. Өткенді сағыну, еске алу, сол күніне наразылығы бар. 
Астарында тек жанында сабырлылықты медеу еткен халықтың келбеті 
жатыр. «Ай!» дегенінің өзінен-ақ көрініп тұр. Сарыарқаның кең жазира 
даласын, өткелді өзенін, салқын самалының киесін асқақтатқан бұл жырда 
ұлт кешіп жатқан ауыр уақыт айтылады. 
68.
 
Әнші-ақындар шығармашылығына мысал келтіріңіз: 
Әнші- 
ақындар поэзиясы – қазақ әдебиетіндегі ерекше дәстүр. 
Әнші-ақындар поэзиясының ерекше дамыған кезі – 19 ғасырдың 2-
жартысы мен 20 ғасырдың басы. Қазақстанның әр өлкесінен шыққан 
өнерпаздар халыққа өнер көрсете жүріп, әншілік-өнер мектептерін, орта 
дәстүрін орнықтырды. Арқадағы Біржан сал мен Ақан сері маңына бір 
шоғыр талантты топ жиналса, Маңғыстауда «Адайдың жеті қайқысы» 
деген атпен белгілі сал-серілер – Шолтаман, Тастемір, Досат, Тұрсын, 
Жылкелді, Әділ, Өскінбай ел аралап өнер көрсетті. Әнші-ақындар 
композиторлық дарынмен бірге тыңдаушысын арбап алатын сазы, 
құдіретті даусымен жұртшылыққа танылған. Көпшіліктің ықыласына 
бөленген. Біржанның «Әңгіме сегіз дуан таңырқаған», «Пар келмеген еш 
әнші тіпті маған», Әсеттің «Әсеттей сал, ән салсаң, аңыратып, Орман, 
тоғай, өзенді жамыратып», «Әуелетіп ән салса, әнші Әсет, аққумен 
аспанда тілдеседі» деуі тегіннен тегін шықпаған. Олар қазақ әнінің классик, 
биікке жетіп, формалық, әуендік жағынан байи түсуіне шексіз үлес қосқан. 
Арқадағы үлкен әншілік орта Біржан сал, Батыс Қазақстандағы өншілік 
мектеп Мұхит атымен, Сыр бойындағы гармонмен айтылатын бір мақам 
дәстүрі Нартаймен байланысты. Әнші-ақындар көбіне пәк таза 
махаббатты, сұлу әйел сипатын жастық шақ, жігіттік арман, ар-намыс 
бостандығын жырлауға ден қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет